1. ПӘн туралы жалпы мәліметтер: Пән оқытушысы



бет20/51
Дата07.02.2022
өлшемі1,67 Mb.
#85397
түріҚұрамы
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   51
Байланысты:
Академиялық жазу Силлабус сканер

Бекіту сұрақтары:

  1. Ғылыми жұмыстың қорытынды бөлімінде қандай сұрақтар қарастырылуы қажет, мысал келтіріңіз

  2. Қорытынды бөліміндегі қарастырылатын ұсыныстар мен тұжырымдардың мазмұны қандай болу керек

  3. Мысалға бір тақырыпты таңдап, оның қорытынды бөлімін құрыңыз және оның мазмұнын сипаттаңыз

Әдебиет: (1,2,3,4,5,6)


15 тақырып.Түйіндеме және оның жазу жолдары (1 сағат)
Тақырыптың негізгі сұрақтары
1. Түйіндемені жазудың жолдары
2. Түйіндемені рәсімдеудің тәртібі

Түйіндеме – бұл өзге біреулер шолу ретінде пайдалануы мүмкін жұмыстың немесе мақаланың қысқаша мазмұны. Ол сіздің оқырманыңызға мақала не туралы екенін түсінуге көмектеседі және оның көмегімен адамдар нақты жұмысты таба алады, әрі өздерінің белгілі бір мақсаттарына жету үшін оның көмегі бола ма, болмай ма, соны шешеді. Егер де түйіндемеге өзіңіздің жазған жұмысыңыздың жай мазмұны деп қарасаңыз, онда ол өте жеңіл орындалады. 1) Ең алдымен, мақаланың өзін жазыңыз. Түйіндеме жұмыстың басында болғандығына қарамастан, ол мақаланың түйіндемесі қызметін орындайды. Бұл сіздің тақырыпқа кіріспе емес, мақалада не жазғаныңызға шолу жасау. Кіріспе мен түйіндеме – бұл мүлде екі бөлек нәрселер. Ғылыми жұмыста кіріспе негізгі идеяны немесе мәселені таныстырса, түйіндеме, әдістер мен нәтижелерді қоса ала отырып, мақаланы/ дипломдық жобаны тұтас қарастыру үшін қызмет етеді. Егер сіз өзіңіздің мақалаңыздың не туралы болатынын білемін деп болжасаңыз да, ғылыми жұмыстауды әрқашан соңына қалдырыңыз.


Сіз жазу керек түйіндемеінің түрін анықтаңыз. Негізі барлық түйіндемелер бір ғана мақсатты орындау үшін қызмет етсе де, ғылыми жұмыстаудың сипаттамалы және ақпараттық деген екі негізгі стилі бар. Сізге басшылыққа алатын нақты стильді көрсеткен болар, егер де олай болмаса, сізге дұрыс бағытты өзіңізге табуға тура келеді. Әдетте, ақпараттық түйіндемеілер көлемді зерттеулер үшін, ал сипаттамалы түйіндемеілер қысқа мақалалар үшін қолданылады. Сипаттамалы түйіндемелер сіздің жұмысыңыздың мақсаты мен міндеттерін, қолданылған әдіс-тәсілдерін түсіндіреді, бірақ нәтижесі бар бөлігін қамтымайды. Ақпараттық түйіндемелер барлық сіздің зерттеулеріңізді нәтижелерімен бірге шолуға арналған мақалаңыздың ықшамдалған нұсқасынан тұрады. Олар сипаттамалы түйіндемеіден анағұрлым көлемдірек және бір параграфтан толық бір бетке дейін көлемнен тұруы мүмкін. Екі стильде де мазмұндалған негізгі ақпарат бірдей, басты ерекшелігі нәтижелер тек ақпараттық түйіндемеіге енгізілген, ал ол сипаттамалы түйіндемеіден анағұрлым көлемдірек.
Түйіндеме – бұл оқырманға бірқатар материалды қарауға және ақпараттың өзіне қажетті зерттеу міндеттерін таңдауға мүмкіндік беретін қысқаша мазмұндама. Осы ретте түйіндеме жарияланыммен қоса жүретін болғандықтан, оқырманға ұсынылған жазбаша жұмыстың бір бөлігін ғана қамтыса да, мағыналық жағынан дербес болуы керек. Сондай-ақ жазбаша тапсырманың бір бөлігі ретінде түйіндеме жазуға болады. Түйіндеме жазудың бірнеше жалпы ережесі бар: - түйіндемеіні титулдық беттен кейін жеке бетке жазыңыз; - парақтың ортасына үлкен әріптермен ТҮЙІНДЕМЕ деп жазыңыз; - негізгі жазбаша жұмыстың көлеміне байланысты 150-200 сөз түйіндеме жазыңыз; - ғылыми стильді ұстаныңыз, жұмыстың негізгі мазмұны мен мәніне қатысты қысқа сөйлемдерді, тірек сөздер мен фразаларды пайдаланыңыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   51




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет