Тақырыбы. Кәсіпорынның өндірістік қызметін жоспарлау
Сағат саны - 1
Тақырыптың негізгі сұрақтары/ жоспары:
Жоспарлаудың әдіснамалық негіздері
Кәсіпорынның өндірістік қуаты және оны анықтау әдістері
Нарықтық экономика жағдайында кәсіпорынның өндірістік бағдарламасын әзірлеу әдістемесі
Дәріс тезисі
Нарықтық экономикада кәсіпорынның тиімді қызметі өздерінің алыс және жақын перспективадағы дамуын қаншалықты сенімді көре білетіндігінен тәуелді.
Кәсіпорынның тиімді қызметі тек даму жоспарларын, өндірістік бағдарламаларды, кәсіпорынның әлеуметтік-экономикалық даму болжамдарын әзірлегенде ғана мүмкін.
Кәсіпорын деңгейінде жоспарларды әзірлеу жеке меншік ресурстарға есептелінеді.
Қазіргі кезде кәсіпорынның даму жоспарларын жасауда жоспарлау әдістемесін жетілдіру маңызды мәнге ие, ол жоспарларды әзірлеу әдістері мен тәсілдерінің жиынтығын көрсетеді.
Жоспарлау әдістемесін жетілдіру бағыттары: жоспарлардың ғылыми-техникалық және есептік-экономикалық негізделуін жоғарылату; прогрессивті техника-экономикалық нормативтер мен нормалар жүйесін кеңінен пайдалану және т.б.
Кәсіпорынның даму жоспарлары прогрессивті техника-экономикалық нормативтер мен нормалар негізінде жасалады. Норма дегеніміз берілген сападағы өнім бірлігін дайындауға шикізаттың, материалдардың, отын мен энергияның абсолютті шығынының жіберілетін шамасы. Норматив – бұл салыстырмалы шама, ол еңбек құралдарын, еңбек заттарын пайдалану дәрежесін, олардың аудан, салмақ, көлем бірлігіне шаққанда жұмсалуын сипаттайды.
Техника-экономикалық нормалар мен нормативтер келесі негізгі топтар бойынша жасалады:
Жанды еңбек шығындарының нормалары (өнім бірлігіне шаққандағы жұмыс уақыты шығындарының нормалары, уақыт бірлігіндегі өнім өндірімі нормалары, қызмет көрсету нормалары, сан нормативтері);
Материалдық шығындар нормалары (шикізат, материалдар, отын, энергия, құрастырушы бұйымдар шығындарының үлестік нормалары);
Еңбек құралдарын пайдалану нормативтері (машиналарды, жабдықтарды, механизмдерді, құрылғыларды, инструменттерді пайдалану нормативтері);
өндірістік процесті ұйымдастыру нормативтері (өндірістік циклдың ұзақтығы, аяқталмаған өндіріс, шикізат, материал, отын запастарының көлемдері);
кәсіпорында, цехта, агрегатта енгізілетін жобалық қуаттарды игеру ұзақтығының нормалары.
Жоспарлауда пайдаланылатын көрсеткіштер сандық және сапалық, көлемдік және үлестік болып бөлінеді.
Бекіту сұрақтары
Кәсіпорынның өндірістік қуаты түсінігі
Перспективалық жоспарлар қандай мерзімге жасалады?
Кәсіпорынның өндірістік бағдарламасы түсінігі
Өндірістік қуаттың өндірістік бағдарламадан айырмашылығы
«Тар жер» және «өткізу қабілеті» түсінігі.
Әдебиет:
Ажмухамедова А.А. Кәсіпорын экономикасы: оқу құралы/А.А.Ажмухамедова. – Алматы: TechSmith, 2019
Үмбиталиев А.Д. Кәсіпорын экономикасы: Оқулық. Екінші басылым/А.Д. Үмбиталиев, Ғ.Е.Керімбек, К.Б.Сатымбекова/Алматы: TechSmith, 2018
Курманалина А.А., Тлеубергенова М.А. Кәсіпорын экономикасы: дәрістер курсы. – Алматы: Эверо, 2018
https:// elib.kz/search/- электронды оқулықтар базасы
http://rmebrk.kz/resources - Республикалық ЖОО-аралық электрондық кітапхана
http://kazneb.kz – Қазақстанның ұлттық электрондық кітапханасы
Достарыңызбен бөлісу: |