1. ПӘн туралы жалпы мәліметтер: Пән оқытушысы


Тақырыбы. Өнімді өндіру және өткізу шығындары



бет11/39
Дата01.04.2022
өлшемі2,13 Mb.
#137574
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   39
Байланысты:
Силлабус ЭП Менеджмент
45.04.02 lingvistika. perevod i perevodovedenie, Жалбыз - емдік өсімдік, 1513435150, Жүрек ырғағының бұзылысы 603-604, user file 58b01072ea7cd, user file 58b01072ea7cd, Центрлік бұрыш
Тақырыбы. Өнімді өндіру және өткізу шығындары
Сағат саны - 1
Тақырыптың негізгі сұрақтары/ жоспары:

  1. Шығындардың экономикалық маңызы, түрлері және құрамы

  2. Кәсіпорын шығындарының жіктелуі

  3. Калькуляциялау, оның түсінігі және әдістері

  4. Үстеме шығындар, олардың құрамы, бөлу белгілері

  5. Өнімді өндіру және өткізу шығындарын азайтудың мәні, көздері және факторлары

Дәріс тезисі
Өндіріс және өнімді өткізу шығындары өнім өндіру прцесінде пайдаланылатын табиғи ресурстардың, шикізаттың, материалдардың, отынның, энергияның, негізгі қорлардың, еңбек ресурстарының, сондай-ақ өнім өндірісі мен өткізуге кеткен басқа да шығындардың құндық бағасын көрсетеді.
Өнім өндірісі және өткізу шығындарына төмендегілермен байланысты шығындар енеді:

  • өндіріс технологиясы және ұйымдастырумен негізделген тікелей өнім өндірісімен;

  • табиғи шикізатты пайдаланумен;

  • өндірісті дайындаумен және игерумен;

  • технология және өндірісті ұйымдастыруды жетілдірумен, сондай-ақ өнім сапасын жақсартумен, оның сенімділігін, ұзақ мерзімділігін және басқа да эксплуатациялық қасиеттерін жоғарылатумен (капиталды емес сипаттағы шығындар);

  • өнертапқыштықпен және рационализациямен, тәжірибелік-сынақ жұмыстарын жүргізумен, модельдер мен үлгілерді әзірлеумен және сынаумен т.с.с.;

  • өндірістік процеске қызмет көрсетумен: өндірісті шикізатпен, материалдармен, отынмен, энергиямен, инструменттермен және басқа да еңбек құралдарымен және заттарымен қамтамасыз етумен, өндірістік қорларды жұмыс жағдайынд ұстап тұрумен ;

  • қалыпты еңбек жағдайлары мен техника қауіпсіздігін қамтамасыз етумен;

  • өндірісті басқарумен: кәсіпорынның басқару аппараты мен оның құрылымдық бөлімшелерінің жұмыскерлерін ұстап тұрумен, іссапарлармен, басқарудың техникалық құралдарын ұстап тұр және қызмет көрсетумен, кеңес беру, ақпараттық және аудиторлық қызметтерге ақы төлеумен және т.б.;

  • кадрларды дайындаумен және қайта дайындаумен;

  • мемлекеттік және мемлекеттік емес әлеуметтік сақтандыру жарналарымен;

  • міндетті медициналық сақтандыру бойынша жарналармен және т.б.

Бекіту сұрақтары

  1. Өнімнің өзіндік құнына енетін шығындардың құрамын атаңыздар.

  2. Экономикалық элементтер бойынша шығындарды топтаудың мағынасы неде?

  3. Шығындардың жіктелу белгілерін атаңыздар.

  4. Калькуляция баптары бойынша шығындардың жіктелуінің экономикалық мәні неде?

  5. Калькуляцияның негізгі түрлерін атаңыздар.

Әдебиет:

  1. Ажмухамедова А.А. Кәсіпорын экономикасы: оқу құралы/А.А.Ажмухамедова. – Алматы: TechSmith, 2019

  2. Үмбиталиев А.Д. Кәсіпорын экономикасы: Оқулық. Екінші басылым/А.Д. Үмбиталиев, Ғ.Е.Керімбек, К.Б.Сатымбекова/Алматы: TechSmith, 2018

  3. Горелов А. Кәсіпорын экономикасы: Оқу-әдістемелік курс/ - Алматы: Отан, 2015.

  4. Оразалин К.Ж. Кәсіпорын экономикасы: Оқу құралы / К. Ж. Оразалин. - Алматы: LEM, 2014. - 296 бет

  5. Тлесова Э.Б., Жанабаева Ж.К. Экономика предприятия. Учебное пособие (Практикум) – Алматы: CyberSmith, 2018. – 212 с.

  6. Курманалина А.А., Тлеубергенова М.А. Кәсіпорын экономикасы: дәрістер курсы. – Алматы: Эверо, 2018

  7. Куатова Д.Я. Экономика предприятия: практический курс – Алматы, 2015

  8. https:// elib.kz/search/- электронды оқулықтар базасы

  9. http://rmebrk.kz/resources - Республикалық ЖОО-аралық электрондық кітапхана

  10. http://kazneb.kz – Қазақстанның ұлттық электрондық кітапханасы





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   39




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет