1. ПӘн туралы жалпы мәліметтер: Пән оқытушысы


Қоғамдық еңбектің өнімділігі



бет17/39
Дата01.04.2022
өлшемі2,13 Mb.
#137574
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   39
Байланысты:
Силлабус ЭП Менеджмент

Қоғамдық еңбектің өнімділігі өндірілген ұлттық табыстың материалдық өндіріс саласындағы жұмыскерлердің орташа санына қатынасы ретінде өлшенеді:

Өқ = ҰТ/Жм


Ұлттық табыс – материалдық өндіріс салаларында осы жылда жасалған құн. Материалдық өндірістің кейбір салаларында өнімділік жалпы өнім бойынша есептеледі. Қоғамдық еңбек өнімділігінің өсу қарқындарын салыстыру кезінде көрсеткіштердің салыстылатындай өлшемде болуын ескеру қажет. Бұл үшін ұлттық табысты салыстырмалы бағаларда есептеу қажет.
Қоғамдық өндірістің экономикалық тиімділігінің маңызды көрсеткіштері ретінде еңбек сыйымдылығы, материал сыйымдылығы, капитал сыйымдылығы және қор сыйымдылығы қызмет етеді.
Өнімнің еңбек сыйымдылығы – еңбек өнімділігіне кері шама, ол материалдық өндіріс сферасында шығындалған еңбек мөлшерінің өндірілген өнімнің жалпы жалпы көлеміне қатынасы ретінде анықталады:
ЕС = Е/Q
Мұндағы ЕС - өнімнің еңбек сыйымдылығы;
Е – материалдық өндіріс сферасындағы еңбек мөлшері;
Q - өндірілген өнімнің жалпы көлемі.
Қоғамдық өнімнің материал сыйымдылығы шикізат, материалдар, отын, энергия және басқа еңбек заттары шығындарының жалпы қоғамдық өнімге қатынасы ретінде есептеледі. Сала (кәсіпорын) өнімінің материал сыйымдылығы материалдық шығындардың өндірілген өнімнің жалпы көлеміне қатынасы ретінде анықталады:
МС= М/ Q
Мұндағы МС - өнімнің материал сыйымдылығы;
М - өнім өндірісіне кеткен материалдық шығындардың жалпы көлемі;
Q - өндірілген өнімнің жалпы көлемі.
Өнімнің материал сыйымдылығының төмендеуі халық шаруашылығы үшін тиімді.
Өнімнің капитал сыйымдылығы мен қор сыйымдылығы көрсеткіштері белгілі дәрежеде бір-біріне жақын көрсеткіштер. Өнімнің капитал сыйымдылығы күрделі салымдар мөлшерінің олармен анықталатын шығарылатын өнім көлемінің өсіміне қатынасы ретінде анықталады:
КС=К/ Q
Мұндағы КС - өнімнің капитал сыйымдылығы;
К – күрделі салымдардың жалпы көлемі;
Q - өндірілген өнімнің жалпы көлемі.
Өнімнің қор сыйымдылығы халық шаруашылығындағы негізгі өндірістік қорлардың орташа құнының өндірілген өнімнің жалпы көлеміне қатынасы ретінде анықталады:
ҚС=НҚ/ Q
Мұндағы ҚС – өнімнің қор сыйымдылығы;
НҚ – халық шаруашлығындағы негізгі өндірістік қорлардың орташа құны;
Q - өндірілген өнімнің жалпы көлемі.
Бекіту сұрақтары

  1. Өндірістің экономикалық тиімділігінің қандай көрсеткіштерін білесіз?

  2. Қаржылық тұрақтылық типтерін атаңыздар

  3. Баланс өтімділігі дегеніміз не?

  4. Инвестициялық жобалар тиімділігінің көрсеткіштерін талдаңыз.

  5. Өндіріс тиімділігіне әсер ететін факторлар

Әдебиет:

  1. Ажмухамедова А.А. Кәсіпорын экономикасы: оқу құралы/А.А.Ажмухамедова. – Алматы: TechSmith, 2019

  2. Курманалина А.А., Тлеубергенова М.А. Кәсіпорын экономикасы: дәрістер курсы. – Алматы: Эверо, 2018

  3. Баскакова О.В. Экономика предприятия (организации): Учебник. – М.:Дашков и К, 2013

  4. Фролова Т.А. Экономика предпрития [Электронный ресурс]: лекции. – Таганрог: ТТИ ФЮУ, 2012, www.aup.ru

  5. Куатова Д.Я. Экономика предприятия: практический курс – Алматы, 2015

  6. Тлесова Э.Б., Жанабаева Ж.К. Экономика предприятия. Учебное пособие (Практикум) – Алматы: CyberSmith, 2018. – 212 с.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   39




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет