Медитативтті техникалар. Тренинг топтарындағы әртүрлі бағыттағы қолданылатын «медитативті» техниканың бәрі медитация болып табылмайды. Медитацияның бастапқы түсінігі – бұл өзіндік Меннің орталығына жақындауға мүмкіндік беретін және осыған орай өз ойларының мазмұнына жауапкершілік алуға мүмкіндік беретін рухани тәжірибелер жүйесі. Шри Бхагаван Раджнеш өзінің «Оранжевая книга» атты кітабында былай деп жазады: «Медитация – бұл іс-ірекет емес, бұл еркінен тыс жағдай. Бұл босаңсу… Медитацияда ешқандай логикалық операциялар мен қорытындылар талап етілмейді, сіз ерекше ештеңе де істемейсіз – сіз тек қана барсыз… Шөпті жерден тартқылап қажеті жоқ – көктем келген соң, шөп өзі-ақ өсіп шығады. Медитация – бұл өмірді бақыламай, өз тәртіптеріңізді орнатпай, өмірдің өз қарапайым жолымен жүруіне мүмкіндік беруіңіз. Игерусіз қарапайым жағдай дегеніміз, осы медитация.