Әлеуметтік жасырын сауалнама



Дата08.02.2022
өлшемі19,73 Kb.
#124807
Байланысты:
С-мектеп.наш-1-12 (1)

ӘЛЕУМЕТТІК ЖАСЫРЫН САУАЛНАМА



Құрметтіжасөспірім!
Кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасындағы есірткі заттарын пайдалану және таратуға байланысты құқық бұзушылықтардың алдын алу және ағымдағы жағдайларды зерттеу мақсатындағы сауалнаманы ұсынамыз.
Әр сұрақты мұқият оқыңыз. Жауап нұсқаларымен танысқан соң, дұрысын белгілеу қажет. Егер де берілген жауаптардың бірде-біреуі қанағаттандырмаса, тұсына өз жауабыңыздың нұсқасын жазуыңызға болады.
Сіздің жеке пікіріңіздің құпиялылығы сақталады.

  1. Жасыңыз нешеде, қай сыныпта оқисыз?

А) 13-14 жаста 7-8 сыныпта
Б) 15-16 жаста 9-10 сыныпта
В) 17-18 жаста 10-11 сыныпта



  1. Жынысыңызды көрсетіңіз?

А) Ұл
Б) Қыз


3. Сіз психобелсенді заттарға не жатады деп ойлайсыз?
а) есірткі заттар
б) уытты заттар (бензин, бояу, желім)
в) алкоголь
г) темекі, вейп бір реттік электронды темекі
д) насыбай
е) барлық жауап дұрыс
ж) білмеймін


4. Сіздің құрдастарыңыз төменде көрсетілген психобелсенді заттардың қайсысын қолдануы мүмкін?
а) темекі,
б) вейп, бір реттік электронды темекі
в) насыбай
г) сыра немесе басқа да алкологьді ішімдіктер
д) қорқор (кальян)
е) уытты заттар: бензин, бояу, желім (клей)
ж) есірткі
з) қолданбайды


5. Сіздің құрдастарыңыз шылымды не үшін қолданады деп ойлайсыз?
а) өзін ересек сезіну үшін)
б) достары мәжбүрлеген соң
в) еліктеу үшін
г) барлық жауап дұрыс
д) қолданбайды
6. Сіздің құрдастарыңыз сабақ барысында темекіні немесе бір реттік темекіні қай жерлерде қолдануы мүмкін?
а) мектеп ауласында
б) дүкен маңайында
в) әжетханада
г) сабақтан қайтқанда
д) көңіл көтеретін орындарда, клубтарда
е) білмеймін


7. Сіздің құрдастырыңыз психобелсенді заттарды (темекі, насыбай, алкоголь, т.б.) қайдан алуы мүмкін?
а) жасы үлкендерден
б) бейтаныс адамдардан
в) дүкендерден
г) сыныптастарынан
д) білмеймін


8. Сіздің құрдастарыңыз психобелсенді заттарды (темекі, насыбай, алкоголь) қолданғаннан қандай әсерде болады деп ойлайсыз?
а) денсаулыққа зиян келтіреді
б) сабаққа қызығушылығы азайып, сабақ үлгерімі төмендейді
в) көңіл-күйі көтеріледі
г) ата-анасымен қарым-қатынасы бұзылады
д) барлық жауап дұрыс


9. Бір реттік вейп, бір реттік электронды шылымдар туралы естідіңіз бе?
а) ия
б) жоқ
10. Мектепте пайдаланатындар бар ма?
а) ия
б) жоқ


11. Сабақ уақыттында пайдаланатындар қайдан алады?
а) үйден әкеледі
б) жақын дүкендерден
в) ақшаға ұсынатындар бар
г) білмеймін


12. Бір реттік электронды шылымдардың зияндылығын білесіз бе?
а) темекі құрамынан зияндылығы бірнеше есе артық
ә) зияны жоқ
б) білмеймін


Тағы да еске саларымыз: сауалнама жасырын болғандықтан, сіздің жауабыңыз туралы ата-анаңыз, педагогтар, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, директор, сондай-ақ, құрбы-құрдастарыңыз да білмейтін болады.
Оқушының аты-жөні және қолы қажет емес.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет