Ұсынылатын әдебиеттер тізімі: 1. Шамова Т.И. Управление образовательными системами: учеб.пособие для студентов вузов, обучающихся спец. "Педагогика и психология", "Педагогика" М.: AcademiA, 2007. – 385 с.
2. Симонов В.П. Педагогический менеджмент: учеб.пособие М.: Высшее образование: Юрайт, 2009. – 357 с.
3.Солнцева Н.В Управление в педагогической деятельности: учебное пособие.- М.: Флинта, 2012.-115 с.
4. Баярыстанова Э.Т. Білімдегі менеджмент негіздері: Оқу құралы. Ақтау. 2010. 87 бет.
5. Паньшина Т. В.Айтпаева Ж.Ж.Педагогикалықменеджмент. Оқулық -Алматы,2012.
Тақырыбы: Педагогикалық менеджменттің заңдылықтары Сағат саны:1 Тақырыптың негізгі сұрақтары/ жоспары: 3.1. Мектепішілік менеджменттің жетекші заңдылықтары.
3.2. Оқу-тәрбие жұмысын басқару жүйесі
3.3. Басқаруға талдау жасау, мақсаттылық, гуманистілік, демократтылығы және мектеп басшыларының басқару қызметінің әртүрлеріне әзірлігі.
Дәріс тезисі: Оқу-тәрбие жұмысын басқару мазмұны мен әдістерінің мектептегі педагогикалық үдеріс мазмұнының сипаты мен оны ұйымдастыру әдістеріне шарттылығы. Басқарудың талдау жасау, мақсаттылық, гуманистілік, демократтылығы және мектеп басшыларының басқару қызметінің әр түрлеріне әзірлігі. Еліміздің жоғары оқу орындарында білім сапасын бақылаудың әр түріл психологиялық факторлары қалыптасқан. Оның негізі қоғамдық қажетіліктерді ескере отырып дамитын факторлар жүйесінің бағытымен айшықталып, сол арқылы нақты болжамдарға қол жеткізіп, қалыптасқан жүйелердің біржақтылығын жүзеге асыратын өзектілігі мен маңыздылығы бірдей болып дамитын жүйені қолданысқа енгізу – уақыт сұранысы мен заман талабы. Білім сапасы менеджменті жүйесінің қызметін қамтамасыз ететін психологиялық факторлар нақты көрінісі бірден байқалмайды, өйткені білім беру ілгерлеп дамуды қажет ететіндіктен, бірқалыпты дамып, белгілі дәрежедегі біртұтастылықты қамтамасыз ететін жүйеге жанасады, олай болса менеджменті жүйесінің қызметін қамтамасыз ететін психологиялық факторлар теориялық негізімен ұштаса отырып, статистикалық мәліметтер арқылы жүзеге асады. Сол себепті психологиялық факторлар түрлері өте көп болған сайын, оларды қолдану аясы да кеңейе түсіп, шынайы көріністің бейнесін әр түрлі әдістер арқылы баян ететін ғылыми бағыттағы үрдістерге ұласып жататын нақты болжамдардың нәтижесін қамтамасыз етіп дами түседі. Әрине, қандай да болмасан жүйені білім беру үрдісіне, оқытудың деңгейлерін енгізу оңайлықпен жүзеге аспайтыны белгілі, сондықтан теориялық арнаға бағынышты болып дами түсетіндіктен, олардың ерекше тұстары да болады. Жоспарлы үрдістердің мейлінше жүзеге асуын қамтамасыз етіп отырады. Ең алдымен психологиялық факторлар жүйесінің функционалды өлшемдері белгілі дәрежеде өсіп жетіліп отырады. Сондықтан бақылаудың формасын бақылаудың құрылымдық сипаты, оқу процесінің түрлеріне тікелей байлансты болатындықтан оның үлгі ретінде жүзеге асып дамуы мүмкін болмай шығады. Білім берудегі психологиялық факторлар – ең алдымен сапаның өлшемдеріне тәуелді болып, жеке тұлғаға бағытталған білім беру әдістемесіне байланысты болған сапа деңгейінің өсуін қамтамасыз ететін факторлардың азайғандығынан хабардар етіп, ақпарат беретін жүйе ретінде де қызмет атқарушы болып табылады.
Бекіту сұрақтары: 1. Мектепішілік менеджменттің жетекші заңдылықтары қандай?
2. Оқу-тәрбие жұмысын басқару жүйесі һнің сипаты қандай?
3.Басқаруға талдау жасау, мақсаттылық, гуманистілік, демократтылығы және мектеп басшыларының басқару қызметінің әртүрлеріне әзірлігін сипаттаңыз.