11. Емтихан сұрақтары
Өсімдіктер анатомиясы мен морфологиясы бөлімі бойынша
1. Ботаниканың зерттеу пәні мен объектісі.
2. Ғылыми жүйедегі ботаниканың орны.
3. Ботаниканың міндеттері.
4. Ботаниканың қысқаша даму тарихы.
5. Ботаниканың негізгі бөлімдері.
6. Өсімдік жасушасының құрылысының жалпы сипаттары.
7. Жасуша пішіндері мен көлемі.
8. Пластидтер, олардың структурасы, биологиялық маңызы.
9. Жасуша қабықшасы, функциясы мен маңызы.
10. Жасуша арлық қуыстар. Шұрықтар.
11. Жасуша қабықшасының соңғы қалыңдауы.
12. Ұлпаның жалпы сипаттамасы және классификациясы.
13. Түзуші ұлпа.
14. Жабындық ұлпа, классификациясы мен негізгі элементтері.
15. Сорып алушы ұлпа.
16. Механикалық ұлпа.
17. Ассимиляциялық ұлпа.
18. Ішкі және сыртқы бөліп шығаруы ұлпа.
19. Өткізгіш ұлпа, өткізгіш шоқ.
20. Ұрық және өскін.
21. Тамыр, оның функциясы, морфологиялық құрылысы. Тамыр жүйесі.
22. Тамырдың алғашқы анатомиялық құрылысы.
23. Тамырдың соңғы құрылысы.
25. Өркен және өркен жүйесі.
26. Өркеннің бұтақтануы.
27. Жапырақтың орналасуы.
28. Жапырақ морфологиясы мен классификациясы.
29. Жапырақ тақтасының анатомиялық құрылысы.
30. Сабақ, оның құрылысы мен функциясы.
31. Сабақтың алғашқы құрылысы. Стелярлы теория.
32. Сабақтың соңғы құрылысына ауысу және камбий қызметі.
33. Көп жылдық ағаш тектес өсімдіктер сабағының құрылысы.
34.Өркен метаморфозы: каудекс, тамырсабақ, түйнек, пиязшық, мұртша, суккуленттер өркені..
35. Өсімдіктердің көбеюі.
36. Өсімдіктердің көбею түрлері.
37. Вегетативті көбею әдістері.
38. Спора арқылы көбею.
39. Жыныстық үрдіс және циклы.Ұрпақ алмасу мен ядро фазаларының ауысуы.
40. Өсімдіктердің тұқым арқылы көбеюі.
41. Гүлдің құрылысы, функциясы және шығу тегі.
42. Гүлдің бөліктері, олардың орналасуы және морфологиялық алуантүрлілік.
43. Гүлқоршауы, оның құрылысы мен биологиялық маңызы.
44. Андроцей. Аталықтың шығуы мен эволюциясы.
45. Тозаңның морфологиялық алуан түрлілігі.
46. Микроспорогенез, микроспора мен и аталық гаметафиттің түзілуі.
47. Гинецей. Гинецейдің түрлері.
48. Аналықтың жасалуы мен құрылысы. Тұқым бүршіктің құрылысы мен шығу тегі.
49. Мегаспорогенез, Аналық гаметафиттің құрылысы мен шығу тегі.
50. Гүл диаграммасы и формуласын құрастыру принциптері
51. Тозаңдану. Өсімдіктің әртүрлі тозаңдану әдістеріне бейімделу жолдары.
52. Ұрықтану және тұқымның түзілуі.Қосарлы ұрықтану.
53. Ұрық пен эндоспермнің дамуы.
54. Жемістің жалпы сипаттамасы, оның құрылысы мен биологиялық маңызы.
55. Жемісті классификациялау принципі.
56. Жеміс пен тұқымның таралуы.
57. Эвалюция үрдісінде вегетативті мүшелердің дамуы.
58. Фототрофты өсімдіктердің мофлологиялық эволюциясының ерекшеліктері.
59. Ылғалға, сустратқа және күн сәулесіне байланысты экологиялық топтары.
60. Раункиер, Серебряков ұсынған өсімдіктердің тіршілік формаларының классификациясы.
61. Өсімдіктердің маусымдық және жастық өзгерістері.
Өсімдіктер систематикасы бөлімі бойынша
Авто- және гетеротрофтылар, продуценттер, редуценттер, консументтер ұғымдарына түсінік
Прокариоттар мен эукариоттарға сипаттама
Төменгі сатыдағы өсімдіктердің жоғарғы сатыдағы өсімдіктерден айырмашылығы
Көк-жасыл балдырларларға қандай құрылыс және экологиялық ерекшелік тән?
Анабена, хроококк, мерисмопедия, глеокапса т.б. балдырлардың құрылыс ерекшеліктерін қысқаша түсіндіріп, систематикалық орнын ата.
Фотосинтез үрдісі қалай жүреді және оның өнімі не?
Көк-жасыл балдырлардың табиғаттағы, адам өміріндегі және теориялық маңызын мысалдармен түсіндіру.
Жасыл балдырлардың басқалардан ерекшеліктері неде? Улотрикстің тіршілік циклі? Вольвокстің жыныссыз және жынысты көбею арқылы түсіндіру.
Энтероморфа мен драпарнальдия балдырларының құрылыстарындағы ерекшеліктерді түсіндіру.
Сифонокладалықтардың негізгі өкілдерін атап, олардың өзара айырмашылықтарын көрсету.
Кладофораның клетка құрылысының ерекшеліктері қандай?
Спирогира балдырларының жынысты көбею механизмін түсіндіру.
Десмидиялар қатарына қандай балдырлар жатады.
Хара балдырының анатомиялық құрылысы қандай?
Хара балдырының талломының күрделі құрылыста болуы немен сипатталады?
Хризомонадалыларға қандай құрылысты балдырлар жаталы және оларды қандай ерекшеліктеріне қарай жіктейді?
Хризомонадалы балдырдың клетка құрылысының ерекшелігі қандай?
Көбею үрдісі мен қоректену тәсілдері қалай жүреді?
Пирофитті балдырлар қандай белгілері арқылы басқа бөлімдерден ерекшеленеді?
Осы бөлімге жататын балдырлар өкілдерінің жасуша құрылысын, көбею ерекшеліктерін салыстырмалы түрде айтып беріңіз ?
Мезакариотты ағзаларды қалай түсінесіз, олар қандай балдырлар?
Сауытты қабық деген не, оның құрылысы қандай?
Диатомды балдырлардың таксономиялық жүйесін (классификациясы) жазып, сызбанұсқасын келтіріңіз?
Центрикалық класының өкілдерін басқа диатомды балдырлардың бірнеше өкілдерімен салыстырып, айырмашылығын көрсетіңіз?
Диатомды балдырлардың жасуша құрылысы қандай, фотосинтез үрдісі нәтижесінде қандай қор заттары жиналады?
Қоңыр балдырлардың таксономиялық жүйесін (классификациясы) жазып, сызбанұсқасын келтіріңіз?
Талломадырының құрылысының күрделенуі қалай болады?
Фукустарда ұрпақ алмасуы неге болмайды, ядро фазаларының ауысуын түсіндіріңіз?
Қызыл балдырлардың басқа балдырладан негізгі бес айырмашылығы неде?
Ұрпақ алмасуы (изоморфты, гетероморфты) қалай жүреді, мысалдармен түсіндіріңіз?
Ауксилярлы жасушалар мен ообластемді жіпшелерінің атқаратын қызметтері неде?
Жыныс мүшелерін не деп атайды, олардың құрылыстары қандай?
Ядро фазаларының ауысуын түсіндіріңіз?
