8. Білім берудегі мәдени сәйкестілік принципі. Мәдениет түрлері \ Мид бойынша. Білім беру мен мәдениет ең тығыз байланыста «білім беру институтының қалыптасуының ең бірінші сатыларының өзі табыну (культ), ғұрыптармен байланысты: сол кездегі мәдениет ұдайы өндіруді (өсуді) талап етіп отырған...» Бұл жай ғана шартталыну емес, бұл өзара мәнді байланыс, ол білім берудің дамуы мен қызмет етуінің негізгі принципі «мәденисәйкестілік» принципінен көрінеді. Бұл жерде білім беру ең алдымен «...адамның ұдайы өндірілу (өсуі) немесе қоғамдағы адам мәдениетінің ұдайы өсуі» міндетін атқарушы әлеуметтік институт ретінде қарастырылады
М. Мид осы негіздеме бойынша мәдениеттің үш түрін ажыратады: постфигуративті, кофигуративті және префигуративті .
Постфигуративті мәдениетте (қарапайым қоғамдар, кішкентай діни қоғамдастықтар, анклавтар және т.б.) балалар ең алдымен, өздерінің алдындағылардан үйренеді. Постфигуративті мәдениеттер дегеніміз үлкендердің өздері ешқандай өзгерістер елестете алмайды, сол себепті олар өз ұрпағына өздері өткен «өмір сабақтастығының» тек жылжымас сезімін береді, бұл – «олардың балалары үшін болашақ схемасы».
Мәдениеттің кофигуративтік түрі бойынша, балалар да, үлкендер де өздерінің құрдастарынан үйренеді дегенді ұйғарады. «Бұл мәдениетте берілген қоғамға жататын адамдардың мінез-құлығының басымды моделі олардың замандастарының мінез-құлығы болып табылады»
Префигуративтік мәдениет, мұнда да «үлкендер өз балаларынан үйренеді», бұл біз тұратын уақытты көрсетеді, дейді М. Мид. Бұл елесте алынатын мәдениет, бұл болатын әлем. Білім беру балаларды өткендегі құндылықтарды сақтап және сабақтастыра отырып, осы жаңаға дайындауы қажет, себебі ұрпақтар байланысы - өркениеттің тарихы.
9. Жаңа білім беру парадигмасының принциптері. «Парадигма» - латынның мысал деген сөзінен шыққан. Бұл білімнің концептуалды моделі ретінде пайдаланылады. Білім парадигмасының көп тараған түрлері аз емес. Оларға мыналар жатады:
1. Дәстүрлі-консервативтік (білім парадигмасы);
2. Феноменологиялық (гуманистік парадигмасы);
3. Рационалдық (тәртіптілік парадигмасы);
4. Технократтық;
5. Эзотерикалық.
Әрбір парадигма «не үшін тәрбиелеу керек, оқушыларды қандай мақсатқа дайындау керек, не үшін өмір сүреміз» деген сұрақтарға жауап береді.