1. Психологиялық тренинг туралы жалпы түсінік, пайда болу тарихы


Тренинг топтың жұмыс істеу принциптері



бет21/97
Дата29.12.2021
өлшемі0,74 Mb.
#128979
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   97
Байланысты:
тренинг билеттер түгел

Тренинг топтың жұмыс істеу принциптері.


  1. Қарым - қатынасты диалогтау принципі. Топ сабақтарында бір - бірімен қарым - қатынастарында теңдік, қатынасушылардың бір - бірін сыйлауы, құрметтеуі, бір - біріне толық сенімділіктері. Топ мүшелерінің біреуінің немесе бірнешеуінің басыңқы болуынан қарым - қатынастың сипаты диалогтан монологқа өтеді деөзінің негізгі сипатын жоғалтады және бұл тренинг табиғатына керісінше болады.


  2. Үнемі «кері байланыс» принципі. Тренинг барысында қатысушының өз әрекеті нәтижесі туралы топтың басқа мүшелерінен хабарды үздіксіз алып отырды. «Кері байланыстың» арқасында адам өзінің мінез - құлқын түзете алады, нәтижесіз қарым - қатынас тәсілдерін жаңа мен алмастырады, оны қоршағандарға әсер ету арқылы тексеру. Топта қатынасушылардың кері байланыс жасауына жағдай жасалуы керек (басқаға оның өзі туралы айту) және кері байланысты алуға да жағдай жасалуы керек (басқалардың өзі туралы айтқаннын тыңдау).Осындай кері байланыс дамуды көрсетеді.


  3. Өзіндік диагностика принципі қатысушылардың өзін ашуы, өзінің жекелей маңызды мәселелерін осылар арқылы түсіну және қортындылау. Сабақ мазмұнында адамның өзін - өзі тануына көмектесетін жаттығулар бар. Топ мүшесінде өзін әр түрлі жағдайда көретіндей мүмкіншілік болуы керек.


  4. Дамудың оптимистік принципі жүргізуші диагностика және белгілі бір психикалық күйді түзету жолдарын көрсетіп қана қоймайды, ол ол тренингке белсенді түрде қатынасады, жағдайды өзгерту үшін түрлі жаттығулар қолданылады. Жүргізуші қатысушылардың өзіндік дамуын бір белгілі бағытқа бұрып, жол көрсетіп отыруы керек.


  5. Ақыл - ой және өзіндік сфераны үндестіру принципі. Тренинг үшін бір жағынан үлкен эмоционалды күш сипат, топта өтіп жатқан жағдай қатынасушыларда шын қобалжуларын тудырады. Бұл оларды ашықтыққа итермелейді. Серігіне сенуге, бір - біріне деген қарым - қатынастарының адамгершілікті болуын тренинг, ақыл - ойды белсендендіреді - жағдайды талдау. Бұндай ақыл - ой әрекетінің негізгі формасы - топтың пікірталас (сабақтың барлығында қолданылады).


  6. Өз еркімен қатысу принципі. Бұл барлық тренингте, жекелеген сабақтарда, жаттығуларда ескеріледі. Топ жұмысының барысында өз жеке басында болатын өзгерістерге қатынасушының шынайы ішкі қызығушылығы болуы қажет. Қатынасушыдан еркінен тыс жағымды мағынада өзгерулерді талап етуге болмайды.


  7. Топ мүшелерінің тұрақтылығы принципі. Топ мүшелерінің құрамы тұрақты болуы керек. әрбір сабақ сайын жеке адамдардың келуі нәтижені өзгертеді.


  8. Батыру принципі. Сабақтың өткізілетін уақыты жұмыс бастамас бұрын анықталып алынуы керек. Әлеуметтік - психологиялық тренинг өткізудегі тәжірибе мынандай қорытынды жасауға негіз береді: көп уақытты талап ететін жұмыс көп нәтиже береді - батыру - 3 - 4 сағат, бір сабаққа. Аптасына сабақты бір рет өткізу керек. Егер мүмкіншілік болса, мақсатты «қысылған» сабақтарды 2 - 3 күнде, интенсивті тренингті күніне 6 - 7 сағатта өткізуге болады. 24 сағатқа созылатын тренинг - морафондар, оны алдын ала дайындалған қатынасушылармен өткізуге ғана болады.


  9. Оңашаланғандық принципі. Қатынасушылардың оларды ешкім тыңдап тұрмағанына толық сенімділігі - сөзсіз талап болып табылады. Егер жүргізушіге сабақты аудио немесе видео жазу жүргізу қажет болса, ол топтың барлық мүшелерінің келісімін алуы керек. Тренинг жаттығуларының көп бөлігі әдейі аудио немесе видео жазылып алуы керек болуы мүмкін, ол келесі сабақтарда қатынасушылардың өздері үшін қажет материал болады. Қандай жағдайда болмасын таспаға жазу топ мүшелерінің келісімі арқылы жүреді.


  10. Бос кеңістік принципі. Сабақ өтетін бөлмеде кең қозғалуға дөңгеленіп отырғанға, 3 - 5 адамнан микротоп құрғанға, жекеленуге жағдай жасалуы керек.



29-сұрақ Тренинг топтың жұмыс істеу принциптері:қарым-қатынасты диалогтеу принципі

Тренингті бастау  алдында жетекші маңызды  сұрақтарды қарастырып, тренинг шарттарымен таныстыруы тиіс. Жетекші тренингтің барлық нормаларымен және принциптерімен таныстыруы тиіс:

Ұстаным бойынша қатынас «осында және қазір». Көптеген қатысушыларға тренинг жұмысы өткен және болашақтағы оқиғаларды талқылау. Бұндай жағдайда психологиялық қорғаныс механизмі іске қосылады. Бірақ тренингтің басты идеясы мынадай  жағдайдан тұрады, ол топтың үлкен айнаға айналуы немесе айналар жүйесін құруы, осында әрбір қатысушы жаттығулар барысында сол айнадан өзін көре алуы тиіс. Бұл өз жетімісін беруі мүмкін, егерде топта кері байланыс жақсы дамыған болса, және қатысушылардың бір-біріне деген үлкен сенімі.

Жеке-дара пікір айту ұстанымы. Бұл ұстанымның негізі әлеуметтік жұмыскер  тренинг барысында көпше түрдегі сөздерді емес жеке өзінің ойын толық жеткізуі. Яғни «біздің ойымызша…» немесе «көптің айтуынша…» деген формадағы сөздерді емес, «менің пікірімше, бұл…» деген формадағы сөздерді қолдануды дағдыға айналдыру.

Екпінін айқын етіп айту ұстанымы. Осы ұстанымға сәйкес кез келген қатысушы өзінің сөйлеуі барысында екпінмен айту, эмоциялдық  күйлерге  түсіп баяндап беруі тиіс. Мәселен мынадай жағдайлар болмауы тиіс «сенің сөйлеу екпінің мені ашуландырып жатыр». Сондықтан әрбір қатысушы өзінің сөз сөйлеу екпінін дұрыс қоя білуі шарт және өздерінің көңіл-күйлерін білдіре алуы тиіс.

Белсенділік ұстанымы. Тренинг барысында бұл ұстанымды қолдану барлық қатысушылардан талап етіледі.  Мұндағы басты міселенің негізгі мақсаты қатысушылар белсенді қатысып өздерін, топты және әріптестерін тануы. Адамның жеке өмірі барысында ол тек өзінің жеке проблемалары төңірегінде ғана ой қозғайды. Осында қарастырылып отырған міселенің негізгі түйіні осы мәселені топтық жағдайда анализ жасауды үйрену.

Сенімділік ұстанымы. Тренинг қатысушыларының бір-біріне деген сенімі, пікір алмасулары барысында бірінін-біріне «сен» деп қарым-қатынас жасауы сенімділікті арттырады және басқаларды жақсы тануға септігін тигізеді. Және тренингтің алтын ережелерінің бірі «тек қана шындықты айту, шындық болмаса да өтірік айтпау»

Жария етпеу ұстанымы. Бұл ұстанымның негізгі мағынасы осы тренинг барысында сөз болған сұхбаттар тек осында қалуы тиіс, ол «сыртқа шықпауы шарт». Бұл да тренинг барысында қатысушылардың бір-бірне деген сенімінің артуына алып келеді, және қатысушылар ашық сыр-сұхбат құрып тренингті жүргізу оңай болады.

Қатынас жасаудың алғашқы заңнамаларының бірі- қатысушылардың қарсы пікір білдіруі, негізінен бұл мазасызданудан туындайды немесе жоғарғы деңгейдегі психологиялық қорғаныстың болуының салдары. Осы шырмалған пікірлерді шешу үшін,тренинг  топ бөлігін қолдануға болады (2-4 адам), осында қатысушылар өздерін толғандырған мәселелерді талқылай алады.

Тренинг барысында  керекті жолдастық жағдайды қалыптастыру үшін өзінің жеке оң көзқарастарын қатысушыларға жеткізе білу керек. Бұған үлкен көңіл бөлінеді. Өйткені өзін жақсы жақтан көрсете алу индивидтің өзін басқа қырларынан танылуына көмегін тигізеді және өзіне деген сенімділігі артып, күш-қуаты  молая түседі. Тренинг жүргізушісіне мынадай жағдайға көңіл бөлуі тиіс, кез-келген қатысушы топ тарапынан қысым көрмеуі тиіс.

Топтық жұмысты ұйымдастыру барысында, мынаны  негізге алу керек: қатысушылардың білім алуы, өздерін жетілдіруі тек эмоциялық уайымдап қою ғана емес, сонымен қатар сол мәселені жете түсіну, сол мәселені іштей қорыта алу, ол мәселелердің шығуын білу, яғни белгілі бір мәселелер мен сұрақтар пайда болғанда, сол  мәселелердің субъект тарапынан жоғары көңіл бөлінуі. Тренердің шеберлігі көбінесе мынаған тәуелді, ол алынған материалдарды қолдана алама, сол мәселелерді жан-жақты аша алама, кейде тиімді деген ойындар мен ситуациялар нәтиже бермеуі мүмкін, бұл кезде тренердің шеберлігі маңызды рөл ойнайды.

Керек жағдайда мынадай қолдау көрсету керек, егер топ мүшелері өзіндік ізденіске дайындығын айтса. Жетекші тренинг қатысушыларының бірін-бірі зерттеу мүмкіндігін жасау керек, және жұмыс жасау, топтағы әрекетін түсінуге көмек беруі керек. Мүмкіндігінше анализ жасау, топпен жұмыс барысында не болып жатқанын, топтың және индивидтің келесі бағыт-бағдарын айқындау.

Қорытынды жаттығуларды міндетті түрде қатысушыларды ескерту керек, олар әлеуметтік психологиялық тренингтегі қарым қатынастарын шынайы өмірге араластырмау. Ең алдымен топтың шынайы дамығанын тренингтің барысында үйренген білімін кейін кезездесетін критикалық кезеңдерде пайдалана алатынына көз жеткізу керек. Сонда біз топты саналы түрде өзгерді деп айта аламыз.

 

 



 

Тренинг топпен психологиялық  жұмыс жүргізудің ыңғайлы, конструктивті, жылдам әрекет етуші формаларының бірі. Тренинг арнайы іскерлік және рөлдік ойындарды, шешімді топпен бірігіп  табудың пікірталастық әдістерін, сонымен қатар адамның бойындағы  тұлғалықты қалыптастыруға бағытталған  түрлі тәсілдерді қамтиды. Мысалы, ресей  ғалымы Ю.Н. Емельянов: «Тренинг – кез  келген күрделі әрекетті, әсіресе  қатынасты білуге және игеруге бағытталған  қабілетті дамытатын әдістер  топтамасы», – деп айтқан [1, 95 б.].

Ал енді И.В. Вачков: «Өзін тану мен өзін дамыту дағдыларын қалыптастыру мақсаты үшін қолданылатын практикалық психологияның белсенді әдістерінің жиынтығы», – деген [2, 62 б.].

Сонымен қатар тренинг  дегеніміз – шеберлік пен машықты  қалыптастыратын жаттығулар жиынтығы деген пікірді ұстанушылар да бар. Дегенмен, бүгінде қоғамда тренингке  сұраныс күннен күнге артып келеді. Мысалы, адамның өзіне-өзі сену тренингі, келісім жүргізу тренингі, сауда  тренингі, топ құру тренингі, шиеленіссіз  іс-әрекет тренингі және т.б. Қатынас  тренингі осы аталған барлық трениг түрлерінің базалық бағдарламасы болып  келеді. Себебі бұлардың бағдарламасына назар салған уақытта барлығы  да әлеуметтік-психологиялық тренинг  негізінде құрылғанын байқаймыз.

Тренингтік  әдістердің маңызы: Тренинг барысында индивидуалдық және топтық үрдістер араласып отырады. Сондықтан тренинг әдістері негізінен үш деңгейде жүзеге асады:

– топ арасындағы жеке қатысушымен болатын қатынас  әдісі: әдетте, ол индивидуалдық психологиялық  кеңес беру жұмыстарының техникаларын көрсету мақсатында топтың бір мүшесі мен жүргізушінің диадалық өзара  әрекеті;

– топпен бірге  – біртұтастық әдіс: мұндай жағдайда ұстаз топтың барлық мүшесі біріге отырып орындайтын тапсырма береді. Сонымен  қатар шағын топтарға да тапсырма берілуі әбден мүмкін;

– топтың құралдары  арқылы жекелеген қатысушыға бағытталады. Бұл деңгейдегі жұмыс әуеліде  бірінші әдіске ұқсауы мүмкін, бірақ, бұл жерде оқытушы топтың ресурстарын  қатысушылардың бір немесе бірнешеуіне  ықпал етуі үшін жасырын қолданады [3, 126 б.].

Семинар сабағында  студенттерді топтарға бөліп, тренинг  өткізуді көздеген ұстаз түрлі алгоритмдердің (әдіс-тәсілдерді) біраз бөлігін  игерген болуы қажет. Ол бұларды  топтың деңгейіне, олардың әрбірінің  ерекшелігін ескере отырып, тақырыптың мәні мен мазмұнына сәйкес орынды қолдануы үшін керек.

Мысалы, тренингте  түрлі оқиғаларды бастан кешіру қажет. Оқиғасыз тренингтің мәні де жоғалады. Ал дін тақырыбында оқиға жетерлік. Оқиғамен жұмыс істеу үшін кейбір ғалымдар мынадай кезеңдерді бөліп  көрсетеді:

– идентификация, оқиғаны  өмір ағымынан ажыратып алу, яғни, қандай оқиға және ол қайда орын алды? деген  сияқты сұрақтарға жауап беру;

– интерпретация, оқиғаның себебін, шарттарын, салдарын анықтау, түсіндіру;

– квалификация, оқиғаны  келешек контекстіне қойып көру. Оның пайдасы мен зиянын салмақтау.

Дәрістің ұтымды өтуі үшін тренигпен үйлесімдік таптыру мақсатында оқытушыға қойылатын талап та аз емес [4, 57 б.].

Тіпті, керек болса  оқытушы кез келген сәтте үйреншікті алгоритмдерді ұмытып, сол жағдайға орай жаңа әдіс-тәсілдерді құрастырып, импровизациялауға әзір тұрады. Бірақ, ол бұл әдістерді шебер ұста ретінде қолданып, ойнауы үшін бұл жаттығулардың әрбірін өз эмоциясынан өткізгені  жөн. Сонда барып, жаттығу жай құрғақ жаттанды қимылдар жиынтығы емес, бәлкім ұстаз бен топ үшін жоспарлы қадамның бірі болмақ. Ұстаз жаттығуды түрлі топтарда семинар дәрістерінде қайталай отырып, оның бұрын соңды белгісіз жаңа қырларын ашады. Бұл айтылған жағдай парадокс емес, өмір тәжірибесі. Өйткені психологиялық ойындар мен жаттығулардың өздеріне тән ерекшеліктері бар. Жаттығуға белсенді қатыстып отырған топ мүшелерінің жан дүниелері алуан түрлі. Әркімнің бойында өзін көркемдеп тұрған мінезі бар.

Сондықтан, тренинг  дегеніміз осы екен демей, жаттығулардың  дайын алгоритмдерін көріп, оларда жасырын тұрған мағыналарды түсініп, әбден зерттеп алу керек. Мұнан соң ғана ол жаттығудың практикада қалай жұмыс жасайтынын көре аласыз. Мұнан соң өз пәніңізге салып, алдағы мақсатқа ұмытылуға әбден мүмкін. Егер жағдай осылай болмаса, онда студенттерге оңды пайда келтіре алмайсыз, керісінше топ арасында бір-біріне деген реніш тудыруыңыз әбден мүмкін.

Кез келген жағдайдың  арнайы талаптары болғаны сияқты тренинг бойынша топпен жұмыс  жасаудың де ережелері бар. Бұлардың негізгілерін атап өтер болсақ, онда төмендегі реттілікпен көрсетуге болады.

Бірінші ереже – кері байланыс. Қатысушылардың әрбірі жаттығу ойынында кімнің қалай орындағанын және оны қалай орындаса жақсы немесе дұрыс болатыны туралы айтады. Бір-бірімен пікір бөліседі. Позитивті жағдайда бір-біріне конструктивті формада кеңестер айтылады. Бұл  – пайдалы дағды. Қтысушылар бір-біріне ренжімейді, өйткені бұл ойын жаттығуы. Мұнда сын айтылмайды, кеңес беріледі. Сын айтылмау себебі, егер топ мүшелерінің басым бөлігі сын айтар болса, онда ол адам әрі қарай дамымауы мүмкін. Өзінің айтылған кемшілігінде тұрақтап қалу ықтималы бар.

Ал енді қатыстушыға оның дұрыс орындағанын және бұдан да артық орындаудың мүмкіндігі айтылса, онда студент алға ұмтылады. Оның сабаққа деген қалау еркіндігі күшее түседі.

Топтың әрбір мүшесі өзіне керек немесе қажет дүниені алады. Өйткені, тренигте тек бұлай жасауыңыз қажет деп қатып қалған алгоритм жоқ.

Екінші ереже  – қазір және осында. Жаттығуды сол заматта бар топ мүшерелі орындайды, яғни сол сәтте топта,аудиторияда бар студенттер орындайды. Егер пікірталас созылып кетсе, онда оны сол уақытта тоқтата аламыз. Дәл сол сияқты бір ойынды: «Ал мен мынадай жағдайдың куәсі болдым...»,– деген сияқты әңгімелермен бірнеше сағатқа да созылуы мүмкін. Ешкім шаршамайды, барлығына да қызықты.

Әрине, егер ұстаз  топ мүшелерінің кейбірі бұл тапсырмадан жалыға бастағанын көрсе, онда ойынды ақырындап аяқтай бастаған дұрыс.

Үшінші ереже  – топта жұмыс жасап үйрену дағдысы. Топ қауіпсіздігі. Шағын топ мүшерелі жаттығу аяқталмайынша басқа топ мүшелерімен бұл тақырыпта әңгімелеспейді, талдамайды. Олар тек өз топтарымен ғана пікір бөлісе алады. Топ құпиясын іште сақтайды [5, 97 б.].

Мысалы ретінде, сабақ өтуіміз үшін «Толеранттылық» тақырыбын алайық.

Тренингтің  жалпы сипаттамасы:

Мақсат: тыңдаушылардың этносаралық және конфессияаралық қатынастар саласындағы толеранттылық туралы түсініктерін қалыптастыру.

Бұл өз кезегінде төмендегі міндеттерді айқындайды:

– толеранттылыққа бейімдеу, жұмсақ мінезділікке бейімдеу және т.б.

