Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің
«Академиялық адалдық Кодексінен»
КӨШІРМЕ
сапалы білім алу;
онлайн режиміндегі сабаққа тұрақты қатысу және электрондық платформаларды («ZOOM» «MOODLE» және т.б.) бекітілген кестеге сәйкес қолдану;
оқытушының силлабуста көрсетілген талаптарын орындау;
тапсырманың барлық түрлерін (ОСӨЖ, диплом жобасы және т.б.) өзбетінше орындау және көрсетілген мерзімде оқытушыға ұсыну;
ағымдық, аралық, қорытынды бақылау тапсырмаларын орындау кезінде шпаргалка, ұялы телефондарды қолданбау;
оқу, ғылыми-зерттеу жұмыстарын орындау кезінде автордың атын көрсетіп түрлі деректерді пайдалану, пайдаланылған деректер тізімінжұмыс соңында көрсету;
ақпаратты шынайы және сенімді көздерден алу;
өзінің орындаған жұмысын басқа білім алушыға ұсынбау;
жеке, туыстық және қызметтік қарым-қатынастарды пайдалану арқылы оқытушыға және әкімшілікке пара ұсынбау.
ЕСКЕРТУ! Курс саясаты университет үшін ортақ.
1 Қосымша
Білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың дәстүрлі бағалар шәкіле және ECTS (иситиэс) аударылған балдық-рейтингтік әріптік жүйесі
Әріптік жүйе бойынша бағалар
|
Балдардың сандық эквиваленті
|
Балдар (%-тік құрамы)
|
Дәстүрлі жүйе бойынша бағалар
|
А
|
4,0
|
95-100
|
Өте жақсы
|
А-
|
3,67
|
90-94
|
В+
|
3,33
|
85-89
|
Жақсы
|
В
|
3,0
|
80-84
|
В-
|
2,67
|
75-79
|
С+
|
2,33
|
70-74
|
С
|
2,0
|
65-69
|
Қанағаттанарлық
|
С-
|
1,67
|
60-64
|
D+
|
1,33
|
55-59
|
D-
|
1,0
|
50-54
|
FX
|
0,5
|
25-49
|
Қанағаттанарлықсыз
|
F
|
0
|
0-24
|
2 Қосымша
«Оқытудың кредиттік технологиясы бойынша оқу процесін ұйымдастыру қағидаларынан » (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 12 қазандағы № 563 бұйрығы)
КӨШІРМЕ
2-параграф. ОКТ бойынша оқу процесі
36. Білім алушылардың оқу жетістіктері (білімі, іскерліктері, дағдылары мен құзыреттері) халықаралық практикада қабылданған цифрлық эквиваленті бар әріптік жүйеге және дәстүрлі жүйедегі бағаларға сәйкес келетін 100 балдық шкала бойынша (оң бағалар «А»-дан «D»-ға дейін азаю арқылы және «қанағаттанарлықсыз» - «FX», «F») балдармен бағаланады.
«FХ» белгісіне сәйкес келетін «қаанағаттанарлықсыз» баға алған жағдайда,білім алушы оқу пәнінің/модулдің бағдарламасын қайта өтпей-ақ қорытынды бақылауды қайта тапсыру мүмкіндігіне ие.
«F» белгісіне сәйкес келетін «қаанағаттанарлықсыз» баға алған жағдайда, білім алушы осы оқу пәніне/модуліне қайта жазылады, оқу сабақтарының барлық түрлеріне қатысады, бағдарламаға сәйкес оқу жұмысының барлық түрлері орындайды және қорытынды бақылауды қайта тапсырады.
Достарыңызбен бөлісу: |