1. Психологиялық тренинг туралы жалпы түсінік, пайда болу тарихы


сұрақ. Мотивтік жарнамалық бағдарламалардың ішкі бағдарламалардан айырмашылығы



бет78/97
Дата29.12.2021
өлшемі0,74 Mb.
#128979
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   97
Байланысты:
тренинг билеттер түгел
тренинг билеттер түгел
77 сұрақ. Мотивтік жарнамалық бағдарламалардың ішкі бағдарламалардан айырмашылығы.

Таба алмадым осы сұраққа



78 сұрақ. Топтық динамика ережелері бойыгнша құрылған әртүрлі жас топтарына арналған тренингтік бағдарламалар

Топтық динамика – топ мүшелері арасындағы әрекеттестікпен және өзара қарым-қатынастармен сабақтастырылған топтың дамуы немесе қозғалысы (Кратохвил, 1978).

Топтық динамикаға топтың мақсаттары мен міндеттері, топтың ұйымшылдығы, топ нормалары, жүргізушінің ұстанымы, топ құрылымы мен көсемдік құрылымы, топтық рөлдер, топтың даму сатылары, жұмыс кезеңдері жатады. Тренингтік топтағы ең маңызды және көңіл аударуды қажет ететін үдеріс – қағида бойынша, топ мүшелерінің бір-біріне өзара тартылуы ретінде түсінілетін топтың ұйымшылдығы. Бұл әмбебап топтық құбылыс барлық тренингтік топтарда байқалады. К.Левин оны өзара тартылудың оң күштері мен бірін-бірі дарытпаудың теріс күштері әрекетінің нәтижесі ретінде анықтайды.

Ұйымшылдықтың дамуына жаттықтырушы ерекше назар аударуы тиіс, өйткені ол топтық мақсаттарға қол жеткізудегі қатысушылар табыстылығының маңызды факторы болып табылады. Ұйымшылдықты нығайту үшін жаттықтырушы тренинг әдістерінің бүкіл жиынтығын пайдаланады. Жаттықтырушы не істесе де, бәрі соның ішінде топ ұйымшылдығының дамуына да бағытталған деп айтуға болады. Ұйымшылдық топта қауіпсіздік ахуалының болуына, психикалық ширығудың төмендетілуіне, қатысушылар арасында шынайы, сенімділік қатынастарының орнауына алып келеді. Қатысушылар әлдеқайда ашық және спонтанды бола түседі. Қатысушылардың жауапкершілігі мен белсенділігі артады, бұл мақсатқа бағытталған топтық қызметке септігін тигізеді. Ұйымшылдық топта қалуға ұмтылудан, ортақ міндеттерді шешу кезінде ынтымақтастыққа және топты сақтап қалуға ұмтылудан да көрінеді.

Іс жүзінде топтық динамикамен қалай жұмыс жасауға болады? Жаттықтырушы топта пайда болысымен (әдетте бұл тренинг басталғанға дейін болады), ол топқа жақсы әсер қалдыруы тиіс. Өзін табиғи қалпында ұстау, абыржымау, тұнжырамау, топпен сыпайы сөйлесу, күлімсіреу, жалпы алғанда, сүйкімді адам болу маңызды. Алғашында қалжыңдап қоюға болады, бірақ орнымен; бәрі босаңсып, күлімсірейді, бәлкім, топтың жылдам әрі жеңіл түрде ұйымшылдыққа қарай жылжуы үшін осы жеткілікті болар. Ары қарай бүкіл тренинг барысында жаттықтырушы өзін өте сыпайы, әдепті ұстауы тиіс. Егер қатысушылардың басым бөлігі тренингте алғаш рет болып отырса, олар столдарсыз шеңберде отырып, өздерін ыңғайсыз сезінулері мүмкін. Бұл ширығу алғашқы минуттардан бастап байқалады, және жаттықтырушының міндеті – қатысушыларға оны еңсеруге көмектесу.

Топтың қатты қорқып, барлығының ширығып отыратыны болады. Ширығуды болдырмау үшін оның себебі неде екенін түсіну қажет. Мысалы, таныса салысымен бірден: «өздеріңізді қалай сезініп отырсыздар?» деп сұрауға болады. Ары қарай, берілген жауаптарға қарай әлденеге түсінік беруге, әлденені қалжыңға айналдыруға, жұмыс жоспары туралы айтып беруге болады. Қажет болған жағдайда, ең күрделі тапсырманы орындап болғандықтарын, енді көңіл көтеретіндіктерін айтуға және қызықты жаттығуларды, мысалы, «Хайуанаттар паркі шапалақтаулармен» ойынын өткізуге болады.

