5) Сезім мен эмоция. Жоғары деңгейдегі сезім және күрделі эмоциялардың түрлері.
Сезім — айналадағы заттар мен құбылыстардың адам қажеттеріне сәйкес келу-келмеуінен туындайтын жан қуаты. Қажеттердің өтелу жағдайына қарай адамдарда әртүрлі (ұнамды, ұнамсыз) сезімдер пайда болады. Қуаныш, қайғы, ашу, ыза, құмарту, шошыну, наздану, қорқу, қайғыру, үрейлену, т.б. — сезімнің эмоция деп аталатын қарапайым түрлері. Адамдардың тіршілік қажетіне, өзара қарым-қатынасына байланысты олар түрлі деңгейде көрінеді. Адамның органикалық қажеттері мен инстинктеріне байланысты қарапайым, өткінші эмоциялардан (күлкі, жылау, т.б.) мұның күрделі түрлерін (аффект, көңіл, құмарлық, стресс) ажырату қажет. Эмоциялардың бәр-бәріне ортақ белгі — олардың ситуациялығы, яғни нақты жағдайға орай туатындығы, сондай-ақ түрлі мәнерлі қозғалыстарға (бет, дене, қол, т.б.) бай келетіндігі.
Сезім — тікелей ми қабығы жартышарларының жұмысы болса, эмоциялар — көбінде ми қабығы астындағы аймақ пен ми бағанасы бөліктерінің (сопақша, ортаңғы аралық, т.б.) қызметінен туындайды. Адам сезімдері мен эмоциялары қашанда тарихи-әлеуметтік сипатта болады, оның мазмұнын қоғамдық болмыс белгілейді.
Адам эмоцияларының ішінде оның күрделі түрі — көңілдің алатын орны зор. Көңіл — адам мінез-құлқына белгілі реңк беріп, одан біраз уақыт бойына байқалатын жалпы эмоциялық жағдай. Көңіліне қарап адамдарды шат-жайдары, жылы жүзді, түсі суық, ызалы, т.б. деп ажыратуға болады. Көтеріңкі көңіл адамға қуат береді, ондай кісі оптимист болады («Сырдың суы сирағынан келмеу»), ал уайым-қайғы кісіні кейде жүнжітіп, жабырқатып жібереді. Көңіл ылғи да сыртқы, (шкі әсерлерден туындайды.
Тек адамға ғана тән жоғары сезімдерге имандылық, рухани адамгершілік, эстетикалық, интеллект сезімдері кіреді. Қоғамның накты талабына сәйкес адам мінез-құлқынан жиі көрінетін сезімдердің бірі — адамгершілік сезімдері. Бұл өте кең мәнді сезім, мұның мазмұнымен қатар құрылымы дә күрделі келеді. Бұлар ең алдымен қоғамдық мәнді және жеке көңіл — күйге байланысты екі топқа бөлінеді. Бұл екеуі бір-біріне қайшы келіп қалуы да мүмкін. Бірақ сана-сезімі жетілген, көзқарасы мен сенімі қалыптасқан адамда мұның біріншісі басым болып отырады
Достарыңызбен бөлісу: |