Түйіндеменің ғылыми жұмыстың сенімді ақпарат беруіне қандай негіздемелер қажет сипаттама беріңіз
Мысалға өзіңіздің бір ғылыми жұмысыңызға арналған түйіндемеңізді жасап шығыңыз
Әдебиет: (1,2,3,4,5,6, 7, 8, 9,10, 11)
8.2. СЕМИНАР/ ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚТАР( ZOOM ОНЛАЙН)
1 тақырып. Академиялық жазу және оның ерекшелігі (2 сағат ) Тақырыптың негізгі сұрақтары: Академиялық жазу ұғымы, түсінігі.
Академиялық жазу мақсаты мен міндеттері.
Академиялық жазудың ерекшелігі.
Академиялық жазу және ғылыми стиль.
Әдістемелік нұсқау. Берілген тақырып бойынша студенттер материалдар жинақтап, жинақталған ақпараттарды тезис түрінде рәсімдейді. Тезисті әрбір студент жеке-жеке дайындайды. Тезис 3 беттің(А5 форматында) көлемінде жазылуы тиіс. Тезистің мазмұны келесідей талаптармен жазылуы қажет: тақырыптың мақсаты, міндеті, проблемалары көрсетіліп, оның шешу жолдары (тұжырымдар) ұсынылуы қажет. Соңында әдебиеттер тізімі берілуі шарт. Тезистің мәтінінде әдебиеттерге сілтеме жасалуы керек.Тезистің рәсімделу шарттары: титулдық бетте жұмыстың атауы, автор(-лар)дың аты-жөні, автор туралы қысқаша анықтама (студенттің тобы, курсы, автордың электрондық мекен-жайы) көрсетіледі. Осы талаптармен рәсімделген тезистіZOOM платформасындабаяндайды.