1. ПӘн туралы жалпы мәліметтер: Пән оқытушысы



бет16/51
Дата07.02.2022
өлшемі1,67 Mb.
#85397
түріҚұрамы
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   51
Байланысты:
Академиялық жазу Силлабус сканер

Бекіту сұрақтары:

  1. Гипотеза дегеніміз не

  2. Гипотезаны құрудың мақсаты қандай

  3. Ғылыми жұмысты орындаудың шартын құрудың тәртібін келтіріңіз



Әдебиет: (1,2,3,4,5,6)


11 тақырып.Кіріспені жазу (1 сағат)
Тақырыптың негізгі сұрақтары
1. Кіріспеде қамтылуы тиіс мағұлматтар
2.Кіріспенің құрылымы

Негізгі мәтінді кіріспе бөлімнен бастайсыз. Кіріспе сіздің зерттеуіңіздің бағдарламасы іспетті болады, яғни бұл бөлімде зерттеу тақырыбының өзектілігі, тақырып аясының шегі, зерттеудің басты мәселесі, мақсаты мен міндеттері, қорғауға ұсынылатын тұжырымдарыңыз, ғылыми жаңалығыңыз, зерттеу жұмысында қолданылған ғылыми әдістер, еңбектің теориялық және практикалық құндылығы, зерттеудің сынақтан өтуі (егер болса), күтілетін нәтижелер, жұмыстың құрылымы жазылады.


Қорытынды бөлімде зерттеудің негізгі бөлімінде айтылған ойлардың жиынтық тұжырымдары көрсетілуі тиіс, яғни осы жұмысты орындау барысында қандай нәтижелерге қол жеткіздіңіз, нені дәлелдедіңіз, сіздің ойыңызша, қандай пікір оң, қай пікір теріс, оған қалай көз жеткіздіңіз, дәйектемелеріңіз қандай және т.б. сұрақтарға жауап беруіңіз керек. Жалпы тұжырымдар мен шешімдерден кейін сіз зерттеу жазып отырған саланың болашақтағы даму жолдарын көрсетуіңізге болады. Ғылыми жұмыстың кіріспе бөлімінде тақырыптың мәні мен маңызы ашылып, зерттеу нысаны, мақсаты мен міндеттері анықталады. Кіріспе 1-2 бетті қамтуы керек.
Кіріспе бөлімі диплом жұмысының (жобаның) өзекті мәселелерін, ғылыми жаңашылдығын және практикалық маңыздылығын, қазіргі ғылыми мәселелерді шешу, ахуалын бағалаудан, сонымен қатар дипломның мақсаты, міндеттерін, зерттеу нысанын, берілген теориялық және әдіснамалық негіздері мен диплом жұмысының жазылуының практикалық базасын құрайды.
Оқырманды қызықтыру үшін кіріспе бөлім жанды, нақты, күшті және мінсіз (өзіндік) болуы керек. Онда оқырманға үндеу, афоризм, жалпы ой, жеке тәжірибеге сілтеме, аналогия, ассоциация, тұжырым, сұрақ, жеңіл ескертпе т.б. болуы мүмкін. Кіріспе мен негізгі бөлім арасындағы қатынас сақталуы керек. кіріспеге 50 сөз алу ұсынылады. Негізгі бөлім тақырыптың бірізді баяндалуы болып табылады, жазылған мәселе бойынша ұсыныстар мен көзқарастарды бейнелі түрде жеткізеді, жазбаша хабарландырудың мақсаты мен бағытына сілтейтін ой желісін құрайды, дәлелдемелері мен сілтемелері бар, идеяны дәлелдемелер мен нақты мысалдар арқылы нақтылайды. Мұнда әртүрлі айқындау құралдары қолданылады. Қайта қарап шығу дегеніміз – хабарламаны сапасы мен нәтижесі тұрғысынан мәтінді редакциялау: ойдың айқындылығы, түсініктілігі, яғни мағыналық байланыстылығы, бірізділігі, сауаттылығы және стильдің дұрыстығын айқындау, қайта қарау нәтижесінде екінші нұсқаның қажеттілігі туындайды. Екінші нұсқа бойынша жұмыс өте үлкен бөліктерден басталып, кішкентай бөліктерге дейін жалғасады: абзацтан сөйлемге дейін, сөйлемдерден сөзге дейін талданады, сараланады. Баяндаудың жатықтығына, ойдың логикалық сабақтастығына, байланысына назар аудару керек. Түзету сатысында мәтін рәсімделіп, сауаттылығына, сөздердің байланысына, тыныс белгісіне, стилистикасына жете көңіл бөлінеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   51




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет