Зерттеу – Мәтінді оқымас бұрын тақырыбын, тақырыпшаларын, мәтіндегі сурет, мәтіндегі сурет, сызба, кесте астындағы сөздерді, мәтіннің кіріспесі мен қорытындысын және оның түйіндемесін мұқият оқып, зерттеп алу керек.
Сұрақ қою - Тақырыпты сауалға айналдыруға тырысу керек. Егер оқулық болса, бөлім соңындағы сұрақтарды оқыған дұрыс. Мен бұл тақырып туралы осы кезге дейін не білемін? және Бұл тақырып туралы дәрісте не айтылады деген сұрақтарды үнемі өз-өзінен сұрап отыру керек.
Оқу – Оқылым әрекетін бастаған кезде асты сызылған, қарамен жазылған немесе курсивпен жазылған сөздерге мән беру қажет. Себебі , автор негізгі ойлары мен қажетті ақпараттарды ерекшелеп беруге тырысады. Мәтіннің қиын бөліктерін ақырын оқыған жөн. Түсініксіз сөздерді түсіну үшін түсіндірме сөздіктерді қолдануға болады, тек ӘР БІР СӨЗДІ тексеру қажет емес. Жалпы мағынасын контекс арқылы түсінуге тырысқан жөн. Басты мақсат зерттеу сауалының жауабын іздеу екенін ұмытпау керек.