3. Тапсырма.Зерттеу(ғылыми) жұмысын жазу және рәсімдеу тақырыбы бойынша маркетингтік зерттеулер жүргізу (жоба түрінде дайындау)
Әдістемелік нұсқау.Әрбір студент жеке дара диплом жобасының тақырыбы бойынша анкета әдісімен ( жоғарыда 8.4 пунктте берілгендей, 2-ші тапсырма бойынша дайындалған анкеталарды) мобильді қосымшалар (https://www.survio.com/ru/) арқылы маркетингтік зерттеулерді жүргізеді. Жүргізілген зерттеудің нәтижесінде жинақталған ақпараттарға маркетингтік талдау жасалу керек. Талдау жұмысы маркетингтік стратегиялармен (SWOT талдау, STEP талдау, BCG матрицасы) ұштастырылуы қажет. Талдаудың материалдары есептің (жоба) бір бөлігі түрінде рәсімделіп, оның көлемі 20-25 бетті қамтуы маңызды. Жобада қамтылатын талдау материалдары сызықтық, шеңберлі, бағандық, кестелі, шашыранды нүктелік, пиктограмма диаграммалармен рәсімделеуі шарт. Талдама түрінде жазылған есептің бір (жоба) бөлігін студент ZOOM платформасында қорғайды.