1. ПӘн туралы жалпы мәліметтер: Пән оқытушысы



бет19/51
Дата07.02.2022
өлшемі1,67 Mb.
#85397
түріҚұрамы
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   51
Байланысты:
Академиялық жазу Силлабус сканер

Бекіту сұрақтары:

  1. Ғылыми жұмыстың негізгі бөлімінде қандай сұрақтар қарастырылуы қажет, мысал келтіріңіз

  2. Негізгі бөліміндегі сұрақтардың талдау және экономикалық есептеулермен рәсімделудің шарттарын түсіндіріңіз

  3. Мысалға бір тақырыпты таңдап, оның негізгі бөлімін құрыңыз және оның мазмұнын сипаттаңыз

Әдебиет: (1,2,3,4,5,6)


14 тақырып.Қорытынды бөлімді жазу(1 сағат)
Тақырыптың негізгі сұрақтары
1. Негізгі ойды түйіндеу
2.Ғылыми жұмыстағы негізгі идеяны беру
3.Аргументтер мен негізгі ойды тұжырымдап беру

Қорытынды бөлім (тұжырым) дипломдық зерттеулер қорытындыларының қысқаша тұжырымынан, қойылған міндеттердің толық шешілуін бағалаудан, зерттелген нысан бойынша нақты ұсыныстардан тұруы қажет. Жалпы қорытынды бөлімде қаржылық есептің ұсынымдық тақырыптарға сәйкестігіне қысқаша баға беру, тақырыпты ашып көрсету мен бухгалтерлік есеп және ішкі бақылау жүйесін жетілдіруде автордың өз ұсынысы жазылады.Пайдаланылған әдебиет тізімі ғылыми жұмыстарға қойылған талаптарға сәйкес рәсімделеді. Қосымшаға дипломның зерттелуі мен орындалуына байланысты негізгі бөлімде қамтылмаған материалдар кіргізіледі.


Қорытынды бөлімде, әдеттегідей, қорытынды жасалады, жазылған мәселе мәні мен мазмұнын күшейтеді, автордың ойымен сәйкес келетін көңіл-күй мен сезімді анықтайды. Ал баяндау тәсіліне келетін болсақ (дедуктивті-жалпыдан жекеге немесе индуктивті-керісінше), этақырыбын қандай тәсілмен ашқан жақсы және қалай баяндау керек екендігін автор ғана анықтай алады.
Бұл арқылы жұмыстың шығармашылық, өзіндік сипаты анықталады. Қайта қарап шығу дегеніміз – хабарламаны сапасы мен нәтижесі тұрғысынан мәтінді редакциялау: ойдың айқындылығы, түсініктілігі, яғни мағыналық байланыстылығы, бірізділігі, сауаттылығы және стильдің дұрыстығын айқындау, қайта қарау нәтижесінде екінші нұсқаның қажеттілігі туындайды. Екінші нұсқа бойынша жұмыс өте үлкен бөліктерден басталып, кішкентай бөліктерге дейін жалғасады: абзацтан сөйлемге дейін, сөйлемдерден сөзге дейін талданады, сараланады. Баяндаудың жатықтығына, ойдың логикалық сабақтастығына, байланысына назар аудару керек. Түзету сатысында мәтін рәсімделіп, сауаттылығына, сөздердің байланысына, тыныс белгісіне, стилистикасына жете көңіл бөлінеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   51




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет