Жинақталған мәліметтерді талдау технологиясын түсіндіріңіз
Зерттеу жұмысы бойынша талданған мәліметтерді қорытындылау және сипаттау
Әдебиет: (1,2,3,4,5,6)
8 тақырып.Ғылыми жұмыстың сыни тұрғыда жазылуы(1 сағат) Тақырыптың негізгі сұрақтары 1.Сыни тұрғыда ойлаудың ерекшеліктері
2.Сипаттамалық жазылым
3.Сыни жазылым
Жоғарғы оқу орындарында оқу барысында ескерілетін жәйттің бірі сыни тұрғыдан ойлана білу. Сыни тұрғыдан ойлану кез келген тақырып жөніндегі тұжырымдарды, пікірлерді, ұстанымдарды талдау арқылы түсінуге бағытталған сқрақтардан тұрады.Нәтижесінде сыни тұрғыда қойылған сұрақтарға алынған жауаптар студенттің жоғары деңгейде ойлануына және белгілі бір нәтижеге жетуіне ықпал етеді.
Сырт қарағанда бәрі дұрыс сияқты көрінгенімен, зерттеу жұмысында жетіспейтін нәрсе бар, ол нәрсе – мәселеге деген сыни көзқарас. Бұл жағдайда сіз қандай да бір ғалымның (ғалымдардың) теориялық тұжырымдарын баяндап беріп отырсыз, бұл, әрине, дұрыс, бірақ жұмысыңыз тек ғылыми жұмыста сипатында ғана қалып отыр. Кез келген ғылыми жобада ғылыми жұмыста элементі болуы тиіс, алайда кәсіби жұмыс үшін бұл жеткіліксіз. Сіздің мәтініңізде келтірілген ұстанымдарға қатысты сыни баға болуы міндетті. Сыни аргументсіз жақсы жұмыс шықпайды. Сыни аргументті түрлі тәсілдер арқылы беруге болады. Мысалы, түрлі авторлардың көзқарастарын қарама-қарсы қойып, екі көзқарасты салыстыру арқылы өз ұстанымыңызды көрсетуге болады.
Келесі тәсіл – мүлде басқаша. Сыни аргументті бірінші жақтан беріп, өз тұжырымдарыңызды теориялық дәйектемелер арқылы дәлелдеп беруге болады. Егер сіздің зерттеуіңіз эмпирикалық сипаттағы жұмыс болса, құрылымы сәл өзгереді. Алдымен зерттеу тақырыбыңызға байланысты қандай да бір тезис ұсынылады. Кейін қолданылған деректердің сипатын ашатын әдістемелік бөлік жазылуы тиіс.
Сыни ойлау психологиясын зерттеуші ғалым Д. Халперн: «Сыни ойлау – ойлаған нәтижеге жету үшін танымдық техникаларды пайдалану арқылы шығармашылықпен әрі қарай бағыттай ойлану» деген ой айтады
Ғылыми жұмыс авторы нақты емес дәйексөзді қолдана отырып, сілтеме жасалған жұмыстың мәтінін өз сөзімен береді. Мұндай дәйексөз тырнақшаға алынбайды, бірақ жұмысқа міндетті түрде сілтеме жасалады. Мысалы, Қазіргі кезде студенттің өз бетінше жұмыс істеуінің маңызы артты, себебі аудиториялық сағаттар көлемінің айтарлықтай деңгейде қысқаруы, осыған орай студенттің өзіндік жұмысына (СӨЖ) бөлінетін сағаттың көбеюі студенттің өз бетінше білім алуы мен өзін-өзі дамыту қабілетін, өз бетінше еркін сыни ойлау дағдысын қалыптастыруға мүмкіндік береді