Дәріс тезисі Еңбек ақы қызметшілер мен жұмысшылардың негізгі кіріс көзі, оның көмегімен еңбек өлшеміне бақылау және тұтыну іске асырылады. Және ол экономиканы басқарудың маңызды экономикалық тетігі ретінде пайдаланылады.
Еңбек ақы категориясын әр түрлі жақтарынан және қырларынан қарастыруға болады. Жұмыс беруші үшін еңбек ақы өндірілетін өнімнің өзіндік құнына тікелей әсерін тигізетін шығын элементтерінің бірі. Жұмысшы үшін оның өзінің және отбасының қажеттіліктерін қанағаттандыратын негізгі кіріс көздерінің бірі. Сол себепті жұмыс беруші барынша еңбек ақыны аз төлеуге, ал жұмысшы көп алуға тырысады.
Еңбек ақы категориясын әлеуметтік-экономикалық қырынан қарастыруға болады. Экономикалық қырынан қарастырғанда жұмыс беруші жұмысшының жасаған жұмысының қорытындысына байланысты еңбек ақы төлей отырып, оның өндірген тауарын сату арқылы өзіне пайда табады. Әлеуметтік тұрғыдан қарастырғанда еңбек ақы жұмысшының негізгі кіріс көзі болып табылады және еңбек ақы деңгейіне байланысты оның әлеуметтік қажеттіліктері қанағаттандырылады.
Ұйымдарда еңбек ақы төлеуді ұйымдастыру мыналарды қамтиды:
еңбек ақы жағдайын (нормасын) бекіту
еңбек шығындарының нормасын бекіту (жұмысшының еңбек міндеттерін)
еңбек ақы жүйесін анықтау.
еңбек ақы төлеуді ұйымдастыруға байланысты өзгерістерді енгізу тәртібі
Жалпы еңбек ақы дегеніміз жұмысшының жасаған жұмысының саны мен сапасына және жұмыс күрделілігіне байланысты төленетін төлем.
Негізгі жалақының қалыптасу тәсілі бойынша еңбекке ақы төлеудің тарифтік және тарифтік емес жүйелерін бөледі. Еңбек ақының тарифтік жүйесі әрқилы тарифтік ставкалар мен бірыңғай тарифтік тор базасында құрылады.
Кәсіпорындағы еңбек ақының тарифтік жүйесін ұйымдастыру келесі негізгі элементтерден тұрады:
жалақының неғұрлым ұтымды формалары мен жүйелерін таңдау.
Еңбек ақы қоры жалақыны және әлеуметтік сипаттағы төлемдерді төлеуге арналған қаражаттар көзін көрсетеді. Еңбекті нормалау еңбек сапасын және кәсіпорын қызметінің жалпы нәтижесіндегі жұмыскердің жеке үлесін ескеруге мүмкіндік береді. Тарифтік жүйе еңбек сапасын ескере отырып, нақтылы еңбек түрлерін өлшеуге мүмкіндік береді.
Бекіту сұрақтары Тарифтік жүйе дегеніміз не? Оған қандай негізгі элементтер енеді?
Тарифтік-біліктілік анықтама дегеніміз не? Ол қандай роль атқарады?
Минимальды еңбек ақы мөлшері не үшін пайдаланылады?
Еңбек ақы формалары еңбек ақы жүйелерінен қалай ажыратылады?