1. Оқушылардың ұжымдық шығармашылық іс-әрекеті тәрбие әдісінің


Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылығын



бет7/20
Дата16.05.2020
өлшемі289,5 Kb.
#68974
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   20
Байланысты:
doc1544434474 (1)
doc1544434474 (1)
2. Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылығын іс – әрекетін ұйымдастыру арттыру және жолдары

2.1 Оқушылардың ұжымдық шығармашылық іс – әрекетін


ұйымдастыру жолдары
Жеке тұлға әртүрлі іс-әрекет арқылы дамып қалыптасады. Іс-әрекет-адамның айнала қоршаған ортаға қарым-қатынасын белсенді түрде білдіретін ең маңызды форма.

Іс-әрекетті дұрыс ұйымдастыру, оның өмірге көзқарасының дұрыс қалыптасуына әсер етеді.

Оқушылардың ұжымдық іс-әрекеті – бұл нағыз өмір мектебі. Ұжымдық іс – әрекет арқылы оқушылардың қоғамдық өмірге қажетті білім, іскерлік дағдысы қалыптасады.

Ұжымдық шаралар неғұрлым көп ұйымдастырылса, ұжымның беріктігі соншалықты болады. Әрбір шара бір-біріне, қоршаған ортаға, достарына қамқор болуға үйретеді. Ұжымдық шығармашылық іс-әрекетте оқушылар алдарына қойған мақсаттарды орындауда бірігіп ізденеді, жоспарлайды, ұйымдастырады. Шығармашылық іс тек көз алдау үшін жасалмайды, онда балалардың күш-жігері жаңа мүмкіндіктері, ұшқыр ойлары көрініс береді

Әрбір шығармашылық іс өзінің сипатына қарай бір-бірінен ажыратылады.

1. Еңбекке баулитын шығармашылық іс. Оның негізгі мақсатыайнала қоршаған орта туралы балалар білімін молайту, қуанышты өмір негізі еңбек екендігіне балалардың сенімін, көзқарасын қалыптастыру, еңбекті өз еркімен, шығармашылықпен істеуге үйрету.

2. Танымдық – қабілет пен білімді дамытатын шығармашылық-іс. Танымдық шығармашылық іс өмірде әлі сыры ашылмаған, анықталмаған беймәлім нәрселерді, жұмбақтарды ұжымдық түрде береді. Танымдық шығармашылық іс оқушылардың білімге ұмтылуын, табандылығын, байқағыштығын шығармашылық ойлауын, рухани байлығын дамытады.

3. Көркем өнерге баулитын шығармашылық іс. Бұлшығармашылық іс мақсатты түрде балалардың эстетикалық талғамын дамытып, өнерге деген рухани мәдениетін көтеріп , жан дүниесін байытады.

4. Спорттық шығармашылық іс.

Спорттық шығармашылықшаралардың басты тәрбиелік мәні балаларды спорттық сауықтыру шараларына, дене тәрбиесі сабақтарына шынайы көзқарастарын дамытып, қоғамның қуатты мүшесі болуға дайындау. Спорттық шығармашылық іс шапшаңдық, ептілік, шыдамдылық, батылдық ерлік қасиеттерінің қалыптасуына көмектеседі.

Шығармашылық шараларды ұйымдастырудың мынандай маңызды жақтары бар.

 1. Балалардың өз өмірін өздері басқара білуге сенімін қалыптастыру.

2. Оқушылардың ойлауын, қиялын дамыту.

3. Оқушыларды өз беттерімен шешім қабылдауға үйрету.

4. Бала бойындағы қорқыныш, үрей сезімдерін жойып, өзіне деген

сенім туғызу.

5. Оқушыларды әртүрлі өнер саласына баулу.

6. Оқушылардың күлкі, әділ – сықақ сезімдерін дамыту.

7. Бала бойындағы рухани күшінің басым жақтарын байқату.

Әрбір істе балаларға өз шығармашылығымен қатысуына, ізденуіне мүмкіндік беруіміз керек. Бала ойы таза шындықтан құралады. Бала тазалығы жай аңқаулық емес, тәжірбиесіздік, бағалылық. Кейде үлкендер бала жан дүниесіне өзіміздің ой жүйемізді күштеп ендіріп бала психикасына әсер етіп отырамыз. Ал баланың әрбір істегі шығармашылығы үлкен жетістік. Әрбір педагог өз тәжірбиесін бала күш-қуаты, шығармашылығымен біріктіруі қажет.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет