1. ПӘн туралы жалпы мәліметтер: Пән оқытушысы



бет12/51
Дата07.02.2022
өлшемі1,67 Mb.
#85397
түріҚұрамы
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   51
Байланысты:
Академиялық жазу Силлабус сканер

Бекіту сұрақтары:

  1. Зерттеу жұмысын жүргізудің әдістерін атаңыз

  2. Экономикалық мамандықтарда білім алушылардың зерттеу жұмысын жүргізуі үшін қандай әдісті қолданған тиімді

  3. Зерттеу жұмысының академиялық тиімділігін арттырудағы зерттеу әдістерін қолданудың ұтымды жақтарын атаңыз

Әдебиет: (1,2,3,4,5,6)


7 тақырып.Зерттеу жұмысында мәліметтерді талдау және сипаттау (1 сағат)
Тақырыптың негізгі сұрақтары

  1. Мәліметтерді сипаттау

  2. Өзгерістерді сипаттау

  3. Байланыстарды анықтау

  4. Орташа шамаларды анықтау

Зерттеу жұмысын жазу барысында оқырманға түсінікті болу үшін түрлі диаграммаларды қолдану маңызды. Өйткені диаграмма ақпаратты түсінікті түрде жеткізуге көмектесетін тәсіл. Мәліметтерді сипаттау барысында қолданылатын диаграммалар түрлері өте көп. Оның ішінде кеңінен қолданылатын түрлеріне: сызықтық, шеңберлі, бағандық, кестені, шашыранды нүктелік,пиктограмманы жатқызуға болады. Сызықтық диаграмма уақыт барысында алынған өзгерісті сипаттауға арналады.Олар күнді, аптаны, айды, жылды көрсетуі мүмкін. Шеңбер диаграмма көрсеткіштерді пайыз түрінде береді. Бағандық диаграмма (гистограмма) мәліметтерді салысытыруға немесе уақыт барысында орын алған құбылыстарды сипаттау үшін қолданылады. Кестені құру барлық жазба жұмыстарында кеңінен қолданылу міндетті. Шашыранды нүктелік диаграмма сандық мәліметтерді шашыранды түрде береді. Негізінен екі көрсеткіштің арасындағы байланысты сипаттау үшін беріледі. Яғни корреляцияны анық көруге болады. Пиктограмма мәліметтерді сипаттау барысында түрлі суреттер мен белгілер қолданылады. Суреттер арқылы мәліметтер беру ақпаратты қызықты және тез қабылдауына үлкен септігін тигізеді.


Белгілі бір уақыт аралығында өзгеріске талдау жасау алдағы уақытта орын алатын өзгеріс жөнінде болжау жасауға ықпал етеді. Мысалы, кәсіпкерлікпен айналысатын кәсіпорындар экономика саласындағы инфляция өзгерістеріне талдау жасау арқылы өзінің қаржыларын басқарудың жолдарын алдын-ала болжай алады.
Зерттеу жұмысын жазу барысында құбылыстардың немесе жәйттардың өзара байланысын анықтау керек болады. Өзара байланысты анықтау екі көрсеткіштің арасындағы өзара қарым-қатынасты анықтаудан тұрады. Бұл ара-қатынасты анықтау статистика ғылымында «корреляция» деп атайды. Мысалы, қылмыс өсімі мен жұмыссыздық өсімінің өзара байланысы т.б.
Екі көрсеткіш арасындағы корреляция оң, теріс немесе корреляция жоқ деп сипатталады. Егер екі көрсеткіш арасында оң корреляция байланыс болатын болса, бір көрсеткіштің өсуі әсерінен екінші көрсеткіште өседі. Кейде екі көрсеткіш арасында байланыс теріс болуы да мүмкін. Мұндай теріс байланыс көрсеткіштердің бірінің өсуі екіншісінің кемуіне алып келетінін көрсетеді.
Қарастырылыр отырған көрсеткіштердің арасында байланыс болмауы да мүмкін. Ондай жағдайда сызбадағы нүктелер бір сызықтың бойына орналаспай алшақ түседі және мұндай жағдайда талдау көрсеткіштері арасында өзара байланыстың анықтамалмағандығын білдіреді. Корреляция (r)+1 мен -1 арасында есептеледі. Егер корреляция болмаған жағдайда 0-ге тең болады. Кейбір көрсеткіштердің арасында белгілі бір байланыстың болатындығын зерттеусіз де аңғаруға болады. Мысалы, күн райының жылынуы себебінен балмұздақ сатылымының артатыны белгілі, бұл екі көрсеткіштің арасында оң байланыстың бар екендігін білдіреді. Ал, ауа температурасының жылынуы, жылы киімдердің сатылу санына кері әсерін тигізеді, яғни кері байланыс бар. Бірақ ауа райының көрсеткіші мен кондитер өнімдерінің сатылуы арасында ешқандай байланыс болмауы мүмкін, себебі кондитер өнімдерін тұтыну ауа райының көрсеткішіне тәуелді емес.
Жинақталаған мәліметтердің нәтижесін шығару мен талдау барысында олардың орташа шамаларын шығару маңызды. Мысалы кәсіпорынның орташа жылдық табысын есептеуде кеңінен қолданылады. Мұндай орташа шаманы есептеу белгілі бір жиынтықтағы құбылыстың сипатын жеке-жеке берудің орнына жалпылап беру үшін қолданылады.Мысалы, орташа жалақы мөлшері, сауда орындарындағы көкөністің орташа бағасы т.с.с


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   51




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет