1-Сабақ Көптік жалғаулар 6



бет31/74
Дата01.08.2022
өлшемі1,08 Mb.
#147906
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   74
Байланысты:
5 Metodichka dla izychenia kazahckogo iazika

4-тапсырма. Мәтінге дейінгі жұмыс.

  • Сөйлесу сұрақтары:

а) Қ.И. Сәтбаевтың ғылыми еңбектері қай жермен тығыз байланысты?
ә) Қ.И. Сәтбаевты әлемге әйгілі еткен қаңдай еңбектерін білесіздер?

  • Мәтінді белгілі бағытта тыңдау үшін сұрақтар:

а) Қ.И. Сәтбаев қандай оқу орнын бітірген?
ә) Ғалым еңбек жолын қай жерде бастады?

  • Сөздік жұмыс.

Өңір, үланғайыр, ішіне құдай қонған.



5-тапсырма. Мәтінмен тікелей жұмыс.

    • Мәтін бойынша ауызша сөйлесу.

а) Қ.И. Сәтбаев еңбек жолын қандай қызметтен бастады? ә) Ол қай жылы Трест басшысы болды?
б) Қ.И. Сәтбаевтың Жезқазған кенімен шұғылдануына неліктен кедергі көп болды?
в) Ғалымның еңбегіне таңданған сапарластары ол жайында не деді?

    • Негізгі ойға бағытгалған жұмыс.

а) Жезқазған геологиялық экспедициясы қай жылы құрылды, оны кім баскарды?
ә) Бұл экспедиция қандай жетістіктерге жетті?
б) Қай жылы Сәтбаев өзін ғалым ретінде дәлелдеді, нендей еңбектерімен?
в) Сәтбаев өз еңбектерінің нәтижесін қашан көрді ?

    • Тілдік материалды игерту жұмысы.

а) Мәтіннен сан есімдерді теріп, жазбаша жазыңыз.
ә) Мәтіннен зат есімдерді тауып, мағыналық топқа ажыра-тыңыздар.

Құрметті атақ


Ғалымның азан шақырып қойылған аты Ғабдулғани екен. Құдайдың ұл сыйлаған күні 1899 жыл, 12 сәуір деп сауатты әкесі құран кітабының мұқабасына жазып қойған еді.


Ұлы тұлга Қ.И. Сәтбаев туған жері Баянауылдан нәр алып, Жер-Ананың сырын ұғу, тау-таспен тілдесу, барлаушы-геолог болып, қазақты әлемге танытуды арман етті. Ол профессор М.А. Усовпен кездескеннен бастап, бұл істі қолына алды.
Үлкен еңбек иесі, ғалымның ең басты жетістігі геология ғылымындағы жаңа тармақ-метоллогения ғылымын жасауы және оны дамытудың негізін қалау болды. Осыған дейінгі Жезқазған ғылыми зерттеу институты, ашылған мұнай, газ, көмір тағы басқа іздеу, барлау экспедициялары үлкен дүниенің заңды баспалдақгары тәрізді. Қиыны мен кедергісі мол еңбектің нәтижесінде Қ. Сәтбаев дүниеге металлогениялық болжам картасын әкелген.
Қаныш ағаның 700-ге жуық еңбегі бар, бұлар әлі де ғалымның көп қырларын ашатынына сенеміз. Қ.И.Сәтбаев ғылыми еңбектері үшін 1942 жылы Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, 1940 жылы Жезқазған өңірінің кенді орындарын зерттеп, мыс қорын ашқандығы үшін геология-минералогия ғылымының докторы, 1958 жылы Ленин сыйлығының лауреаты және тағы басқа құрметті атаққа ие болды..




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   74




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет