4. Педагогикалық психологияның міндеттері мен мәселелері. Зерттеу мәселелері
1. Оқыту мен тәрбиенің өзара байланыс мәселесі
2. Дамудағы сензитивтік кезең мәселесі
3. Балалар дарындылығы мәселесі
4. Баланы педагогикалық қараусыз қалдыру мәселесі
5. Балаларды мектептегі оқуға даярлау мәселесі
6. Оқытуды жекелендіру мәселесі
7. Мұғаліммен тәрбиешіні психологиялық және педагогикалық дайындау
8. Әлеуметтік адаптация, әлеуметтік реаблитация
Педагогикалық психологияның міндеттері:
1. Оқушының интеллектуалдық және тұлғалық дамуына оқу тәрбие беру процесі әсерінің механизмін және заңдылықтарын зерттеу
2. Оқушының әлеуметтік мәдени тәжірибені меңгеру механизм және заңдылықтарын зерттеу
3. Оқушылардың оқу қызметін ұйымдастыру басқару ерекшеліктері және осы процесте интеллектуалдық тұлғалық даму мен оқу танымдық белсенділікке әсерін аңықтау
4. Педагог қызметінің психологиялық қызметін зерттеу
5. Дамыта оқытудың атап айтқанда ғылыми теориялық ойлаудың механизмдерімен заңдылықтарын анықтау.
6. Білім беру заңдылықтары шарттары мен өлшемдерін аңықтау. Олардың негізінде әртүрді міндеттерді шешу процесінде қызметтің операциялық құрамын қалыптастыру.
7. Білім беру жүйесінің барлық деңгейлерінде білім беру процесін ары қарай жетілдірудің психологиялық негіздерін жасау.
5. Педагогикалық психологиядағы зерттеу әдістері: бақылау, эксперимент, қалыптастырушы және анықтаушы эксперимент, тест. Бақылау әдісі – әр түрлі табиғи жағдайда жеке тұлғаның іс-әрекеті мен қылықтарын қабылдаудың негізінде мақсатты зерттеу. Социометрия кіші топтардағы әлеуметтік құбылыстарды зерттеудін жеткілікті дәрежеде танымал әдісі болып табылады. «Социометрия» термині латын тіліндегі: socius - дос, серіктес жэне metrum - өлшеу деген екі түбірдің қосындысынан құралған.
Əңгімелесу – зерттеудің əр стадиясында алғашқы бағдарлама негізінде қорытындылауды дəлелдей түсу, басқа əдістерінен алынған мəліметтерді пысықтау жəне кеңейту үшін қолданылатын сұрақтамалық əдістің бір түрі жəне алғашқы байланыс орнату, проективті тестілерді жүргізудің алғышарты.
Интервью – əңгімелесу негізінде жинақталған белгілі бір формадағы түрі. Интервью сұрақтамасы белгілі бір тəртіпте орындалып, белгілі бір аспектіні ғана қамтиды.