Оомицеттер класына тән ерекшеліктер (құрылысы, көбеюі, экологиясы) қандай?
Фитофтора қалай көбейеді?
Оомицеттердің табиғатта және адам өмірінде қандай маңызы бар?
Мукор саңырауқұлағы қай жерлерде кездеседі?
Зигомицеттердің эволюциясы екі бағытта жүргені белгілі. Ол қандай бағыттар?
Зигомицеттердің тұрмыста қандай маңызы бар?
Аскомицеттер класының таксономиялық жүйесі?
Ашытқы саңырауқұлағының табиғаттағы, адам өміріндегі маңызы қандай?
Пеницилл мен аспергилдің негізгі айырмашылық белгілері қандай?
Склероций қастауыштың дамуындағы қандай кезеңін бейнелейді?
Қастауыштың құрамында қандай улы заттар бар және олар қандай аурулар туғызады?
Гименофор, гимениальды қабат деген не, ол қандай қызмет атқарады
Қандай саңырауқұлақтардың гименофоры пластинкалы, түтікшелі?
«Мыстан шеңбер» деген не?
Қандай қаракүйелер, қандай өсімдіктерге, қандай аурулар туғызады?
Қаракүйенің шаруашылыққа келтіретін зияны қандай?
Пикнидиоспора қандай роль атқарады? Эцидия қалай пайда болады?
Қынаның морфологиялық, биологиялық, экологиялық ерекше ағза екенін түсіндіру.
Қыналарды неге «өсімдік пионері» деп атайды? Қына қалай қоректенеді?
Мүктәрізділердің классификациясын (қазақ, орыс, латын тілдерінде) жазу? Маршанцияның тіршілік циклінде гаметофитімен спорофиттің алатын орны қандай және даму циклінің қай кезеңінде гаплоидты фаза диплоидқа ауысады және керісінше?
Жасыл мүктердің құрлық жағдайында тіршілік етуіне байланысты спорофитінде қандай бейімдеушілік белгілері пайда болып дамыған? Маршанцияның лептесігінің құрылысы қандай және ол не қызмет атқарады?
Көкек зығырының қауашағының құрылысын сипаттау? Көкек зығырының даму циклының сызбанұсқасын жазу? Торф мүгінің құрылыс ерекшелігі және оның тіршілік ету ортасы мен байланысы қандай?
Сфагнумның антеридийі, архегонийі өркен бойында қалай орналасады? Сфагнумның гаметофиті мен спорофитін ата және олардың тіршілік циклінде ара қатынасы қандай?
Сфагнумның ересек гаметофитінде ризоидтарының болмау себебі не және ол субстратқа қалай бекіп, тіршілік етеді? Сфагнумның спорофит фазасы неден басталады және редукциялық бөліну қай жерде орындалады?
Плаунтәрізділердің классификациясын (қазақ, орыс, латын тілдерінде) жазу? Бірдей споралы плаунның морфологиялық, анатомиялық құрылыс ерекшеліктерін ата?
Түйреуішбас плаунның даму циклының сызбанұсқасын жазып, гаплоид және диплоид кезеңдерін көрсету? Селагинелланың морфологиялық және анатомиялық құрылысындағы ерекшеліктерін анықтап түсіндіру?
Қырықбуынтәрізділердің классификациясын (қазақ, орыс, латын тілдерінде) жазу? Далалық қырықбуынның жасыл сабағының анатомиялық құрылыс ерекшеліктерін сипаттау?
Қырықбуынтәрізділер бөлімінің жалпы сипаттамасы және өсімдіктер жамылғысында алатын орны қандай? Қырықбуынның спорофиті - спора түзуші масақшасының құрылысын түсіндіру?
Қырықбуынның жынысты көбеюі қалай және қандай жағдайда өтеді?
Қырықбуынның көбею түрлерін атап, споралар арқылы көбеюін түсіндіру?
