Ғылыми жұмысты рәсімдеудің талаптарын тәртібін сипаттаңыз
Әдебиет: (1,2,3,4,5,6)
6 тақырып.Зерттеу жұмысын жүргізудің әдістері (1 сағат)
Тақырыптың негізгі сұрақтары 1.Ғылыми жұмысты жазу әдістері
2. Сұхбат жүргізу арқылы мәліметтер жинау
3. Сауалнама арқылы мәліметтер жинау
Ғылыми жұмысты жазатын адам үшін ең маңызды қасиет – тілді еркін меңгеруі, басқалардың сезіміне әсер ететіндей дәл, анық бейнелі етіп сабақтастыра жаза білу. Эссе жазу кезеңдері: Проблеманы анықтау – ойлану – жоспарлау – жазу – тексеру Эссе жазу барысында қатаң сақталынуы тиіс ТАЛАПТАР: • Жеке көзқарастың көрінісі; • Деректі дәйектер (аргументтер); • Теориялық негіздеме; • Терминдерді қолдану; • Дәйексөздерді келтіру; • Әртүрлі көзқарастарды мысалға алу; • Логикалық заңдылықтың сақталынуы; • Салыстыру және қорытындылау әдістерін қолдану;Сондай-ақ статистикалық, статистикалық емес сұрыптау және іріктеу әдістері қарастырылады
Жалпы зерттеу жұмысы үшін мәліметтер мынадай жолдармен жиналады дереккөздер арқылы жинау, адамдардың қарым-қатынасы, мінез-құлқына бақылау жасау, адамдардың өздерінен мәлімет жинау, бақылау, эксперимент, жазылған немесе айтылған жұмыстарға талдау, кейс стади, тәжірибелік зерттеу, бар мәліметтерге талдау жасау, зерттеу жүргізу іріктемесі.
Эксперимент – мұнда бір немесе бірнеше айнымалы факторлардың өзгерісі бір немесе көптеген тәуелді айнымалыларға ықпалы анықталады.
Сауалнамалар (анкеталар) тарату жолымен пікір сұрау. Пікір сұрау пошта, телефон және жеке әңгімелесу арқылы жүргізіледі. Жеке әңгімелесу (сұхбат) – пікір сұрау жүргізудің ең әмбебап әдісі. Қажет болса, зерттеуші сауалнамадағы (анкетадағы) сұрақтардан да басқа сауалдар қойып, зерттеу нәтижелерін толықтыруы мүмкін. Бұл тәсіл – мұқият дайындықты, әңгіме өткізуді жоспарлауды және білікті мамандардың қатысуын талап ететін маңызды әдіс. Жеке сұхбат – бір адаммен әңгімелесу. Жеке сұхбат жұмыс орнында, үйде және далада жүргізілуі мүмкін. Ол сұрақтарына, сұрақ санына және уақытына байланысты бірнеше минуттан бір сағатқа дейін созылуы мүмкін. Кейбір жағдайларда кеткен уақыт үшін сұхбат беруі тиіс шағын сыйлық, не ақшалай өтемақы беріледі. Жеке сұхбат – мәлімет жинаудың еңқымбат әдісі.
Топтық сұхбат – 5–10 адаммен бірнеше сағат ішінде сұхбат жүргізіледі. Әңгімені жүргізуші жоғары білікті, объективті болуы, тақырыпты білуі және топтар мен тұтынушылардың мінез-құлқын, ерекшеліктерін ұғынуы қажет.
Осы әдістердің біреуін немесе бірнешеуін қолдана отырып ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізуге болады.