1. Психологиялық тренинг туралы жалпы түсінік, пайда болу тарихы


Тренинг кезіндегі ойын процедуралары



бет75/97
Дата29.12.2021
өлшемі0,74 Mb.
#128979
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   97
Байланысты:
тренинг билеттер түгел

Тренинг кезіндегі ойын процедуралары.

Мамандар ересек адамдармен де іскерлік және рөлдік ойындарда  ойнайды.

Іскерлік ойындар көп  жағдайда ұйымдар мен мекемелерде  ұйымдастырушылық міндеттерді шешуде, сондай-ақ, инженер кадрларды және басқарушы қызметкерлерді дайындауда қолданылады. Іскерлік ойындар өндірістік, ұйымдастырушылық-әрекеттік, мәселелік, оқулық және кешендік болып бөлінеді. Психологиялық тренингтерде іскерлік ойындар «қысқартылған» түрде қолданылады. Себебі, жүргізуші көбіне «терапевтік» процедураларға көңіл аударады.

Рөлдік ойындар Дж. Мид, Дж. Морено және Р. Линтонның ашқан  рөлдік теорияларына орай базаланған. Қазір олар психотерапияның көптеген бағыттарында қолданылады.

Ойындар тренингте психокоррекциялық  мақсаттарда қолданылады. Ескерте  кетсек, «психологиялық дамуды коррекциялау»  терминінің өзі психотерапевтік  іс-әрекеттің негізгі формасы  ретінде ең алғаш  дефектологияда ауытқулы даму нұсқаларында қолданылған. Ол бала дамуындағы ауытқулар мен жетіспеушіліктерді түзету дегенді білдірді. Кейіннен  «коррекция» түсінігін қалыпты психикалық даму аймағында да кеңінен қолданыла бастады. Психокоррекция деп диагностика шегінен шыққан психологтың кез келген практикалық белсенділігін атайтын болды.

РЕКЛАМА


Психологиялық ойындардың мақсаты  адамға өзіндік «Менін», өзіндік  құндылық сезімін нақтыландыруға, өзімен жұмыс жүргізуге сынақ уақытын  ұсыну. Тренинг жүргізушісі тренингтегі  кез келген қатысушының бірегей, өзінше құнды, өзіндік дамудың ішкі көздеріне ие деген жорамалда  болуы керек. Тренингтік жұмыс шешуге болатын, спецификалық мәселелер аймағын  анықтайды. Оларға мыналар жатады:

— Адекватты өзіндік бағалау, мен-образының жалпылығының бұзылуы;

— Өзіне жағымсыз қатынас және соған орай мазасыздық;

— Өзіндік реттеудің төмен деңгейі, өзіне қанағаттанбау, өз күшіне сенімсіздік;

Тренингтегі психологиялық  ойындар қатысушы топтарға басқа жағдайларда қолы жетпейтін мүмкіндіктерді ашады: ол интеллектуалдық ресурстарын, танымдық шектерін кеңейтіп, өз күшіне деген сенімін нығайтады, шығармашылық қабілеттерін дамытады, қарым-қатынасқа талантын ашады, тәжірибелік мінез-құлықтың этикалық және адамгершілік негіздерін қалайды. Тренингте маңызды рөлді қатысушыларға көптеген жағымды эмоциялар мен шығармашылық бастауларын ашатын ойын процесі алады.

Салттар және психиканың санадан  тыс механизмі.

Салт – бұл өз кезегінде  бір заттар немесе әрекеттер екіншісін  алмастырады, яғни басқаларының мағынасына түсетін мінез-құлықтық метафора.

Белгі – басқа зат, оқиға, іс-әрекеттің өкілі ретінде сезіммен қабылданатын зат, оқиға немесе іс-әрекет.

Архетип ( Юнг бойынша) –  ежелден пайда болған және адамдарда  санасыздық ортасында болатын қарапайым, фундаментальдық образ.

Ұзақ уақыт жұмыс істейтін топтарда салт қарапайым түрде пайда  болады және топтық үрдістің ажырамас бөлігі ретінде қалыптасады.

Сәлемдесу. Егер бұл салтты топ өзі қалыптастырса тиімді болады. Оның нұсқалары әр түрлі. Мысалы, қатысушылар сабақтың алғашқы минутында  серіктестерімен кезекпен қарсы  келетін бағытта бөлмені аралап жүреді, кезекпен тырнақтарымен, тізелерін  тигізіп және бір біріне үнсіз  күлімсірейді. Вербальды емес сәлемдесудің нұсқалары – иықтарымен, тізелерін  бір бірлеріне тигізу «әрбірі — әрбірімен» принципі бойынша жүреді. Вербальды  құралдарды да қолдану туралы келісуге болады. Мысалы, қатысушылар бір  бірлеріне міндетті түрде бірнеше  жылы сөздер айтулары керек және ол сөздер әрбір кездескен сайын  қайталанбауы керек. Бірінші күні –  сыртқы келбеттеріне мадақтау айту, екінші күні – ең басты жетістігін айту, үшінші күні – сабақ барысындағы  қандай да бір нақты әрекетіне  мақтау айту, соңғы күні – «мен сенен  не үйрендім?» деген сұраққа жауап  айту.  Жалпы сәлемдесу әдістері де қолданады: шеңбер бойында тұрып, қатысушылар жалғанып тұрған қолдарын  жоғары қарай көтереді.

Қоштасу. Топтық жұмыстың аяқталу  салтын ғана емес, сонымен қоса әрбір  сабақтың біткендігін білдіреді. Қатысушылар  шеңбер бойында қолдарын серіктестерінің  иығына қойып, бір минуттай көздерін жұмып тұрады. Осы уақытта ол өзінің позитивті эмоциялары мен жағымды  тілектерін іштей айтып тұрады. Көбіне бұл процедура жеңілдік сезімін  тудырады.

Сабақтың дәстүрлі сызбасы. Ол да  қатысушыларға өзінің қайталанушылық  күшіне ықпал ететін салтқа жатады. Сызба әр түрлі бола береді. Мысалы, мынадай сызбаға сүйенуге болады.


  1. Сәлемдесу.

  2. Өзін қалай сезінетіндігі туралы сауалнама (қатысушылар лезде «осында және қазір» атмосферасына еніп, өзінің эмоционалдық және физикалық жағдайын, өзінің ойлары мен күтулерін айтып, кейде көрген түстері туралы айтады).

  3. Сабақтың жүргізушісіне тақырып ұсыну (кейде ол өткен қадамдар уақытындағы қатысушылар айтқан сұраулардың нәтижесінде туындауы мүмкін).

  4. Жүргізушінің астарлы әңгімесі.

  5. Разминкалық жаттығулар.

  6. Негізгі бөлім ( пассивті сипаттағы жаттығулар қозғалмалы ойындармен жалғасады және көп жағдайда рефлексия мен талдаулармен аяқталады).

  7. Сабақты қорытындылау ( қатысушылардың өздерінің актуальды жағдайлары туралы, жасалған жұмыстар туралы ойларын және жүргізушіге ұсыныстарын айтады).

  8. Жүргізушіге түйіндеме ойту (қажеттілігі бойынша).

  9. Қоштасу.

Қол шапалақтау. Егер топта  қандай да бір нәтижелі орындалған жаттығудан кейін, өз ойын ашық, толық, нәтижелі айтқан адамнана кейін қол  соғу жалғасатын болса, онда оны да салттар қатарына жатқызуға болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   97




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет