1. Психологиялық тренинг туралы жалпы түсінік, пайда болу тарихы



бет48/97
Дата29.12.2021
өлшемі0,74 Mb.
#128979
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   97
Байланысты:
тренинг билеттер түгел
тренинг билеттер түгел
Оқу бойынша серіктес– сұрақтар мен жауаптарға және ортақ оқуға қызығады, қатысушыға бейімделуге тырысады, топтағы қатынас динамикасына сезімталдықпен жауап қайтарады.

Спарринг –серіктес– қатал шынайылықпен таныс, қатысушыға рөлдік ойында серіктес бола отырып, тәжірибеге дайындалуға көмектеседі.

Модератор – топтағы процестерде әдістемелік көмекші, жұмысты құрастырушы; нейтральды бола отырып, топта позитивті қатынас орнатуға көмектеседі.

Коуч – процестер мен қарым қатынасты басқару сферасында шебер, жеке қатысушылардың дамуына сәйкес келеді.

Бірге жүруші–қиын жағдайларда табылып, болып жатқандарға құлақ асады, қызығушылығы ортақ адамдарға сфера құра алады.

        Жүргізушінің жұмыс істеу стилі топты басқаруда еркін және директивті

(бағлдарлы) болады. Еркін басқару формасы пасивті түрде көрінуі мүмкін.

«Сыртқы пасивтіліктің» болуы қатысушыларда сенімділіктің болмауында

туады, өйткені тренер қатысушыларға мақсатты, жетістікке жету құралдарын

айтпайды. Тренердің сыртқы «пасивтілігі» ашық көрінгендіктен кей кездері

РЕКЛАМА

қытысушыларға ызаландыруды тудыру мүмкін. Жүргізуші ешқандай әрекет

етпей «тек қана тындайды». Топта ұзақ уақыт пауза болуы мүмкін. Жүргізуші

бірақ ешкімді сендірмей және ештене түсіндірмеу мүмкін. Ол қатысушылардың

сұрақтарынан, талаптарынан қашқақтауы мүмкін. Топта қысымдылық пен

белгісіздік пайда болады. Бұл топты басқарудың ең қиын формасы. Мұнда

жүргізушіден жоғары кәсібилікті, эмпатикалық тындаудың жеткілікті

техникасын меңгеруді, әр қатысушыдан шыққан вербалсыз ақпаратты көру

қабілетін, топты қабылдау мен «сезіну» қабілетін білу және топты жалпы

басқара алуы керек. Әйтпесе қатысушылар тарқап, не үшін келгендігін,

жиналғандарын білмеулері мүмкін. Бірақ берілген форма (техника ретінде)

жақсы нәтижеге жеткізуі де мүмкін. Егер, бұл форма техника түрінде

қолданылатын болса, онда басында мәселе анықталып алынуы тиіс. Бұндай

форманы сонымен қатар кейбір тақырыптық немесе кәсіби топтарға қолдануға

болады, бұл жерде жүргізуші өзіне басынан бастап кеңесші рөлін алады да оған

тек қажетті болған кезде ғана назар аударады. Бұл жағдайда топқа еркіндік

беріліп, олар проблема мен оның шешу жолдарын таңдайды. Басқарудың басқа

ақырғы формасы- бұл бағдарламалар, онда топты басқаруды қатаң түрде

директивті стиль қолданылады. Бастаушы тренерге шынайы топтық жұмысты

жүргізуі үшін компромисстік форманы қолданған пайдалы. Сабақтын жоспары

мен тренингтің құрылымын ұстану және әр уақытта топтың барысын,

қатысушылардың көңіл-күйін қарау, қажет болса жұмыстың жоспарланған

мазмұнынан ауытқуға, бірақ бастапқы мақсатты ұстану дайын болуы қажет.

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   97




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет