1. ПӘн туралы жалпы мәліметтер: Пән оқытушысы



бет8/51
Дата07.02.2022
өлшемі1,67 Mb.
#85397
түріҚұрамы
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   51
Байланысты:
Академиялық жазу Силлабус сканер

Бекіту сұрақтары:

  1. Академиялық оқылымының мәніні қалай түсінесіз

  2. Академиялық оқылымның алға қойған мақсатын, міндетін түсіндіріңіз

  3. Академиялық оқылымның ғылыми жұмысты орындау барысындағы рөлі қандай

Әдебиет: (1,2,3,4,5,6)


3 тақырып.Зерттеу тақырыбын таңдау және мәселені анықтау (1 сағат)


Тақырыптың негізгі сұрақтары
1. Жазба жұмысты жазу үрдісінің кезеңдері
2.Жұмыстың мақсаты мен міндеттерін айқындау
3. Басты мәселені түсіну

Жазбаша жұмысты жазу үдерісі бірнеше кезеңдерден тұрады. Олардың ең бастылары мынадай: - басты мәселені түсіну: - жұмыстың мақсаты мен міндеттерін айқындау; - тақырыпты анықтау; - ақпарат жинау; - жиналған ақпаратты жүйелеу; - жұмыстың негізгі тұжырымын әзірлеу; - жұмысты жазу.


Зерттеу тақырыбының өзектілігін анықтау Тақырыптың өзектілігі – зерттеу жұмысына қойылатын негізгі талаптардың бірі. Өзектілікті талап ету зерттеу жұмысының (ғылыми мақала, ғылыми жоба, диплом жұмысы, диссертация) заманауи үрдістерге сәйкес келіп, қазіргі заманғы өзекті мәселені шешуге бағытталуына саяды. Зерттеу тақырыбының өзектілігі жұмыста зерттелетін мәселелерді шешудің ғылыми және қолданбалы маңызы туралы ережелерден тұрады. Өзектілік зерттеу жұмысының ғылыми, сонымен қатар қолданбалы мәселесін шешумен тығыз байланысты болады.
Зерттеудің өзектілігін негіздеу кезінде мынадай кезеңдерге тоқталып өтуге болады: - қазіргі уақытта зерттеліп отырған мәселенің өзектілігін жинақтайтын жаңа талаптар мен алғышарттар; - аталған мәселенің ресми құжаттарда берілуі; - мәселенің ғылыми әдебиеттерде жарық көруі; - зерттеу мәселесімен байланысты ғылыми мәселелер; - мәселенің басқа да ғылымдардың даму ұстанымдарымен байланысын негіздеу; - мәселенің қазіргі уақытта өзекті болуының себептері; - көтерілген мәселенің ғалымдардың, мамандардың назарын аударатын себептері және бұл мәселенің шешімі тәжірибенің қандай қажеттіліктерін қанағаттандыруы мүмкін; - талдауды, қорытуды қажет ететін қолда бар жетістіктер.
Жоғары оқу орнында студенттің ғылыми жұмыс тақырыбы мен мақсатын өзі таңдауына ерік беріледі. Студент жазбаша жұмыстың тақырыбын қалайша нақтылайтынын, мақсатын қалай анықтайтынын өзі шешеді. Жазбаша жұмыс тақырыбының шегі барынша айқын, өзі неғұрлым нақты болса, ғылыми мәтіннің әсері де, нәтижелігі де соғұрлым жақсы болады.
Ғылыми жұмыс тақырыбын анықтау кезінде зерттеушілердің көбі қолданатын миға шабуыл тәсілін айта кетейік. Бұл тәсіл сыни ойлауды қалыптастыру, үйрету, үйрену кезінде жиі қолданылады.
Есте сақтаңыз: Жұмыстың атауына (тақырыбы) қойылатын басты талаптар мынадай: жұмыстың атауы формалық тұрғыдан анық, библиографиялық тұрғыдан дәл, мазмұндық тұрғыдан түсінікті, қысқа және стильдік тұрғыдан тілдік нормаға сәйкес болуы тиіс.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   51




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет