1. ПӘн туралы жалпы мәліметтер: Пән оқытушысы


Тақырыбы. Кәсіпорынның және өнімнің бәсекеге қабілеттілігі



бет13/39
Дата01.04.2022
өлшемі2,13 Mb.
#137574
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   39
Байланысты:
Силлабус ЭП Менеджмент
45.04.02 lingvistika. perevod i perevodovedenie, Жалбыз - емдік өсімдік, 1513435150, Жүрек ырғағының бұзылысы 603-604, user file 58b01072ea7cd, user file 58b01072ea7cd, Центрлік бұрыш
Тақырыбы. Кәсіпорынның және өнімнің бәсекеге қабілеттілігі
Сағат саны - 1
Тақырыптың негізгі сұрақтары/ жоспары:

  1. Өнімнің бәсекеге қабілеттілігі: түсінігі, оның деңгейін көтеру қажеттілігі

  2. Өнім сапасы: түсінігі, көрсеткіштері және деңгейін көтеру жолдары

  3. Кәсіпорындағы өнім сапасын басқару жүйесі

  4. Өнімді стандарттау және сертификациялау

  5. Өнімнің бәсекеге қабілеттілігін өсірудегі бағаның рөлі

Дәріс тезисі
Бәсеке қабілеттілік – берілген нарықта ұқсас нысандармен салыстырғанда нақытылы қажеттіліктерді қанағаттандыру дәрежесімен сипатталатын нысанның қасиеті.
Тұтынушылардың табысына байланысты бәсекеқабілеттілік нысандардың нақтылы түрлері бойынша қалыптасады:

  1. орташа сапа – табыстары төмен тұтынушылар үшін;

  2. жоғары сапа – табыстары орташа жалп тұтынушылар үшін;

  3. өте жоғары сапа – табыстары жоғары тұтынушылар үшін.

Талданатын нысанның бәсекеқабілеттілігін сандық өлшеу қажет, бұл оның деңгейін басқаруға мүмкіндік береді.
Бәсекеқабілеттілікті өлшеу үшін берілген нысан мен нормативті мерзімдегі бәсекелестер нысандарының пайдалы эффектісін сипаттайтын ақпарат қажет.
Пайдалы эффект – бәсекелес тұтынушының нақтылы жұмысын орындау үшін пайдаланылатын нысан қасиеттерінің жинтығы, ал сапа – бұл тұтынушылардың бірнеше тобы үшін потенциалды пайдалы эффект.
Пайдалы эффектіні натуралдық бірлікте, ақшалай бірлікте, шартты баллдарда өлшеуге болады.
Тауардың бәсекеқабілеттілігін сипаттайтын негізгі параметрлер:

  1. Нормативтік параметрлер – олар тауарды сату жорамалданатын нарықтағы стандарттардың міндетті нормаларымен реттелетін тауардың қасиетін сипаттайды.

  2. Техникалық параметрлер

А) бағыт параметрлері – тауар орындауға бағытталған функциялар мен қолдану облыстарын анықтайтын тауар қасиеті.
Б) эргономикалық параметрлер еңбек операцияларын орындау процесінде адам организмінің қасиеттеріне сәйкестігін сипаттайды.
В) конструктивті параметрлер берілген бұйымға тән және тауардың белгілі қасиеттерін қамтамасыз ететін және берілген бұйымға тән конструктивті-технологиялық шешімдерді бейнелейді.
Г) эстетикалық параметрлер тауардың сыртқы қабылдануын сипаттайды.

  1. Экономикалық параметрлер. Олар сатып алушының өнімге жұмсайтын шығындарымен байланысты: тауар бағасы, сақтау мен тасымалдау шығындары және т.б.

  2. Ұйымдық параметрлер. Оларға мыналар енеді: а) жеңілдіктер жүйесі; б) төлемдер мен жеткізу шарттары; в) жеткізу кешенділігі; г) кепілдік мерзімі мен шарттары.

Өнімнің бәсекеқабілеттілік көрсеткіші өнім сапасының тұтыну бағасына қатынасымен бейнеленеді. өнімнің бәсекеқабілеттілігін бағалау өнімді басқа фирмалардың сәйкес өнімдерімен салыстыру негізінде жүргізіледі.
Бекіту сұрақтары

  1. Өнім сапасы көрсеткіштерін атаңыздар.

  2. Өнімнің «сапа ілгішінің» мазмұнын ашыңыздар.

  3. «Стандарт» және «стандарттау» түсініктерінің мазмұнын ашыңыздар.

  4. ҚР стандарттау жүйесінің негізгі стандарттарын атаңыздар.

  5. Өнімді сертификаттау түсінігіне анықтама беріңіздер.

Әдебиет:

  1. Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өлшем бірлігін қамтамасыз ету және стандарттау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының Заңы 2018 жылғы 5 қазандағы № 184-VІ ҚРЗ.

  2. Ажмухамедова А.А. Кәсіпорын экономикасы: оқу құралы/А.А.Ажмухамедова. – Алматы: TechSmith, 2019

  3. Үмбиталиев А.Д. Кәсіпорын экономикасы: Оқулық. Екінші басылым/А.Д. Үмбиталиев, Ғ.Е.Керімбек, К.Б.Сатымбекова/Алматы: TechSmith, 2018

  4. Курманалина А.А., Тлеубергенова М.А. Кәсіпорын экономикасы: дәрістер курсы. – Алматы: Эверо, 2018

  5. Горелов А. Кәсіпорын экономикасы: Оқу-әдістемелік курс/ - Алматы: Отан, 2015.

  6. Оразалин К.Ж. Кәсіпорын экономикасы: Оқу құралы / К. Ж. Оразалин. - Алматы: LEM, 2014. - 296 бет

  7. Полянин А.В., Строева О.А. Экономика предприятия [Электронный ресурс]: учебное пособие – Электрон.текстовые дан. – Орел: Издательство ОФ РАНХиГС, 2015. - 1 эл. опт. диск (CD-ROM)

  8. http://adilet.zan.kz/kaz/docs/K1500000375

  9. https:// elib.kz/search/- электронды оқулықтар базасы

  10. http://rmebrk.kz/resources - Республикалық ЖОО-аралық электрондық кітапхана

  11. http://kazneb.kz – Қазақстанның ұлттық электрондық кітапханасы





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   39




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет