8. КУРСТЫҢ ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЫ
8.1 Дәрістер
1 тақырып. Академиялық жазу және оның ерекшелігі(1 сағат)
Тақырыптың негізгі сұрақтары
1. Академиялық жазу ұғымы, түсінігі
2. Академиялық жазу мақсаты мен міндеті
3. Академиялық жазудың ерекшелігі
4. Академиялық жазу және ғылыми стиль
Академиялық жазу термині әлемдік білім беру жүйесінде, әсіресе, академиялық қызметке дайындық дәрежесін, яғни университетте немесе колледжде оқуға, ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысуға, сондай-ақ ақпараттық дереккөздермен байланысты кез келген кәсіби қызметпен шұғылдануға және қандай да бір құжаттарды жазуға қажетті дайындығын анықтау үшін кең қолданылады. Осыған байланысты академиялық сауаттылық деңгейі абитуриенттің университетке дайындығын, сонымен бірге маманның басшы болуға әзірлігін айқындауға меже болып табылады. Сонымен қатар эссе, курстық жұмыс, диплом жұмысы, магистрлік және докторлық диссертациялар, ғылыми мақалалар мен монографиялар сияқты ғылыми мәтін жазудың әдіснамасы.
Академиялық жазу – жеке ойлары мен идеяларын білдірудің және оны негіздей білудің әрі оларды мақсатты аудиторияға жеткізе білу дағдысы.
Академиялық жазу– бұл ғылыми мәтіндер жазу, олардың жазу тілі мен стилін таңдап, қолдана білу дағдысы.
АКАДЕМИЯЛЫҚ ЖАЗУ– бұл әлемдік білім беру салаларында және ғылыми ортада кең таралған ақпараттық үдерістерді, академиялық қарым-қатынастарды, халықаралық тәжірибе алмасуларды жаңаша дамытуға бағытталған құзыреттердің дәстүрлі түрі. Сонымен қатар зерттеушінің(білім алушылардың) ғылыми мәтіндерді оқуына, түсінуіне және жазуына мүмкіндік беретін тілдік құзіреттілігі.
Достарыңызбен бөлісу: |