Папоротниктәрізділердің классификациясын (қазақ, орыс, латын тілдерінде) жазу? Кәдімгі папоротниктің спорофитінің құрылысы, өсу ерекшелігі, жапырақтарының даму ұзақтығы қандай?
Папоротниктің жапырақтарының құрылыс ерекшеліктерін, шығу тегін түсіндіру. Жыныс мүшелерінің орналасуын, құрылыстарын, гаметаларын, ұрықтануын, ұрықтың дамуын сипаттау?
Сальвинияның морфологиялық және анатомиялық құрылыс ерекшеліктерін түсіндіру. Суда тіршілік етуіне байланысты сальвинияның құрылысымен спора түзуінде қандай айырмашылықтар бар екенін атап көрсету?
Ашық тұқымдылардың классификациясын (қазақ, орыс, латын тілдерінде) жазу? Қылқанжапырақтылардың басқа ашықтұқымдылар тобына қарағанда қандай морфологиялық ерекшеліктері бар?
Ашық тұқымдылар бөліміне тән ерекшеліктерін сипаттау.Ашық тұқымдылардың тұқым бүрінің құрылысында түрлі споралы папоротник тәрізділердің мегаспорангиясына қарағанда қандай айырмашылықтары бар?
Қарағайдың аталық және аналық гаметофиті қалай пайда болады және оның құрылысы қандай? Қарағайдың тозаңдану және ұрықтану процестерінің ерекшеліктерін сипаттау?
Магнолийдтер класс тармағына қандай қатарлар мен тұқымдастар жатады және оларды біріктіретін негізгі белгілер қандай?
Сарғалдақтар тұқымдасына жататын негізгі туыстарды атау? Күйдіргі сарғалдақтың ерекшеліктерін сипаттау? Жатаған сарғалдақтың ерекшеліктерін сипаттау?
Розагүлдер тұқымдасына тән құрылыс ерекшеліктері қандай? Розагүлдерге тән гинецейдің қандай типтері бар және олардан қандай жемістер пайда болады? Розагүлдерге тән қандай гүлтабандары бар және олардың жеміс құраудағы ролі қандай?
Итмұрындар, алмалар, қараөріктер тұқымдас тармағының тіршілік формаларының, вегетативті мүшелерінің, гүлінің, жемісінің ерекшеліктерін түсіндіріп гүлінің формуласын жазу. Негізгі өкілдерін атау?
Құлқайырлар тұқымдасының маңызды туысы - мақтаның морфологиялық құрылыс ерекшеліктерін, гүлдеу процесін түсіндіру. Құлқайырлар тұқымдасына жататын өсімдіктердің гүл құрылыстарының еекшеліктерін түсіндіру?
Шатыргүлділердің гүлдері мен гүл шоғырларының құрылыстарындағы тән ерекшелік белгілерді атап түсіндіру. Шатыргүлділердің жемістерінің құрылыс ерекшеліктерін атап түсіндіру. Шатыргүлділердің зигоморфты гүлі бар өкілін атап құрылысын түсіндурі.
Гүл құрылысының ерекшеліктерін түсіндіру? Жуан жемтамыр құрайтын шатыргүлділерді атап, жемтамырының құрылыс ерекшеліктерін түсіндіру. Шатыргүлділерге жататын улы, бағалы өкілдерін атап, құрылысы ерекшеліктерін түсіндіру.
Тал және терек туысының морфологиялық құрылысындағы негізгі ерекшеліктерді атап түсіндіру? Қандай түрлерін білесіздер? Қандай дақыл өсімдігін «Дала аруы», «Дала оты», жапондықтар «Биік нан» деп атаған?
Басқа өсімдік топтарына қарағанда алқа тұқымдасының морфологиялық, анатомиялық тән ерекшелік белгілерін атап сипаттау. Күлте, тостағаншаларының құрылыс ерекшеліктеін түсіндіру.
Алабұта тұқымдасының гүлдерінің, гүлшоғырларының, тұқымдары мен жемістерінің морфологиялық құрылыс ерекшеліктерін атап көрсету? Алабұта тұқымдасына жататын көптеген өкілдерінің жел арқылы тозаңдануға көшуі немен байланысты? Алабұта тұқымдасына жататын ағаш өсімдіктерін атап, олардың морфологиялық, биологиялық ерекшеліктерін түсіндіріп, практикалық маңызына тоқталу.
Крестгүлдердің басқа тұқымдастарға қарағанда айырмашылық белгілерін атап түсіндіру. Крестгүлдердің жемістерінің эволюциялық дамуы қай бағытта жүргенін түсіндіру.
Крестгүлдердің өсімдіктер жүйесіндегі алатын орны қандай? Крестгүлдердің анатомиялық құрылысындағы ерекшеліктерін түсіндіру.
Крестгүлдердің жапырақтарының пішіндері мен орналасу ерекшеліктеін түсіндіру. Крестгүлдердің гүл құрылысының ерекшеліктерін түсіндіру.
Асқабақ тұқымдасының басқа тұқымдастарға қарағанда айырмашылық белгілерін атап түсіндіру. Асқабақ тұқымдасына жататын өсімдік өкілдерінің гүлдерінің, гүлшоғырының және жемістерінің құрылыс ерекшеліктерін түсіндіру.
Күрделігүлділер тұқымдасының өсімдіктер жабындысындағы алатын орнын, рөлін түсіндіру.Осы тұқымдастың жоғары дамыған белгілерін атап түсіндіру.
Күрделігүлділердің гүлінің, гүл шоғырының, жемістерінің, гүлорам жапырақтарына тән ерекшелік белгілерін атап түсіндіру. Күрделігүлділердің гүлдерінің себетгүлде орналасуына қарай қандай типтерге бөлінеді?
Даражарнақтылар класына тән құрылыс ерекшелік белгілерін атап түсіндіру. Лалагүл тұқымдасына тән морфологиялық құрылыс ерекшеліктерін атап түсіндіру.
Лалагүлділер тұқымдасына жататын түрлерінің, жеке өкілдерінің жер астылық метаморфозданған өркендерін атап, оларды түсіндіру. Жуалар қандай ерекшелік белгілеріне қарай жеке тұқымдас рангасына көтерілгенін түсіндіру.
Қияқөлеңдер тұқымдасының тән ерекшелік белгілерін атап түсіндіру. Сабақ, жапырақтарының морфологиялық ерекшеліктерін, орналасу жағдайын түсіндіру. Гүлінің, гүл шоғырларының құрылыс ерекшеліктерін, гүл серігінің.
Қияқөлең тұқымдастарының қандай туыстары қосжыныстылар, қандай туыстары дара жыныстыларға жатады? Тұқымдас көлеміндегі өкілдерінің жемістері қандай жолдармен таралып өсіп жетіледі?
Қияқөлеңдер тұқымдасының жыныс мүшелерінің орналасу жағдайларын түсіндіру. Протоандрия және протогиния деген ұғымдарды қалай түсінуге болады?
Астық тұқымдасының қазіргі кездегі классификациясын атап түсіндіріңіз. Қандай дақылдардың сабақтарының ішкі қуыстары ұлпалармен толы болып келеді? Мысалдармен түсіндіріңіз.
Астық тұқымдасының тіршілік ету формаларын атап түсіндіріңіз. Астық тұқымдасы өкілдерінің масақтары мен масақшаларының құрылыс және орналасу ерекшеліктерін түсіндіріңіз.
Қандай ерекшелік белгілеріне қарай астық тұқымдасын қоңырбастар және тарылар тұқымдастармағына бөледі? Гүл қабыршақтарындағы қылтанақтар (қылтықтар) деген не, олардың қандай түрлері мен маңызы бар?
Достарыңызбен бөлісу: |