Бекіту сұрақтары:
Зерттеу жұмысының кәсіби деңгейде жазылуы үшін сыни тұрғыда баға беру шарттарын түсіндіріңіз
Ғылыми жұмысты кәсіби деңгейде орындау үшін сыни ойлау тетіктерін қалыптастырудың ерекшелігі қандай
Зерттеу жұмысы бойынша сыни баға беру құндылықтары
Әдебиет: (1,2,3,4,5,6)
9 тақырып.Плагиаттан сақтану жолдары (1 сағат)
Тақырыптың негізгі сұрақтары
1.Плагиат түрлері
2. Плагиат және одан сақтану жолдары
Плагиат дегеніміз – өзге адамның идеялары мен сөздерін алып, өзінікі ретінде ұсыну; дереккөзге сілтеме жасамай, өзгенің идеясын пайдалану. Бұл авторлық құқықтар туралы заңнама талаптарына сай заң алдында жауаптылыққа тартуға әкелуі мүмкін. Плагиатпен айналысу құқықтық жауаптылықпен қоса кәсіби академиялық этиканың ережелерін бұзу болып саналады. Мұндай оқиғалар жиі кездеседі, Интернет жүйесінің дамуы да плагиат мүмкіндіктерін кеңейтіп отыр, болашақта бұл жағдай өзгереді деп ойлаймыз. Академиялық көпшілік плагиат жасаумен айналысқан студент жұмысына қанағаттанарлықсыз баға қойылуы керек деп санайды, кейбір шетел оқу орындарында мұндай студентті оқудан шығару тәжірибесі де бар.
Екінші қателікке сіз өзгенің сөзін тырнақшаға алып, авторын көрсетіп, бірақ декереккөздің сипаттамасын анық бермеген немесе ондай мәліметті мүлде көрсетпеген жағдайда ұрынасыз. Сырт қарағанда, ешкімді алдап отырған жоқсыз, негізінде, тиісті талаптарды өрескел бұзып отырсыз.
Үшінші қателік те кең таралған. Сілтеме тиісті түрде ресімделген, бірақ келтірген дәйексөзіңіз тым көлемді, беттің жартысын алады, тіпті кейде бір бетке дейін кетеді. Мысалы, кейбір жұмыстарда «зерттеуші атап көрсеткендей, автордың ойынша» деп басталатын сөйлемнен кейін тырнақшаға алынған сол автордың бір бет мәтіні келтіріледі. Бұл дәйексөз келтіру нормасын бұзғандық болып саналады.
Төртінші қателік дәйексөзді дәл бермеумен байланысты. Дәйексөз соңғы үтір, нүктесіне дейін дәл берілуі тиіс. Егер автор сөзді курсивпен немесе қою әріптермен берсе, сіз де дәл солай қайталауыңыз қажет. Қазіргі грамматикалық немесе стилистикалық нормаларға сай келмейтін ескі материалдармен жұмыс жасасаңыз да, дереккөзді өзгертпей бергеніңіз жөн. Мәтінге сәл болса да өзгеріс кіргізсеңіз (сөз қосасыз, курсивпен жазасыз т.б.), бұл туралы жақша ішінде ескертуіңіз керек, мысалы, «(курсив біздікі)» деп жазу қабылданған. Келесі қателік алдыңғылары сияқты өрескел болмағанымен, кең таралған қате. Барлық дәйексөзіңізге тиісті сілтемелер келтірілген, алайда олар пайдаланылған әдебиет тізімінде көрсетілмеген немесе берілу реті сәйкес келмейді. Бұл кемшілікті дұрыстау оңай деп ойлаймыз. Енді сілтемелерді ресімдеудің таза техникалық жағына келейік. Бұл – қиын жұмыстардың бірі.
Плагиат Жоғары оқу орнында ғылыми жұмыс жазу студенттердің алған білімдерін көрсету үшін курс қорытындысы бойынша есеп беру сипатында жиі қолданылады. Интернеттің дамығаны соншалық, Қазақстанда және бүкіл әлемде білім-ғылымның түрлі салалары бойынша дайын ғылыми жұмыстардың таралуына кең жол ашылды. Кейбір интернет-ресурстар дайын жұмыстарды ақшаға немесе ақысыз жүктеп алуды ұсынады. Желілерден дайын ғылыми жұмыстарды жүктеп алуға көп күш жұмсалмайды, тек сыртқы бетін өзгертсе, жетіп жатыр. Алайда мұндай көшірулер білім сапасының нашарлауына әкеліп соғуда.
Достарыңызбен бөлісу: |