1. ПӘн туралы жалпы мәліметтер


Ұсынылатын әдебиеттер тізімі



бет20/41
Дата31.05.2022
өлшемі2,31 Mb.
#145641
түріҚұрамы
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   41
Байланысты:
Syllabus менеджмент ҚТӘ 3 курс 2021 каз. 2 (копия)
«Жаратылыстану» пәнін оқыту үшін, КРИЛ-301 Бектібаева Жаннұр ҚҚТ синт ОСӨЖ-2, нед 5,6 лекц ССРЯ КРиЛ, РК МОРФ
Ұсынылатын әдебиеттер тізімі:
1.Есполов Т.И., Сулейменов Ж.Ж. Менеджмент. – Алматы, 2003.
2 .Борытко, Н. М. Управление образовательными системами: Учебник для студентов педагогических вузов Волгоград: Изд-во ВГИПК РО, 2006г
3. Шамова Т.И. Управление образовательными системами: учеб.пособие для студентов вузов, обучающихся спец. "Педагогика и психология", "Педагогика" М.: AcademiA, 2007. – 385 с.
4. Симонов В.П. Педагогический менеджмент: учеб.пособие М.: Высшее образование: Юрайт, 2009. – 357 с.
5.Солнцева Н.В Управление в педагогической деятельности: учебное пособие.- М.: Флинта, 2012.-115 с.


Тақырыбы: Мектептегі жаңашылдықты басқару
Сағат саны:1
Тақырыптың негізгі сұрақтары/ жоспары:
5.1. Мектептегі жаңалық және жаңашылдық үдерісі.
5.2. Қазіргі мектептегі жаңашылдық үдеріспен басқарудың ерекшеліктері.
5.3. Педагогикалық іс-әрекеттің жаңашылдық бағыттары: басқарудың заңдылықтары мен қағидалары.
Дәріс тезисі: Басқару – шын мәніндегі зерттеу жұмысы. Өйткені мұнда адамдармен жұмыс жүргізудегі басшылық жұмыстың кейбір салаларын зерттеп – үйрену, оны талдап қорыту талап етіледі. Сол арқылы басқару ісінің сан қилы мәселелері мен өзіндік жағдайларын ұғынуға мүмкіндік туады. Оқу курсының негізгі мақсаты – студенттерді педагогикалық басқарудың ғылыми негіздерінен хабардар ету, оны теориялық және практикалық мәселелерімен жеке таныстыру. Педагогикалық менеджмент – педагогикалық білім жүйелерінің қалыпты дамуы мен қызмет етуіне қажетті басқарудың технологиялық әдістері мен тәсілдерінің, оны ұйымдастыру формалары мен принциптерінің тұтас кешені. Мұнда негізгі нысана білім беру үрдісіндегі танымдық, тәрбиелік, дамытушылық мақсаттарды жүзеге асыруды басқару болуы керек. Кез келген пән мұғалімі сол ғылым негізі бойынша оқу – танымдық шараларды орындаса, ал білім мекемесінің басшысы бүкіл оқу орнындағы оқу – тәрбие жұмысының менеджері қызметін атқарады. Сонымен қатар, педагогикалық менеджмент (білім беру процесін тиімді басқарудың теориясы, әдістемесі мен технологиясы) өзіндік ерекшеліктері, өзіне тән заңдылықтары бар пән. Сонымен қатар болашақта мұғалім боламын деген студенттердің еліміздегі білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың қандай тәртіппен іске асырылып жатқанын, оның басқару жүйесінің құрылымын, олардың әрқайсысына тиісті міндеттерді терең сезінуіне мүмкіндік ашады. Жоғарғы білім беру экономикасы – экономикалық ілімнің әлі толық зерттелмеген және қиын саласы. Бір қарағанда, білім – бұл қоғамның кірісінің бір бөлігін қамтамасыз етіп отыратын, таза шығын аумағы. Жылдық есеп құрған кезде үкімет кірістің жартысын білім саласына бөледі, бірақ елдің тікелей жылдық бюджетінде осы саладан түсім болмайды. Білімді қолдау барлық елде және белгілі мөлшерде болады. Маман дайындаудың мөлшері елдің ұлттық табысының жоғары білімге жұмсалған қаржысы есебінен өседі. Ол тұрғылықты халықтың білім деңгейі және елдің дамуының байланысы қалыптасады. Жоғарғы білімнің проблемасы – елдің кешенді даму мәселесі болып табылады. Бірақ жоғарғы мектеп үлкен жауапкершілік пен талапқа сәйкес құрылады. Ең төменгі деңгейдегі білім, немқұрайлық, кәсіби медициналық көмектің жоқтығы, білім берудегі материалдық базаның талапқа сай болмауы, тұрғылықты халықтың елдегі экономикалық даму мен индустриялану мәселелерін шешуде дайын емес екендігін көрсетеді. Педагогикалық іс-әрекеттің жаңашылдық бағыттары: басқарудың заңдылықтары мен қағидалары. Жаңалық, жаңашылдық және жаңалықты ендіру: дамудың ерекшеліктері мен кезеңдері. Жаңалықты басқарудағы тиімді технологиялар (модерация, жобалау және т.б.). Жаңа үдерістерді басқару барысындағы оқушылар мен педагогтардың тұлғалық өзін-өзі анықтауы. Жаңа үдерістерді басқару барысындағы алқалық қағидасы. Жаңа үдерістердің нәтижесін болжау және бақылау.
Бекіту сұрақтары:
1.Мектептегі жаңалық және жаңашылдық үдерісі дегеніміз не?
2.Қазіргі мектептегі жаңашылдық үдеріспен басқарудың ерекшеліктері қандай?
3.Педагогикалық іс-әрекеттің жаңашылдық бағыттары: басқарудың заңдылықтары мен қағидаларын атаңыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   41




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет