1. ПӘн туралы жалпы мәліметтер: Пән оқытушысы



бет17/51
Дата07.02.2022
өлшемі1,67 Mb.
#85397
түріҚұрамы
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   51
Байланысты:
Академиялық жазу Силлабус сканер

Бекіту сұрақтары:

  1. Ғылыми жұмыстың кіріспесін жазудың тәртібін түсіндіріңіз

  2. Кіріспенің мазмұны қалай жазылуы қажет

  3. Кіріспенің құрылымын сипаттаңыз

Әдебиет: (1,2,3,4,5,6)


12 тақырып.Параграф және оның құрылымы (1 сағат)
Тақырыптың негізгі сұрақтары
1. Параграфты жазудың жолдары
2.Параграфты жүйелі жазу

Диплом жұмысын (жобаны) бөлімге және параграфтарға (тарауға, тараушаларға) бөлу қажет. Әрбір параграфта аяқталған ақпараттан тұруы қажет. Бөлімдердің атаулары диплом жұмысының (жобаның) тақырыбын ашып көрсетуі, ал параграфтардың атаулары өзі сәйкес бөлімінің тақырыбын ашып көрсетуі тиіс. Бөлімдер мен бөлімшелердің атаулары олардың мазмұнын нақты және қысқаша дәріптеуі тиіс. Бөлімдер мен бөлімшелердің тақырыптарын абзацтан кейін бас әріппен, аяғында нүкте қоймай, астын сызбай басу қажет. Егер де атаулар екі сөйлемнен тұрса, оларды нүктемен бөледі. Диплом жұмысының (жобаның) бөлімдерінің барлық құжаттың өн бойында абзацтан кейін араб сандарымен белгіленіп нүктесіз қойылған реттік нөмірлері болуы қажет.


Параграфтар бөлімдер аясында нөмірленуі қажет. Бөлімше нөмірі, нүктемен бөлінген бөлім мен бөлімше нөмірлерінен тұрады. Бөлімше нөмірінен кейін нүкте қойылмайды. Бөлімдер екі немесе бірнеше бөлімшеден тұрады. Диплом жұмысының (жобаның) әр бөлімі жаңа парақтан (беттен) басталуы қажет. Бір бөлімнің ішіндегі параграфтар бір-бірінен мәтіннен екі жол төмен түсіріліп бөлінеді.
Пайдаланылған әдебиет жұмыста төртбұрышты жақшаның ішінде беріледі. Диплом жұмысының (жобаның) беттері және қосымшасы, диплом жұмысының (жоба) құрамына кіретін барлық беттерінде нөмірлері болуы қажет.
Диплом жұмысын (жоба) ресімдеу тәртібі Диплом жұмысы (жобаны) баспа тәсілмен компьютер, принтер арқылы А4 пішімді ақ қағаздың бір жақ бетіне бір интервал (аралық) сақтай отырып орындалады. Шрифт-қалыпты, кегль 14, Times New Roman. Диплом жұмысының (жобаның) мәтіні жан-жағынан қалдырылатын ашық орындардың (поля) мына мөлшерлерін сақтай отырып басылуы тиіс: сол жағы - 30 мм, жоғарғы жағы - 20 мм, оң жағы - 10 мм төменгі жағы – 20 мм. Әрбір тарауды жаңа беттен бастау керек. Параграфтар мен тармақтардың мәтінін жеткілікті орын болған жағдайда аяқталмаған беттің бос бөлігіне басуға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   51




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет