2. Пәннің қысқаша мазмұны: / Краткое описание дисциплины:
Микроэкономика – экономикалық теорияның бөлімі, мұнда нарықтың экономикалық ойыншыларының – тұтынушылар мен өндірушілердің қылығы, сонымен бірге олардың экономикалық мақсаттарының үйлесу механизмі қарастырылады. Курс құрылымында тұтынушы қылығының теориясы, фирманың теориясы, өндіріс факторлары нарықтарының теориясы және ондағы бағаның құрылу мәселелері қамтылған. Осы курстың тақырыптары сонымен қатар нарықтық құрылымдардың түрлерін – монополия, олигополия, монополиялық бәсеке және жетілдірілген бәсекені, олардың бәсекелік ортада артықшылықтық позицияларды сақтап қалу ерекшеліктерін талдайды. Жеке түрде нарықтық қатынастардың ақауларын жою мақсатында мемлекеттің қызметі қарастырылады: сыртқы нәтижелерді реттеу құралдары, үйлесімсіздік ақпаратты болдырау шаралары, қоғамдық игіліктерді ұсыну.
Достарыңызбен бөлісу: |