Бекіту сұрақтары:
Плагиаттан сақтанудың жолдары қандай
Плагиат болмауы үшін сілтемелерді қалай қолдану керек
Ғылыми жұмысты жазу барысында авторлардың еңбектерінен үзінді алу үшін сілтемемен рәсімдеудің жолдары қандай
Әдебиет: (1,2,3,4,5,6)
10 тақырып.Гипотеза және оны құру (1 сағат)
Тақырыптың негізгі сұрақтары
1. Гипотеза құру түсінігі
2.Гипотезаны құруда қолданылатын әдістер
Болжам (гипотеза) дегеніміз – тәжірибелік айғақтармен салыстыра карағанда, теріске шығарылуы мүмкін білімдер. Болжамдық-дедуктивтік әдіс жақсы математикалық дайындықты талап етеді. Ол қазір физикада, электротехникада, радиотехникада, экономикалық ғылымдарда кең қолданылады. Болжамдық-дедуктивтік әдісті қолдануға мүмкін болмағанда, сипаттау әдісіне жүгінуге тура келеді. Зерттелетін нысанның «келбеті» сөзбен, графикамен, сызбамен берілуі мүмкін. Қазір зерттеушінің ойы болжамдық-дедуктивтік әдісті қолданғаннан гөрі, тура тәжірибе мәліметтеріне жиірек жүгінуге мәжбүрлейді. Сипаттау әдісі филологияда, биологияда, медицинада, психологияда, әлеуметтануда қолданылады. Егер сипаттау әдісі болжамдық-дедуктивтік әдіс деңгейіне дейін көтерілетін болса, оны әрқашан да жеңіс деуге болады. Болжамдық-дедуктивтік әдістің талаптарына бағынбайтын кейбір ерекше күрделі құбылыстарды зерттеуде сипаттау әдісі тиімді болуы мүмкін. Ғылыми негізделген әдістерді саналы түрде қолдану жаңа мәліметтер алудың аса маңызды шарты болып табылады. Танымның даму үдерісінде ғылыми ойлау жүйесінің индукция, дедукция, талдау, жинақтау, аналогия, салыстыру, салғастыру, эксперимент, бақылау және басқа да әдістері жасалып қалыптасты. Нақты ғылым түрлерінің арнайы әдістері де болады, өйткені олардың зерттеу нысандарына тән өзіндік ерекшеліктері бар. Талдау (анализ) дегеніміз – нысанды (объектіні) бірнеше құрамдас бөліктерге бөліп алып, оларды жеке зерттеу. Ондай бөліктер ретінде нысанның белгілі бір заттық элементтері немесе оның қасиеттері, белгілері, қатынастары алынуы мүмкін. Нысанның заңдарын айқындау үшін алдын ала оның маңызды және екінші қатардағы белгілерін ажыратып алу керек. Олардың жалпы нысан құрылымы мен ұстанымында алатын орнын айқындау керек.
Нысанды тұтастық ретінде тануда оның құрамдас бөліктерін зерттеумен шектелуге болмайды. Таным үдерісінде олардың арасындағы объективтік мәнді байланыстарды ашу, оларды жинақтап, бірлікте қарастыру қажет. Таным үдерісіндегі осы екінші кезеңді жүзеге асыру нысанның жеке құрамдас бөліктерін зерттеуден оның біртұтас байланысқан жағдайын зерттеуге көшуге, талдау әдісін өзге әдіспен, яғни жинақтаумен алмастыруға байланысты. Талдау аяқталған жерде жинақтау басталады. Жинақтау (синтездеу) кезінде нысанның талдау жасау кезінде ажыратылып тасталған құрамдас бөліктері қайтадан біріктіріледі. Талдау мен жинақтау бір-бірінен бөлек операциялар емес, мәніне қарай олар танымның аналитикалық, синтетикалық әдісінің екі жағы болып табылады. Индукция ойдың жалқыдан жалпыға қарай бағытталуын, дедукция кері бағытта, ойдың жалпыдан жалқыға қарай бағытталуын сипаттайды.
Достарыңызбен бөлісу: |