1. ПӘн туралы жалпы мәліметтер: Пән оқытушысы



бет7/51
Дата07.02.2022
өлшемі1,67 Mb.
#85397
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   51
Байланысты:
Академиялық жазу Силлабус сканер

Дауыстап оқу – Әрбір бөлімнен соң ДАУЫСТАП қазір ғана не оқығаныңызды өз-өзіңізден дауыстап сұрау керек. Әрбір бөлімге бір сөйлеммен қорытынды жазуға тырысу қажет. Қажетті деген сөздердің астын сызып және оларға түртпе жасаған жақсы көмектеседі.
Қайталау – Оқығады қайталау үшін мынадай амалдарды орындау қажет. Бірінші, мақаланы немесе бөлімді толық оқып болған соң қысқаша қорытынды жазу керек. Бұл қорытынды мәтінмен бірге сақтап, мақаланы оқуды ешқашан ауызша және жазбаша қысқаша түсінгенін қайталамайынша аяқтамау керек. Емтиханға дайындалу барысында, оқулықтарды қайта оқып шығуға тура келеді.
Мәтін параграфтардан тұратыны белгілі, ал параграф белгілі бір ойды баяндау үшін құрылады. Мұндағы ойды жылдам, әрі тез түсіну параграф арқылы оқу амалын қолдануға болады және оларға негізгі пікірлерді табу, әрбір параграфтың бірінші сөйлемін оқу сияқты тәсілдер жатады.
Қорытындылай келе, оқылым әрекетін тиімді жүзеге асыру үшін мына кеңестерді есте сақтау қажет:

  • Мәтінді жылдам және түсініп оқу жанрына байланысты екенін ұмытпау;

  • Оқылым стратегиясын жетілдіру;

  • Әрбір сөзді басынан бастап қайталап оқудың тиімсіз екенін ескеру;

  • Тақырыпты оқып, ол туралы осыған дейін білетін ақпараттар туралы ойлану;

  • Алдымен мәтінге көз жүгіртіп шығу;

  • Кіріспесі мен қорытындысын оқып шығу.

Академиялық оқылымның түрлері:
1. Ізденімдік оқу – ізденушінің өзін қызықтыратын хабарды, деректі, сілтемені мәтіннен іздеп тауып, пайдалана білуі. Кез келген ғылыми шығарманың кіріспесі және қорытындысы болатыны белгілі, сондықтан ізденімдік оқуды меңгеру ғылыми мәтіннің композициялық ерекшеліктеріне байланысты.
2. Танымдық оқу – тіл үйренушінің кез келген қызықты, танымдық мәні бар мақала, кітап, пікір, газет-журнал т.б. оқуы. Ерекшелігі: арнайы ізденушілік, сол материалды зерттейін деген мақсат бола бермейді. Ақпаратты зерттеуден гөрі жалпы өмірден хабардар болу үшін жүргізіледі.
3. Зерделік оқуда ізденуші берілген мәтінді не материалды басынан аяғына дейін түсініп оқуы керек. Зерделік оқу барысын екі кезеңге бөлуге болады:
1-кезең. Дайындық кезеңі. Мұнда мәтіндегі ақпаратты толық, нақты ұғу үшін грамматикалық, лексикалық дағдыларды меңгертуді мақсат етіп қояды.
2-кезең. Мәтіннен ақпаратты алуға тікелей бағытталады.
Әдіс – дүниенің, қоғамның объективтік заңдылықтары мен құбылыстарын теория және практика жүзінде игеруге және өзгертуге бағытталған таным принциптерінің жиынтығы, зерттеліп отырған нысан жөніндегі мәліметтерді және ғылыми жаңалықтарды бір ізге келтіру тәсілдерінің жүйесі. 2. Құбылыстарды танып-білудің, зерттеудің әдіс-тәсілдері мен амалдар жиынтығы, таным мен істе белгілі нәтижелерге жетудің тәсілдері.
3.– көздеген мақсатқа жетудің тәсілі, тәртіпке келтірген қызмет жүйесі. Әдістеме дегеніміз – қалаған нәтижеге жетуге көмектесетін әрекеттер жиынтығы. Әрбір ғылым саласының өз зерттеу пәні болуымен қатар, өзіне тән зерттеу әдістемелері бар. Ғылымның дамуында үш негізгі теориялық әдістің үлкен маңызы бар. Олардың біріншісі – аксиомалык әдіс. Аксиома дегеніміз – логикалық дәлелсіз қолданылатын, эмпириялық айғақтар негізінде теріске шығаруға болмайтын ереже екені белгілі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   51




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет