Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады.
№12-тапсырма: Поэмадан жылқы түстеріне байланысты айтылған жерлерін тауып, кестеге толтырыңдар. Ақын сипаттаған жылқы түстері туралы өз ойларыңды жазыңдар.
Жазылым: Осы тапсырманы орындау арқылы оқушылардың жазылым дағдысы қалыптасады.
Поэмадағы жылқы түсі
Менің ойым...
Дескриптор: Жалпы – 5 балл. -Кестені дұрыс толтырады.
Оқулық,
жұмыс дәптері.
№13-тапсырма: «Құлагер-тағдыр» тақырыбында әдеби эссе жаз. Эсседе поэма идеясындағы негізгі ойды жалғастырып, Құлагер-Ақан-Батыраш жүйесіне байланысты өз ойыңды білдір.
Жазылым: «Құлагер-тағдыр» тақырыбында әдеби эссе жазады.
Осы тапсырманы орындау арқылы оқушылардың жазылым дағдысы қалыптасады.