– толеранттылық  және интолеранттылықпен бірге жүретін эмоциалық серпіліс пен сезімді байқап көру;

Топ мүшелері пікірлерімен бөлісіп, бұл жағдайдан анағұрлым тиімді шыққан адамның қылығын атап, оның себебін түсіндіреді.

Негізінде тренинг  практикалық оқуды ұйымдастыру  құралдарының бірі ғана. Мұны кейбір жаңашыл оқытушылардың тренинг – мәселенің барлығын шешеді деген ойларымен де бір жақты келісу қиын. Себебі, тренингтер үшін әмбебапты немесе сиқырлы сценарии болмайды. Басқаша айтар болсақ, өмірдің барлық жағдайына қолданыла беретін ғажайып рецептісі (шипашақ) жоқ. Мұны әр оқытушы, ұстаз өзінің пәніне сәйкес жасауы тиіс. Тренингте жазуға қарағанда әрекет, қозғалыс көп. Ұстаздың өзіне тән мінезі болғаны сияқты шәкірттің де адами қасиеттері әртүрлі. Біреуі белсенді қатыстып, ойын мен әрекетті жақсы көрсе, екіншісі тыныштықты, пікір алысып, ой жүгіркені жақсы көруі мүмкін, өйткені адам жаны күрделі құбылыс. 

Тренигтің «сиқырлы сценариі» жоқ деуіміз, біздің әрбір күніміз әр түрлі. Бүгінгі күн кешегіні қайталамайды, ал ертеңгі күн бүгінмен бірдей болмасы анық. Сондықтан оның сценариі сабақ тақырыбы мен оқиғаның желісіне және жағдайына байланысты өзгеріп отырады.

Ойымызды қорытар  болсақ, білім беру әдістері мен  тәсілдер мәселесі адаммен бірге  ертеден иық тіресіп келеді. Тіпті, практикалық оқуды ұйымдастырудың жаңа құралы деп санап отырған тренинг элеменеттері өз бастауларын сонау антикалық, кейін ортағасырлық ғалымдардан алады. Ойды дәлелдеу, шебер сөйлеу, сұрақ-жауап, пікір талас, диалектика сияқты оқытудың т.б. көптеген әдістері ертеден белгілі [6, 189 б.]. Мысалы, ортағасыр заманында кеңінен етек алып, оның өзекті мәселеге айналғаны жақсы мәлім. Бұл кезде «му’аллим уа толиб» – «Ұстаз және шәкірт» теориясы қалыптасты. Ортағасырда бұл теориямен шұғылданбаған немесе өзінің зерттеу нысанасы қылмаған ғалым болмады десек қателеспейміз [7, 48 б].

Оқыту әдістемесі деген  уақытта біз «қалай білім беру керек?» деген сұраққа жуап іздейміз. Қазіргі компьютерлік технология заманында  тренинг жаттығулары, кейіс тапсырмалары сияқты т.б. оқытудың жаңа әдістемелері білім беру саласында (менеджмент, конфликтология, имиджиология, психология және т.б. пәндер бойынша) практикалық тұрғыдан сұранысқа ие болып отыр. Біз бұған куәміз. Олай болса, не үшін практикалық оқуды ұйымдастырудың жаңа құралдарының бірі ретінде тренинг, кейіс сияқты әдістемелерді дінтану пәніне де қолданбасқа? Егер біз бұларды дінтану сабақтарында тиімді пайдалана білсек, онда шәкірттеріміз бен студенттеріміз дінтануды жаңа қырынан тани бастамақ. Тренинг арқылы дінтану пәніндегі жақсылық, мейірім, төзімділік, сабырлық, жұмсақтық, ізгілік, адалдық, достық, туыстық қатынас, көрші ақысы, көркем мінез, ата-ана ақысы және сол сияқты т.б.көптеген адамгершілік категориялар мен бірге қатыгездік, терроризм, экстремизм, ұлшылдық, сараңдық және т.б. теріс ұғымдарды белгілі дәрежеде ашып көрсетуге әбден болады.



    1. – сұрақ Тренинг топтың жұмыс істеу принциптері: үнемі «кері байланыс» принципі; Камшат Даулетбаева



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   97




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет