1. ПӘн туралы жалпы мәліметтер: Пән оқытушысы



бет9/51
Дата07.02.2022
өлшемі1,67 Mb.
#85397
түріҚұрамы
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   51
Байланысты:
Академиялық жазу Силлабус сканер

Бекіту сұрақтары:

  1. Зерттеу тақырыбын дұрыс таңдаудың ережесін қалай түсінесіз

  2. Зерттеу жұмысыныңалға қойған мақсатын, міндетін түсіндіріңіз

  3. Зерттеу тақырыбын таңдауда мәселені анықтауда қандай тұжырымдарға көңіл бөлу қажет

Әдебиет: (1,2,3,4,5,6)


4 тақырып.Академиялық жазу үдерісі(1 сағат)
Тақырыптың негізгі сұрақтары
1. Ғылымижұмысты жазуды жоспарлау
2.Ғылыми әдебиеттерге шолу
3.Зерттеу үдерісі:зерттеу сұрағы, мәліметтерді зерттеу,жоспарлау, жұмысты жазу,

Жазу әрекетінің (жазылымның) басымдықтары мынада: - хабарлауға қажетті ақпарат туралы барынша жан-жақты ойлануға және зерттеуге уақыт береді; - материалды өз қалауыңызша құрастыруға, өзгертуге мүмкіндік береді; - материалды неғұрлым нақты және тиімді етіп құрастыруға мүмкіндік береді; - ойларыңызды, әрекеттеріңіз бен шешімдеріңізді тіркеуге, қағаз бетіне қалдыруға мүмкіндік береді; - материалмен танысатын оқырманның уақытын үнемдеуге жағдай жасайды, жазба материалмен оқырман кез келген өзіне қолайлы уақытта таныса алады, оның үстіне адамның көбі естіген ақпараттан гөрі оқыған ақпаратты тез игереді. Біз жазба жұмысты, әдетте, қандай да бір жағдайға байланысты жазамыз. Оқытушы, ғылыми жетекші, бастық жазбаша жұмыс (конспект, ғылыми жұмыста, есеп, талдау т.б.) жазуды талап етуі мүмкін немесе жазба жұмысын орындау белгілі бір жетістікке жету жолындағы (ғылыми жоба, курстық жұмыс, диплом жұмысы, диссертация) сіздің тікелей міндетіңіз болуы мүмкін, кей жағдайда сіздің пікіріңіз (сыни пікір, сараптамалық талдау, рецензия т.б.) қоғамдағы, ғылымдағы көзқарастарға әсер ету үшін қажет болуы ғажап емес. Олай болса, біз тек өзіміз үшін емес, біздің ой-пікірімізге, тұжырымымызға, хабарламамызға бей-жай қарамайтын адамдарға да арнап жазамыз.


Академиялық жазылымның мазмұндау стилі, академиялық лексиканы пайдалану, берілген тақырыпқа немесе мәселеге бағытталу сияқты өзіне тән сипаты бар екендігі белгілі. Академиялық тілдің басты ерекшелігі - оның лексикалық қорының мол болуында. Мәтінді сауатты құрастыра алмау қазақ бөлімінде оқитын барлық студентке тән сипат болып келеді, осыған байланысты оқытушының алдында студентте кемшін түсіп жатқан дағдыны қалыптастырып, олардың академиялық контексте қолдана алуына көмектесу міндеті болуы керек. Академиялық жазылымды терең меңгеруге қажетті негізгі дағдылар: 1) зерттеу жүргізу дағдылары – ізенушінің ізденуге қабілеттілігі, белгілі ғылыми дереккөздерді тауып оқи білуі; 2) конспектілеу дағдылары – тұтас мәтінді көшіре салмай, басты ақпаратты бөліп алып көшіре білуі; 3) өз-өзіне бақылау жасау – мақала жазуға және оны редакциялауға қажетті уақытты тиімді бөле білу қабілеті; 4) болашақ мәтінінің жоспарын құрып, алғашқы нұсқасын жазу; 5) аяқталған мәтінге редакторлық түзетулер жасай алу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   51




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет