1-тапсырма. Мына сөздерге жұрнақтардың тиістісін жалғаңыз және орыс тіліне аударыңыз.
а)-ты/-ті, ды/-ді, лы/-лі
бас, дала, сәт, көл, түс, дене, сақал, мұрт, бала, дәм, тұз;
ә)-дай/-дей, тай/-тей
бала, ана, су, сүт, күн, әке, қар;
б)-сыз/-сіз
тіл, дәм, бұлт, жел, мұрт;
в)-қы/-кі, ғы/-гі
кеше, бүгін, таңертең, іш, қазір, ертең, түс, соң, сырт;
д)лық/-лік, -тық/-тік, -дық/-дік
қала, минерал, ауыл, дос, жас, өндіріс, кандидат, галантерея, демократ,
ұжым;
2-тапсырма. Мәтінді орыс тіліне аударыңыз.
Алтын
Таза алтын сары түсті, соғылғыш металл, химиялық инертті элемент, сыртқы ортаның химиялық әсеріне аса төзімді. Оттек, сутек азот және көміртекпен тікелей қосылмайды. Сілтілер және жеке қышқылдар алтынға әсер етпейді. «Патша сұйығында 11 көлем НNO3 , 3 көлем HCL ) және кейбір күшті қышқылдар қоспасында ериді. Қосылыстарда алтын бір және үш валентті болып келеді . Негізінен, самород түрде және тау жыныстарында (5.10 – 7%), теңіз және мұхит суында (0.01- 0.05 мг/т) кездеседі. Рудадан алтынды ұсақтау, байыту және содан кейін ционды натрий ертіндісімен өңдеу арқылы алады. Алтынмен басқа металдардың бетін жалатады, әшекей бұйымдар жасайды. Тауар өндіруде, сауда –саттықта басқа заттардың бәрінің нарқы алтынмен бағаланады.
Сөздік
Созылғыш – способный к растяжению.
Соғылғыш –упругий
Сыртқы орта – окружающая среда.
Химиялық әсер – химическое воздействие
Ериді – растворяется
Жалатады – покрывают позолотой.
Тау жыныстары – горные породы.
3-тапсырма. Мәтін бойынша 5 сұраулы сөйлем құрыңыз.
4-тапсырма. Мәтіндегі етістіктердің құрамына талдау жасаңыз.
5-тапсырма. Төмендегі мақал-мәтелдерді аударыңыз.
Алтын көрсе,
Періште де жолдан таяды.
Алтын, күміс тас екен,
Арпа, бидай ас екен.
Сабыр түбі – сары алтын.
Көп сөз - көмір,
Аз сөз – алтын.
6-тапсырма. Оқыңыз, қызық!
Сақ шонжарлары арасында алтыннан істелген әшекейлер – мойынға салатын салмақты алтын алқалар, білезіктер, жүзіктер – көп тараған.
Алтыннан не басқа қымбат материалдардан істелген бұйымдар әшекейлер көбіне сақ тайпаларының дәулетті адамдарында ғана болған.
Бұған Есік қорғанына жерленген адамның («Алтын адам») киімі мен қару-жарақтары күә. Оның бас киімінен қару-жарақтарына дейін алтыннан жасалған. Киімдерде бейнеленген неше түрлі геометриялық бедерлер көшпенді әрі жауынгер халықтың дүниетанымынан хабар береді.
8-тапсырма.Орыс тіліне аударыңыз
Достарыңызбен бөлісу: |