Маңызды мезет. Егер алғашында бірнеше адам өздерінің қобалжып отырғандарын, қолайсыздық немесе соған ұқсас әлденені сезініп отырғандарын айтса, көбінесе кешке қарай олар міндетті түрде өздерінің жай-күйі қалай өзгергенін (немесе өзгермегенін) айтады. Олар басында қысылып-қымтырылғандарын, ал қазір бәрі туысқан адамдардай болып кеткенін, сондай жақсы адамдар және оларға бәрі сондай ұнағанын байқаулары мүмкін... Бұл өте жақсы. Демек, адамдар өзгерістерді байқайды және оларды бағалай бастайды. Кейде өзгерістер бір сағаттан кейін-ақ байқалады, және оған топтың назарын аудару маңызды. Топтың жай-күйі туралы, олардың сәл қысылып отырғандары көрініп тұрса, таныса салысымен сұрамай, айталық, олардың сәл босаңсығандары байқалса, бір сағаттан кейін сұраса да болады.

Топтың жай-күйіне оң ықпал тигізу үшін, тренингтен не күтетіндіктері және неден қауіптенетіндіктері туралы сұрақ қоюға болады. Қатысушылардан тренингке қатысу тәжірибесі болған-болмағанын және кезекті тренингтен олардың нені күтетіндігін сұрауға болады. Бұл не үшін қажет? Адамдардың үміттері берілген тренингтің мақсаттары мен міндеттеріне мүлдем сәйкес келмейтіні және олардың мүлдем басқа бірдеңені күтетіні болады. Мұндай кезде сіз ондай жаттығулардың болмайтынын, тек қатысушылардың жұмысымен байланысты жағдайлармен ғана шұғылданатындарыңызды айтып, бірден жағдайға түсініктеме бере аласыз. Адамдар өздерінің қауіптері туралы ашық айтқан жағдайда, жаман ештеңе істемейтіндіктеріңізге уәде беріп, қауіптенулердің бір бөлігін бірден сейілтуге болады. Мысалы, тренинг қандай да бір ұйымда жүргізілетін болса, тренингтен кейін ешқандай бағалаудың болмайтындығын айту қажет.

Бірақ басқаша жасауға да болады. Егер сізге тренинг қатысушылары тым тұйық, ашылып ештеңені айтпайтындай болып көрінсе, ал сіз ондай қауіптенулердің бар екендігін болжалдасаңыз, онда жай ғана тренингтің мақсаттары туралы айту қажет. Мысалы, тренингтің мақсаты ұжымдағы өзара қарым-қатынастарды жақсарту, тиімдірек қарым-қатынас және т.б. екендігін.
79. Топтық тренинг. Тренинг топтың мақсаттары.
Тренинг топтың жұмыс істеу принциптері.

Қарым - қатынасты диалогтау принципі. Топ сабақтарында бір - бірімен қарым - қатынастарында теңдік, қатынасушылардың бір - бірін сыйлауы, құрметтеуі, бір - біріне толық сенімділіктері. Топ мүшелерінің біреуінің немесе бірнешеуінің басыңқы болуынан қарым - қатынастың сипаты диалогтан монологқа өтеді деөзінің негізгі сипатын жоғалтады және бұл тренинг табиғатына керісінше болады.

Үнемі «кері байланыс» принципі. Тренинг барысында қатысушының өз әрекеті нәтижесі туралы топтың басқа мүшелерінен хабарды үздіксіз алып отырды. «Кері байланыстың» арқасында адам өзінің мінез - құлқын түзете алады, нәтижесіз қарым - қатынас тәсілдерін жаңа мен алмастырады, оны қоршағандарға әсер ету арқылы тексеру. Топта қатынасушылардың кері байланыс жасауына жағдай жасалуы керек (басқаға оның өзі туралы айту) және кері байланысты алуға да жағдай жасалуы керек (басқалардың өзі туралы айтқаннын тыңдау).Осындай кері байланыс дамуды көрсетеді.

Өзіндік диагностика принципі қатысушылардың өзін ашуы, өзінің жекелей маңызды мәселелерін осылар арқылы түсіну және қортындылау. Сабақ мазмұнында адамның өзін - өзі тануына көмектесетін жаттығулар бар. Топ мүшесінде өзін әр түрлі жағдайда көретіндей мүмкіншілік болуы керек.

Дамудың оптимистік принципі жүргізуші диагностика және белгілі бір психикалық күйді түзету жолдарын көрсетіп қана қоймайды, ол ол тренингке белсенді түрде қатынасады, жағдайды өзгерту үшін түрлі жаттығулар қолданылады. Жүргізуші қатысушылардың өзіндік дамуын бір белгілі бағытқа бұрып, жол көрсетіп отыруы керек.

Ақыл - ой және өзіндік сфераны үндестіру принципі. Тренинг үшін бір жағынан үлкен эмоционалды күш сипат, топта өтіп жатқан жағдай қатынасушыларда шын қобалжуларын тудырады. Бұл оларды ашықтыққа итермелейді. Серігіне сенуге, бір - біріне деген қарым - қатынастарының адамгершілікті болуын тренинг, ақыл - ойды белсендендіреді - жағдайды талдау. Бұндай ақыл - ой әрекетінің негізгі формасы - топтың пікірталас (сабақтың барлығында қолданылады).

Өз еркімен қатысу принципі. Бұл барлық тренингте, жекелеген сабақтарда, жаттығуларда ескеріледі. Топ жұмысының барысында өз жеке басында болатын өзгерістерге қатынасушының шынайы ішкі қызығушылығы болуы қажет. Қатынасушыдан еркінен тыс жағымды мағынада өзгерулерді талап етуге болмайды.

Топ мүшелерінің тұрақтылығы принципі. Топ мүшелерінің құрамы тұрақты болуы керек. әрбір сабақ сайын жеке адамдардың келуі нәтижені өзгертеді.

Топтың қалыптасу принципі өте негізгі сұрақ болып табылады. Т - топтарындағы жұмысқа қатысушылардың жас шектерінің ең ыңғайлысы 16 - дан 40 - қа дейінгі жас аралығы. Жеткіншек шақты да қосуға болады әлеуметтік - психологиялық тренинг тобына, егер жүргізушіде олармен үнемі қатынаста болуына мүмкіншілігі болса, өзіндік бірінші тренинг өткізуді шағын топтардан бастаған дұрыс (10 - 12 адам), белгілі бір тәжірибе жинақтағаннан кейін топ мүшелерінің санын 30 - 40 - қа дейін жеткізуге болады.

Батыру принципі. Сабақтың өткізілетін уақыты жұмыс бастамас бұрын анықталып алынуы керек. Әлеуметтік - психологиялық тренинг өткізудегі тәжірибе мынандай қорытынды жасауға негіз береді: көп уақытты талап ететін жұмыс көп нәтиже береді - батыру - 3 - 4 сағат, бір сабаққа. Аптасына сабақты бір рет өткізу керек. Егер мүмкіншілік болса, мақсатты «қысылған» сабақтарды 2 - 3 күнде, интенсивті тренингті күніне 6 - 7 сағатта өткізуге болады. 24 сағатқа созылатын тренинг - морафондар, оны алдын ала дайындалған қатынасушылармен өткізуге ғана болады.

Оңашаланғандық принципі. Қатынасушылардың оларды ешкім тыңдап тұрмағанына толық сенімділігі - сөзсіз талап болып табылады. Егер жүргізушіге сабақты аудио немесе видео жазу жүргізу қажет болса, ол топтың барлық мүшелерінің келісімін алуы керек. Тренинг жаттығуларының көп бөлігі әдейі аудио немесе видео жазылып алуы керек болуы мүмкін, ол келесі сабақтарда қатынасушылардың өздері үшін қажет материал болады. Қандай жағдайда болмасын таспаға жазу топ мүшелерінің келісімі арқылы жүреді.

Бос кеңістік принципі. Сабақ өтетін бөлмеде кең қозғалуға дөңгеленіп отырғанға, 3 - 5 адамнан микротоп құрғанға, жекеленуге жағдай жасалуы керек.


Көптеген авторлар әлеуметтік-психологиялық топтық тренингтің негізгі мақсаты 

ретінде қарым-қатынастағы компетенттілікті жоғарлатуды көрсетеді. 

Бірақ   қазір   ӘПТ   тек   қарым-қатынаспен   ғана   емес,   оның   ұғымын   кеңейтуге 

болады.   Адам   жеке   тұлға   ретінде   қоғамда,   қарым-қатынас   барысында   және 

басқа   адамдармен   өзара   әрекет   арқылы   қалыптасады   және   дамиды. 

Коммуникативті қабілеттер – адамның даму шарты, оның даму нәтижесі. 

Қарым-қатынастағы   компетенттілікті   жоғарлату   адамның   тұлғалық 

қасиеттерін,   әлеуметтік   белгілерін   өзгертумен   байланысты,   оның   өзіне   және 

қоршаған   әлемге   жалпы   қатынасын   қарастыру   қажет.   Әлеуметтік-

психологиялық тренингтің жеке міндеттері қазіргі уақытта жеке бағыт болып 

бөлініп шықты.
80. Топтық нормалар. Ролдік позициялар.
Топтық   психологиялық   тренинг   процесінде   жүргізуші   әртүрлі   топтық 

жұмыстың әдістерін, әдіснамалық тәсілдер мен құралдарды қолданады. 

Диагностикалық процедуралар.

Тренингте диагностикалық процедуралар қолданылуы мүмкін:

- топқа қатысушыларды іріктеуде;

- қатысушылар арқылы өзі туралы ақпарат алу құралы ретінде;

- өзін-өзі түсіну немесе өзіндік ашылу тәсілі ретінде;

- тұтасымен   тренингтің   және   тренингтік   процедуралардың   тиімділігін 

бағалау және қамтамасыз ету.

Топпен   жұмыс   жасау   процесінде   қолданатын   психодиагностикалық тестер мен әдістерді жүргізбес бұрын ол қатысушыларға өзін түсінуге деген қажеттілігін, өзін зерттеуге деген және өзін білуге деген қажеттілігін құра білу қажет.   Өзін   білу   процесі   барысында   терең   өзін   түсіну   болады,   яғни   онда 

алынған ақпараттарды топпен талқылауға деген тілегі туады, яғни өзін талдау, 

өзіндік ашылу жүріп жатады. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   97




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет