Күн дақтарын астрономиялық бақылау. Мақсаты: Телескоп көмегімен Күннің кескінің көру, күн дақтарының өлшемдерін бағалау.
Құралдар: мектеп телескопы, телескопқа окулярлық микрометр, қорғаныс фильтр.
Теория. Күн — Күн жүйесінің орталық денесі, Жерге ең жақын жұлдыз. Күн – спектрлік класы G2V, абсолют жұлдыздық шамасы +4,83 болатын сары ергежейлі жұлдыз. Ол біздің Галактика центрінен 9 – 10 кпк қашықтықта орналасқан. Жақын жұлдыздармен салыстырғанда Күн 1,97х104 м/с жылдамдықпен Геркулес шоқжұлдызы бағытында қозғалады; Галактика центрін 230 млн. жылда бір рет айналып шығады. Бүкіл күн жүйесі массасының 99,866%-ы Күнде жинақталған. Жерден Күнге дейінгі орташа қашықтық 1,496*1011 м.
Күн – қызған газды шар (центріндегі температура 107 К, тығыздығы 105 кг/м3). Күн ішінде өндірілетін энергияның орташа мөлшері 1,88*10–4 Вт/кг. Күннен Жер орбитасы бірде алыстап, бірде жақындауына байланысты Күннің көрінерлік радиусы жыл бойы өзгеріп отырады. Күннің активтілігімен байланысты болатын магнит өрісінің кернеулігі Күн дақтарында 100 кА/м-ге жетуі мүмкін. Күнде өте кең тараған элемент – сутегі. Оның атомдарының санынан гелий атомдарының саны 7 – 8 есе аз, ал қалған өзге элементтердің саны сутек атомдары санынан 1000 есе аз. Күн құрамында басқа элементтерге қарағанда оттек, көміртек, азот, магний, кремний, темір басымырақ. Күннің тікелей бақылауға келетін сыртқы қабаттары, оның атмосферасын қалыптастырады.
Күн атмосферасын шартты түрде бірнеше қабаттарға бөледі. Атмосфераның қалыңдығы 200-300 км болатын ең терең қабаты фотосфера деп аталады (жарық сферасы). Одан Күннің барлығына жуық жарық энергиясы шығады. Сондықтан фотосфераның сыртқы қабаттарының температурасы 8000 К-нен 4000 К-ге дейін қатты салқындайды. Бірақ атмосферадағы осы температура, алдымен жайлап, соңынан тез жоғарылай бастайды. Күн атмосферасының бұл аймағы хромосфера ден аталады. Оның температурасы ондаған және жүздеген мың кельвинге жетеді. Ол күннің толық тұтылуынан сирек болатын сәттерінде, Айдың қара дөңгелегінің айналасында жарқыраған қызғылт жиек түрінде көрінеді. Хромосферада жоғары Күннің радиусындай аралықта Күн газдараның температурасы өзгермейді. Бұл сиретілген және ыстық қабық күн тәжі деп атлады. Күн тәжінің шұғыла шашқан түрін Күн тұтылуының толық фазасы кезінде көруге болады. Осы кезде ол таңғажайып әдемі көрініс береді. Әрі қарай, күн тәжінің газы планета аралық кеңістікте таралып, Күннен тұрақты таралатын күн желі деп аталатын ыстық сиретілген плазма ағынын құрайды. Күннің бақыланатын жарқырауы ұзақ уақыт бойы сақталуы үшін оның ішкі энергиясының жеткілікті қорлары және бұл энергияны сәуле шығару энергиясына айналдырып, өңдейтін процестер қажет. Күн қойнауында термоядролық реакциялар жүреді, оның нәтижесінде әлемдік кеңістікке шығатын энергия мөлшері бөлінеді.
Күн – қатты қызған (беткі температурасы – 6000С), плазмалық шар (тығыздығы 1,4 г/м3). Оның лаулаған от пен протуберанецтер орналасқан тәжі бар. Күннің сәуле шығаруының – күннің белсенділігінің – 11 жылдық циклі бар. Күннің белсенділігінің ең жоғарғы шегінде оның бетінде ерекше көп дақ байқалады. Сутегінің гелийге айналуы кезінде Күннің ішкі құрылысы
1–Гелийлік ядро; 2-конвекция зонасы; 3-хромосфера; 4-фотосфера; 5–кун дақтары; 6-протуберанецтер; 7-тәж термоядролық реакциялар күн энергиясының көзі болып табылады.
Күннің бетінде орын ауыстыратын дақтарды ең алғаш телескопта Галилей байқаған. Осыған сүйене отырып Күн өз осін айналатынын дәлелдеген.Дақтар- тұрақты есем. Дақтардың саны мен пішіні үнемі өзгеріп отырады. Әдетте дақтар топпен пайда болады. Дақ топтарының саны 11 жыл сайын өзгеріп отырады. Осы уақытты күннің активтілік циклі дейді. Негәзгі ерекшелігі дақтардың магнит өрісі болады. Дақтарда өрістің кернеуліг өте жоғары.