1-Сабақ Көптік жалғаулар 6



бет34/74
Дата01.08.2022
өлшемі1,08 Mb.
#147906
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   74
Байланысты:
5 Metodichka dla izychenia kazahckogo iazika

6-тапсырма. Мәтінді орыс тіліне аударыңыз.

Инженерлердің ұстазы


Әбілқас Сағынов құнарлы Баянауыл топырағында дүниеге келген. Бұл кезде қазақ елі қойнауында қақталған қазынаны халық игілігіне жаратар адамдарға аса зәру болған. Асықпен емес, таспен ойнап оның сырын білуге құштар жастар Днепропетровск қаласына білім алуға жолға шықты. Солармен бір сапта болған жас жігіт Әбілқас Сағынов институтты үздік бітіріп, оралды.


Қарағанды шахталарында участке бастығы, инженер, шахта директоры, трестің бас инженері – бәрі жас маман өткен жол, иеленген лауазым. Көмір өндірісінің сан қилы мәселелерін шешуге ұмытылған жас жігіттің кандидаттық диссертациясы «Бассейіндегі жұқа және қалыңдығы орташа қабаттарды алу болашағы» деген тақырыпта болған.
Қарағандыдағы көмір ғылыми-зерттеу институтын аяғынан тік тұрғызу, қабырғасы жас қалана бастаған политехникалық институттың кадрлар даярлау жұмысын тез жандандыру керек болды, сөйтіп Одақ Әбілқас Сағыновты осы жұмысқа жіберді. Қолға алған ісін олқылыққа ұрындарма, өрге бастайтын бұл мамандарға берік сенім көрсетіле берді.
Политехникалық институтты басқарған 1955 жылдан 1987 жылға дейін Әбілқас Сағынов бұл жоғары оқу орнын алдыңғы қатарға шығарды.Арқалы ағаның қамқорлығымен Мәскеу, Ленинград, Киев, Новосибирск, Свердловск қалаларындағы жоғары оқу орындарына барған жастар ғылым өріне көтерілді. Олар Әбілқас Сағынов қосқан жүкті жеңілдетуге үлес қоса бастады.
Қарағанды политехникалық институты Әбілқас Сағыновтың шебер басшылығы арқасында, 26 мамандық бойынша мыңдағын білікті инженер кадрларын даярлап шығарды. Тау-кен өндірісінің әр саласы бойынша күрделі ғылыми жұмыстар кең көлемде жүргізіліп жатты. Өндіріске енгізілген ғылыми еңбегі ақталды. Осыған байланысты институт 1976 жылы Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталды. Бұл – институттың өркендеуіне, Одақ көлемінде алдыңғы қатарлы жоғары оқу орнына айналуына Әбілқас Сағыновтың үздік үлесі еді. Бұл-қайнап шыққан қажыр-қайрат жемісі.
Әбілқас Сағынов іргелі ғылыммен жарты ғасырдан астам уақыт бойы шұғылданып келді. Оның пайдалы кен байлықтарын өңдеу технологиясы және кешенді механикаландыру бағытында құрылған мектебі елімізге, шетелге кеңінен танымал. Ғалымның қолымен инженерлік оқу құралдары, кітапттар мен 20 монография жазылып, жарыққа шыққанын білеміз. Бұл еңбектер жас ғалымдар мен білікті мамандар тәрбиелеуде айырықша рөл атқаруда. Әбілқас Сағынов тікелей жетекшілік еткен он бір зерттеуші ғылым докторы және елуден астам талапты жас ғылым кандидаты дәрежесіне жетті.
Ал институт кемелденгені сонша, докторлық дессертациялар қорғататын беделді ғылыми кеңес ашылды, Институтта Әбілқас Сағынов басшылық еткен жылдарда 400-ден астам зерттеуші ғылым дәреже алған екен.
Сексенінші жылдары Орталық Қазақстандағы жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу мекемелерінде 52-ғылым докторы, профессор мен бір мыңдай ғылым кандидаттары даярлап, халық шаруашылығының салалары бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізумен айналысты.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   74




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет