1. Психологиялық тренинг туралы жалпы түсінік, пайда болу тарихы



бет18/97
Дата29.12.2021
өлшемі0,74 Mb.
#128979
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   97
Байланысты:
тренинг билеттер түгел
тренинг билеттер түгел
25Тақырып: Педагогикалық тренинг бойынша сабақ құрылымы: алғашқы кезең-разминка.

26Тақырып: Педагогикалық тренинг бойынша сабақ құрылымы: тренингтің негізгі кезеңі.
27Тақырып: Педагогикалық тренинг бойынша сабақ құрылымы: тренингтің қорытынды кезеңі.

Ең басты назар аудару керек нарсе - ол тренинг топтың  құрылуына.  Бұл топтық құрылудың  екі түрі бар : «құрама» топтық ұйым, яғни мұнда  қатысушы мамандар  әртүрлі  мекеме, ұйымдардан келгендер немесе  бір ұжымдағы адамдар  қатысады,  мысалы  бір мектепте жұмыс істейтейтіндер. Екі түрлі топпен де жүргізілген жұмыс тәжірибесі бойынша, екінші топ тренингтің нәтижесінің тұрақтылығы, келесі бірлескен жұмыстың тиімділігін көтеру, инновациялық технологияларды енгізу жоспары бойынша тиімді болып келеді. Егер тренингке бір мекемеден бір адам қатысатын болса, өз потенциалын ғана жүзеге асыруға тырысады да, онда пайда болған өзгерістер өз мекемесінде қалыптасқан нормалармен және құндылықтармен сәйкес келмелей, кәсіби өзін-өзі дамытуы қиынға соғады.

Керісінше, психологиялық  тренингке бір мекеменің қызметкерлерінен құрылған топ қатысса, ол өз ұжымында жаналық енгізудің инициаторы және мекемеде өзгерістер енгізуге қабілетті  қызметкер бола алады. Сондықтан, қалыптасып қойған кәсіби ұжыммен тренинг жүргізген  тиімді. Тренингтік жұмысты ұйымның  әкімшілік қызметкерлерінен, басшылармен, директорлармен бастаған жөн. Бұл жұмыстың мақсаты басшылардың қызметкерлерімен психологиялық жұмыстың жаңа формасын қабылдауына мотивациялар тудыру.

      Сабақ өткізілетін орын дыбысты сыртқа шығармайтын және бөтен адам жұмысқа кездейсоқ кедергі келтірмейтін жерде орналасуы керек. Сабақ 10-12 сағатқа созылуы мүмкін болғандықтан, кабинетте кең, ыңғайлы болуы керек және желдетіліп отыруы қажет. Қатысушыларға ыңғайлы және жеңіл орындықтармен қатар, кабинетте үлкен парақтарынмен планшет (жүргізуші оған фломастермен бірдеңе жазуы немесе сурет салуы мүмкін), видеомагнитофон мен теледидар болуы керек. Кабинеттегі кеңістік кең болып, қатысушылардың шеңбері кабинеттің жартысын алып, ал қалған жартысында маттар мен кілем жайылып жатса ыңғайлы болады (медитация немесе денелік терапия жаттығуларын жасағанда ыңғайлы).

Жұмыс барысында бір жарым  сағат сайын 10 минут үзіліс жасалады. Екі сағаттық түскі асқа үзіліс болуы  да мүмкін.

Тренинг жұмыстарын, топтағы қатысып отырған адамдарың жұмыс орындарында емес, арнайы даярланған мекемеде өткізгені дұрыс. Тренингті қала сыртындағы санаторияда, пансионаттарда өткізуге болады. Егер де тренинг 5-6 күнге созылса қатысушылар онда тек қана өмір сүріп, тамақтанып қана қоймайды, сонымен қатар дем алып, спортпен айналысады. Марафондық-тренинг уақытында үйге түнеуге бармаған жөн. Үйге кету – теренингтағы атмосферадан және  контекстан «құлау» болып табылады. Соның әсерінен топтағы динамика тежелуі мүмкін.  Егер қатысушы құпиялық принципті сақтамай топтпғы болып жатған нәрселерді үйдегілеріне айтса, топқа зиянын келтіру мүмкін.  Тренинг өткізу барсында «сыртқы өмірімен» қарым-қатынасын азайтқан  жөн ( жұмысына, үй ішіне қоңырау салудан алшақ болған абзал).

Жұмыс өткізілетін мекеме, ешкім кедергі болмайтын орында орналасуы керек. Сабақ 10-12 сағатқа созылуы мүмкін, сол себептен  жұмыс жүргізілетін орын  кең, ынғайлы, желдетіп тұрулы керек. Қатысушыларға арналған ыңғайлы креслолар, шеңберде тұрған адамдарға арналған  планшеттер, жүргізушінің айтқан сөздерін  жазып алу үшін ақ қағазадр, фломастерлер видеомагнитофондар қажет. Жұмыс жүргізілетін орын кең болып,  бір жағынды қатысушылар жұмыс жасаса, ал екінші жағында кілем жайылып жатқаны жақсы (ол медитация, денеге бағытталған терапия жаттығуларын жүргізу үшін өте ыңғайлы).

              Тренингтік бағдарламаның мазмұндық аспектілері.

  Әр топ үшін мазмұнды  және фромальды  өздерінің  бағдарламалары құрылады. Ол бағдарлама  мыналарға байланысты : елде болып  жатқан жағдайлар,  соңғы кезед  болған нақты бір оқиғалар, өмірлік  проблеманын мәлімделуі, ортақ психологиялық  мәдениеттің деңгейі т.б. Сонымен қатар тренингтің тұрақты өзінің құрлымы бар. Тренингтің бағдарламасы  өз ара байланысатын үш тематикалық блогтан тұрады.

Бірінші блок қатысушының өзінің жеке ерекшеліетерін және оптимизациялық өзіне деген  көңіл бөлінуін сезінуіне бағытталған. Ол тренингке қатысушылардың өзінің ерекшеліктеріне, аландаушылықтарына, ойларына, өзінің үйреншікті қабілеттеріне, өзі туралы пікіріне зейін қойюға бағытталған жаттығулардан тұрады.

Осы этапта жүргізуші алдына мынандай мақсат қояды: тренинг кезінде қатысушылар өздерін айқын айнадан көріп, өз-өздерін бағалап, өз-өздеріне есеп бере алатындай, сонымен қатар айнадан топтағы қатысушылардың пікірін, өздерінің жеке қасиеттерін бағалайтындай жағдай туғызу керек. Мында өзінің ойлауы мен қайғыруының күнделікті  рефлекстік вербализациясы мүмкіндік туғызады. Осы кезеңде неадекватты өзін қабылдаудағы, әдеттегі  стереотипі бұзыла бастайды, бағалау  және өзін бағалаудың нығайтылған жүйесі күман туғызады да, аяқ астынан адамның мені ашылады.

Екінші блок қатысушылармен бірге кәсіби жүйедегі әріптестерімен , әкімшілікпен, жанұя мүшелерімен тұлға аралық қатынасқа түсінуде өзін ұғынуға бағытталған.  Тұлғаның психологияллық ерешеліктерінің дамуына, әлеуметтік  және коммуникативттік ерекшеліктеріне, әдеттегі қарым-қатынас тәсілн түсінуіге, тұлғааралық әрекеттесудегі қателеріне талдау жасауға басты назар аударады. Топтағы қатысушылар іскер әріптестерімен   жұмыста істейтін ұжым мен, әкімшілікпен іскерлік әрекеттесу және қарым – қатынасқа түсудегі ережелермен танысады.  Бұл мақсатта вербальді емес техникалар, рөлдік ойнадар қызмет атқарады.

   Үшінші блок қатысушылар өздерін кәсіби жүйедегі іс –әрекетін, осы жүйеге деген оптимимизайиялық көңіл бөлуін қабылдауға бағытталған. Тренинке қатысушыларға мынандай тапсырмалар беріледі:  кино «түсіру»немесе «мылқау» спектакль қою, роман жазу. Мұндай тапсырмаларды орындау – топты ұйымшылдандыру тәсілі және әрбір адамның шығармашылық қабілетін жүзеге асыру ғана емес, сонымен қатар қатысушылардың мінез-құлқындағы өзгерістерді талдауға, олардың маскасын шешіп, өзінің шығармашылық Менін ашуға мүмкіндік беретін диагностикалық тәсіл.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   97




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет