12. Л.В.Занков жүйесі бойынша дамыта оқыту
Л.В. Занков жүйесіне сәйкес бастауыш мектептің негізгі мақсаты - баланы жалпы дамыту. Ал жалпы даму деп байқампаздығын, ойлауын дамыту және практикалық іс – әрекетті меңгеруі қабылданады. Сондай – ақ ақыл, ерік – жігері, сезімдерінің дамуы алынады. Осы тұста мұндай көзқарасты ұлы Абай да уағыздап кеткендігіне тоқталған жөн. Қоршаған ортаның шындығын мойындай отырып, Абай ақыл мен сана еңбек барысында қалыптасатындығын айтады. Ол адамның ішкі сезімді қуаттарын біртұтас етіп алады. Оның он жетінші сөзіндегі қайрат, ақыл жүректің сөз таластыруына тек бірлесіп ынтымақтасқан жағдайда ғана күш алатын үш түрлі жан құбылысын әдеби – публицистикалық тұрғыдан көрсеткенін байқаймыз. Бұдан бұл мәселенің ұлттық психологиямыз бен философиямызда да ежелден көтеріліп келе жатқандығын көруге болады. Мазмұндағы өзгерістер оқу жоспарын тарих, география сияқты пәндердің енуімен қамтамасыз етеді. Ал дәстүрлі пәндердегі сабақ материалдары пропедевтикалық бағытта тереңдей ұсынылады. Бұл жүйе бойынша “негізгі, қосымша” пәндер деген ұғым жоқ. Әр пән баланың жаңа қырларын ашып, оны дамытуға өзінше үлес қосады деп табылады.
13. Д.Б. Эльконин және В.В. Давыдов бойыша дамыта оқыту.
Бұл технология – күрделі құрылымды, біртұтас педагогикалық жүйе. Оның нәтижесінде әр оқушының өзін - өзі өзгертуші субьект дәрежесінде көтерілуі көзделіп , оқыту барысында соған лайық жағдайлар жасалынады. Дамыта оқытудың дәстүрлі оқытудан айырмашылығы:көздеген мақсатында, мәнінде, мазмұнында, дамытудың негізгі факторында, мұғалімнің рөлі мен атқаратын қызметінде, әдіс – тәсілдерінде, оқушының білім алу белсенділігінің түрінде, оқу үрдісінің мүшелерінің әрекеттестік ерекшеліктерінде, олардың қарым – қатынас сипатында, танып – білу үрдісін ұйымдастыру және ондағы коммуникациялар түрлерінде, т.б [10].
Әлемдік педагогиканың, көбінесе, жүгінетіні – Л.С.Выготскийдің идеяларына негізделген В.В.Давыдов пен Д.В.Эльконин және Л.В.Занковтың дамыта оқыту жүйелері. Л.С.Выготскийдің идеялары Еуропа елдерінің көптеген университеттерінің педагогика факультеттерінде оқытылады.Дамыта оқыту – білім беру мекемесінің әрбір сабақта, күнделікті қарым – қатынаста,мектепте және мектептен тыс істе асырылатын өзекті мақсаты, сонымен қатар, болашақты болжаған оқушы тұлғасын өзіндік жетілдіруіне, өзіндік қалыптасуына жеткізетін амал.Оқушы тұлғасының дамуы түсінігіне оның қалыптасуына, біртұтастығына және бөлек бөліктеріне (сезімділік, зерде, ерік, құндылықтар, білімділік және тәжірибе, т.б) поэзитивті өзгерістер енеді Даму дегеніміз – материалдық және идеялық объективтілердің қайтымсыз, нақты бағытталған, жаңа сапаның пайда болуына алып келетін заңды өзгерісі. Егер жаңа сапа қандай да бір қатынаста ескіден озса, онда дамудың прогрестік, ал егер ескіге жол берсе, регрестік түрі келбетінде тұрады.
Достарыңызбен бөлісу: |