1 практикалық жұмыс Математикалық маятник көмегімен бөлменің ауданын табу Құралдар



бет4/11
Дата30.04.2023
өлшемі119,84 Kb.
#175746
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
Физикалық практикум 11 сынып

Кюри нүктесін анықтау
Құралдар: кішігірім магнит, болат шеге, спиртовка, штатив, пробироканы ұстағыш (ағаш сабымен), термометр, таразы, пинцет, шыны стакан, мензурка.
Жұмыс барысы

  1. Мезуркамен судың V1 көлемін өлшеп стақанға құйыңдар.

  2. Судың t1температурасын өлшеңдер.

  3. Шегенің m2 массасын анықтаңдар.

  4. Ұстағышпен магнитті, ал штатиф муфтасында ағаш сабын бекітіңдер.

  5. Шегені магниттеп, оны спиртовканың отына қыздырасыңдар.

  6. Осы кезде шеге магниттен ажырайды. Сол сәтте пинцетпен шегені алып суы бар стақанға салыңдар.

  7. Термометрмен стақандағы θ температурасын өлшеңдер.

  8. Жылулық баланстың теңдеуін жазыңдар:

,

осында c1 – судың меншікті жылусыйымдылығы, ρ – судың тығыздығы, с2 – болаттың меншікті жылусыйымдылығы (460 Дж / кг град).



  1. Болат шегенің ферромагниттік қасиеттері жойылған t2 температурасын (Кюри нүктесін) есептеңдер




Әдетте, оның мәні 820 ÷ 850 °C болады. Кестелік мәндеріне жуық болады (таза темір үшін Кюри нүктесі 769 °C, болаттың әртүрлі сорттарына– 800 ÷ 900 °С). Суығаннан кейін шегеде қайта өзінің ферромагниттік қасиеттері пайда болады. Оны тәжрибе жүзінде анықтауға болады.




Бақылау сұрақтары

  1. Қыздыру кезінде темірдің ферромагниттік қасиеттері неге жойылады ?

  2. Қалай темір стерженді магниттеуге болады?

  3. Магнеттиктердің қандай түрлерін білесіңдер?

4 практикалық жұмыс


Екінші ретті өткізгіштің вольт-амперлік сипаттамасын салу.
Құралдар: өткізгіш (мыс купоросының), шыны стакан, амперметр, вольтметр, ток көзі, реостат, электродтар (мыс немесе цинктан жасалған, не болмаса ағашқа бекітілген екі темір шеге), кілт.
Жұмыс барысы:

  1. Электродтарды сұйыққа батырып, 1-суреттегі сұлбаны жинаңдар.

  2. Реостатты максималды кедергіге қойып, кілтті тұйықтаңдар.

  3. Реостаттың көрсетуін 6-8 рет өзгертіп амперметр мен вольтметрдің көрсетуін кестеге жазып алыңдар.

  4. 1 кесте

    I, A






















    U, B






















  5. Өткізгіштің вольт-амперлік сипаттамасын миллиметрлік қағазда сызыңдар..



Бақылау сұрақтары:

  1. Салыңған графикпен қандай заң сипатталады?

  2. Графиктен өткізгіштің кедергісін қалай анықтауға болады?



Ескерту . бірнеше зерттеу өткізуге болады. Мысалы, сұйық ретінде газдалған сусын алып, басында кедергі (сұйық газбен қаннықан кезінде) бір мәнді, ал газды «шығарса», басқа мәнді көрсетеді. Немесе, дистиллирленген суды алып, бірітіндеп оған тұз салса, тұз концентрациясын өзгересіне кедергінің тәуелділігін көрсетуге болады.

  1. Металл өткізгіштің вольт-амперлік сипаттамасының түрі қандай болады?

  2. Жартылай өткізгіштік диодтың вольт-амперлік сипаттамасының түрі қандай болады?

  3. Газдағы токтың вольт-амперлік сипаттамасының түрі қандай болады?

  4. Вакуумдегі токтың вольт-амперлік сипаттамасының түрі қандай болады?

  5. Вольт-амперлік сипаттама деп нені айтамыз?

  6. Ток күші кернеуден қалай тәуелді болады?

  7. Қандай заңмен ол анықталады?

5 практикалық жұмыс


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет