1. ПӘн туралы жалпы мәліметтер


Мектептегі әдістемелік қызмет және мұғалімдерді аттестациялау



бет23/41
Дата31.05.2022
өлшемі2,31 Mb.
#145641
түріҚұрамы
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   41
Байланысты:
Syllabus менеджмент ҚТӘ 3 курс 2021 каз. 2 (копия)

Тақырыбы: Мектептегі әдістемелік қызмет және мұғалімдерді аттестациялау
Сағат саны:2
Тақырыптың негізгі сұрақтары/ жоспары:
9.1. Мектептегі әдістемелік қызмет.
9.2. Мұғалімдердің әдістемелік бірлестігінің түрлері мен рөлі.
9.3. Мектептегі әдістемелік қызметті ұйымдастыру формалары мен қағидалары.
9.4. Жас мұғалімдер мектебі. Тәлімгерлік. Педагогикалық шеберлік мектебі..
Дәріс тезисі: Мектептегі әдістемелік қызметті ұйымдастыру формалары мен қағидалары. Қазақстан Республикасы «Білім» туралы Заңының 51 бабының 5 -тармағында «Мұғалім өзінің педагогикалық шеберлігін, парасаттылығын, шығармашылық және жалпы ғылыми деңгейін үнемі жетілдіріп отыруға міндетті» - делінген. Мұғалім еңбегі жоғары деңгейдегі ұтқырлығымен, күрделілігімен және жан-жақтылығымен ерекшеленеді, бұл оның терең және кәсіптік білімінің, білік-дағдыларының болуын қажет етеді. Өзіндік білім алудың шеңберінен тыс мұғалімнің тұлғалық және кәсіптік дамуы мүмкін емес.Мұғалімнің кәсіптік дамуының бағдарламасы. Мұғалімнің өзіндік білім алуына ықпал етеді: ақпаратпен күнделікті жұмыс; шығармашылыққа деген ынта-жігері ; қазіргі ғылымның жылдам дамуы; өмірде, қоғамда болып жатқан өзгерістер; бәсекелестік, қоғамдық пікір , материалдық ынталандыру, қызығушылық. Мұғалімнің кәсіптік даму бағдарламасына іздеу, зерттеу қызметінің мүмкіндіктері жатады. Педагогикалық қызметті талдау барысында теориялық білім алудың, диагностика мен өзіндік диагностиканы игерудің қажеттілігі туады. Мектептерде педагогикалық тәжірибені зерттеу, жинақтау ісі күрделі және шығармашылық мәселелердің бірі болып табылады. Педагогикалық тәжірибе - оқыту, білім беру және тәрбие тәжірибесі, дәлірек айтсақ нәтижесі оқушының жеке тұлғалық сапаларынан көрінетін, белгілі бір мақсатпен ұйымдастырылатын педагогикалық процесс. Көпшілік мұғалімнің педагогикалық тәжірибесі - бұл педагогикалық ғылымының жетістіктерін қолданып, жұмыс істеп жатқан білім беру ұйымдарының тәжірибесі. Озат педагогикалық тәжірибе сөзін түрліше түсінеміз. Кең мағынада озат педагогикалық тәжірибе - мұғалімнің шеберлігінің жоғары деңгейі, тұрақты педагогикалық нәтиже беретін оқыту және тәрбие тәжірибесі. Мұғалімнің тәжірибесінде жаңалық болмауы мүмкін, бірақ ол ғылымда белгілі принциптерді, әдістерді табысты түрде қолданып, басқа мұғалімдерге үлгі болып, озат тәжірибесі басқа мектептерге таратылады.
Бекіту сұрақтары
Мектептегі әдістемелік қызмет қалай ұйымдастырылады?
Мұғалімдердің әдістемелік бірлестігінің түрлері мен рөлі қандай?
Мектептегі әдістемелік қызметті ұйымдастыру формалары мен қағидалары қандай?
Жас мұғалімдер мектебі мен тәлімгерлік қалай ұйымдастырылады?.
Педагогикалық шеберлік мектебінің мақсаты не?
Әдебиет:

  1. Есполов Т.И., Сулейменов Ж.Ж. Менеджмент. – Алматы, 2003.

2 .Борытко, Н. М. Управление образовательными системами: Учебник для студентов педагогических вузов Волгоград: Изд-во ВГИПК РО, 2006г
3. Шамова Т.И. Управление образовательными системами: учеб.пособие для студентов вузов, обучающихся спец. "Педагогика и психология", "Педагогика" М.: AcademiA, 2007. – 385 с.
4. Симонов В.П. Педагогический менеджмент: учеб.пособие М.: Высшее образование: Юрайт, 2009. – 357 с.
5.Солнцева Н.В Управление в педагогической деятельности: учебное пособие.- М.: Флинта, 2012.-115 с
Тақырыбы: Технологиялық тәсіл негізінде мектепті басқару
Сағат саны:2
Тақырыптың негізгі сұрақтары/ жоспары:
10.1 Мектепішілік басқару жүйесіұйымдық құрылымы мен қызмет ретінде.
10. 2.Басқару жүйесін дамыту мен әрекеттестіру шарты мен қағидалары.
10. 3. Басқару жүйесінің мақсаты мен негізгі міндеттері.
4. Басқару жүйесінің құрылымы
.Дәріс тезисі: Мектепішілік басқару жүйесіұйымдық құрылымы мен қызмет ретінде. Басқару жүйесін дамыту мен әрекеттестіру шарты мен қағидалары. Басқару жүйесінің мақсаты мен негізгі міндеттері. ХХ ғасырдың көрнекті менеджерлерінің бірі Ли Якокконың ойынша: «Басқару – басқа адамдарды еңбекке бағыттау түрінде саналады» дейді. Ежелгі Грецияда басқарушының әрекетін анықтай отырып, Сократ та осы тәріздес пікір айтқан: «Негізгі міндет – қажетті адамды қажетті орынға қою және нұсқаулардың орындалуына қол жеткізу» делінген. Олай болса, басқарушы – басқарудың субъектісі, басқарылатын басқару объектісі болып саналады. Басқарудың негізі – басқару шешімдерінің қабылдануы және орындалуы. Белгілі бір ұйымды басқару нәтижелі болу үшін ұйымда нәтижелі басқару жүйесі құрылуы тиіс. Практикалық іс-әрекет ретіндегі педагогикалық басқару – оқушылардың оқуы мен тәрбиесін басқару. Педагогикалық басқару теориясы – мемлекеттік және қоғамдық ұйымдар жүйесі, ұжымдар мен жеке адамдар жүзеге асыратын тәрбие мен оқыту процестерін басқару туралы ілімдер жүйесін құрайды. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында: «… білім берудің тиімді жұмыс істейтін қазақстандық жүйесі қалыптастыратын, қазіргі әлемде Қазақстанның лайықты орын алуына мүмкіндік беретін оқыту мен кадрларды даярлаудың сапалық білім деңгейіне қол жеткізетін болады» деп, атап көрсетілген. Яғни, «жаңа» қоғамға «жаңа» сапалы білім мен кәсіби маман қажеттігімен сипатталады. Мұндай талап – міндеттерді орындау қазіргі заманға білім беру жүйесінің алдында тұрған басты міндет болып табылады. Осыған сәйкес, белгілі ғалымдар И.Лернер, Ю.К. Бабанский білім сапасының түрлеріне келесі сипаттамалар арқылы береді. Мектептегі рухани-психологиялық климат. Басқарудың негізгі қағидалары. Еңбекті тігінен және көлденеңінен бөлу. Басқару жүйесінің құрылымы. Жұмыскерлердің лауазымы бойынша қызметтері. Басқару формасы. Педагогикалық кеңес, оның мақсаты мен міндеттері, қызметі және өкілеттілігі. Басқарудың әдістері мен құралдары. Басқару қызметінің түрлері (қызметі) және оларға сипаттама. Жобалау, ұйымдастыру, бақылау, ақпаратты жинау және талдау жасау, міндет қою. Мектепті технологиялық тәсілмен басқарудың түйіні. Басқару жүйесін құрастыру моделіне қойылатын талаптар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   41




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет