Бекіту сұрақтары:
Ғылыми жұмысты академиялық деңгейде жазудың үрдісі қалай орындалады
Академиялық жазу үрдісінің кезеңдеріне сипаттама беріңіз
Академиялық деңгейде жазудың талаптарына түжырым жасаңыз
Әдебиет: (1,2,3,4,5,6)
5 тақырып. Зерттеу жұмысының жазылуы мен рәсімделу тәртібі (1 сағат)
Тақырыптың негізгі сұрақтары
1. Зерттеу жұмысының жазылуы ережесі
2. Жұмыстың жазылу тәртібі
3. Жұмысты рәсімдеудің тәртібі
Ғылыми, жазбаша жұмысты (мақаланы, эссені, ғылыми жобаны т.б. ) ресімдеудің қабылданған ережелері болады. Бұл ережелер журналдың, оқу орнының, қандай да бір мемлекеттің ғылыми тәжірибесінде ресми бекітіледі. Ғылыми жұмысты дайындаудың қалыптасқан канондық нормалары жоқ, әр оқу орнына, әр курсқа, әр оқытушыға байланысты өзгеріп отыруы мүмкін, біз ортақ ережелер мен неғұрлым оңтайлы әдістерді ұсынғымыз келеді.
Кез келген ғылыми жұмыс төрт міндетті бөліктен құралады, олар: • титулдық бет; • мазмұн; • негізгі мәтін; • библиография. Кейде бұларға аңдатпа, материалдың сипатына қарай түрлі қосымшалар берілуі мүмкін. Титулдық бет Титулдық бетте жазбаша жұмыс туралы қажетті ақпараттың бәрі болуы тиіс және мүмкіндігінше оқырманның назарын аударатындай болғаны дұрыс. Мысалы, зерттеу мақала, курстық, дипломдық жұмыс, ғылыми жоба болса, титулдық бетте жұмыстың атауы, автор(-лар)дың аты-жөні, автор туралы қысқаша анықтама (ғылыми дәрежесі, атағы, басты жұмыс орны немесе жұмыс орындалған ұйым) беріледі. Қазіргі заманғы жұмыстарда автордың электрондық мекенжайы көрсетіледі. Жұмыстың басында оның мазмұны (жоспары) беріледі. Ешбір оқырман қолына түскен жұмысты бас салып оқуға кіріспейді, жұрттың барлығы алдымен еңбектің мазмұнымен танысады. Жұмыстың мазмұны (жоспары) оған қатысты бастапқы пікірді қалыптастыратын болғандықтан, құрылымы дұрыс мазмұн берілгені жөн.
Достарыңызбен бөлісу: |