1-Сабақ Көптік жалғаулар 6



бет38/74
Дата01.08.2022
өлшемі1,08 Mb.
#147906
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   74
Байланысты:
5 Metodichka dla izychenia kazahckogo iazika

4-тапсырма. Мәтінді орыс тіліне аударыңыз.

Болат


Болат – темірдің көміртекті қорытпасы. Болат - өндіру технологиясына байланысты, қорытпа құрамында көміртектен басқа марганец, кремний, күкірт, фосфор т.б. қосалқы элементтер болады. Мұндай болатты көміртекті болат деп атайды. Болат сапасын арттыру үшін, қорытпа құрамына хром, никель, молибден, ванадий вольфрам, марганец, кремний т.б. элементтер қосылады. Мұндай қорытпа легирленген болат деп аталады.


Болат – қара металлургия өндірісінің негізі - машина жасау өнеркәсібі мен құрылыста пайдаланылатын негізгі материал. Пайдалану саласына қарай, болатты басты-басты төрт топқа бөлуге болады :
Құрылыстық болат. Әдетте, прокат күйінде құрылыс конструкцияларының әртүрлі элементтері мен вагон, кеме жасауда қолданылады.
Машина жасау болатынан негізінен әр түрлі машина бөлшектері жасалады. Ол үшін термиялық өңдеу мен химиялық-термиялық өңдеуден өтеді.
Аспаптық болат әр түрлі кесу, өлшеу, штамп аспаптарын жасауға пайдаланылады.
Айырықша-физикалық қасиеттері бар болат көбінесе электр техникасы, химия, әскери техникаларын жасауда пайдаланылады.

Сөздік.

Қорытпа – сплав.
Көміртек – углерод.
Арттыру - увеличить, повысить
Қосылады – прибавляется
Негізгі өнім – основной продукт
Құрылыс – строительство
Бөлшектер – частицы
Өңдеу – обрабатывать


5-тапсырма.Сөздіктегі сөздерді пайдаланып, сөйлемдер құраңыз.


6-тапсырма.Өнім, бөлшек, болат, аспап сөздерін септеңіз.


7-тапсырма. Мәтіндегі сын есімдерді теріп жазып, сипаттаңыз.


8-тапсырма.Мәтінді орыс тіліне аударыңыз.

Мыс

Мыстың қорытпалары жез, қола ерте заманның өзінде әр түрлі құрал саймандар жасау үшін қолданылған. Табиғатта ол бос күйінде сирек, негізінен қосылыстар, көбіне күкірітті қосылыстар түрінде кездеседі. Жер қыртысындағы мөлшері 0.003% мыс кендерінің маңыздылары: мыс жылтыры Cu2S, мыс колчеданы СиFeS2 ,малахит CuCO Cu (OH)2 т.б.
Қазақстанда мыс Жезқазған, Қоңырат, Бозшакөл т.б жерлерде өндіріледі.
Мыс- қызғылт сары түсті,созылғыш, жұмсақ, металл жылуды және электр тогын жақсы өткізеді.
Мыс сульфидін өртеп, тотыққа айналдырып, тотықты көмірмен тотықсыздандыру арқылы мыс алынады. Осы әдіспен алынған мыс тазартылып электр техникада қолдануға жарамды таза мысқа айналдырылады. Мыс- шаруашылықтың түрлі саласында кең қолданылатын металл. Ол әр түрлі қорытпалардың (қола), жез т.б. құрамына кіреді. Сондай-ақ электр сымдарын, кабель зауыт аппараттары, машиналар жасауға жұмсалады.

Сөздік :

Қорытпа –сплав
Қосылыс-соединение
Жұмсақ-мягкий
Шаруашылық-хозяйство
Құрам-состав
Әдіс-метод
Жұмсалу-израсходоваться




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   74




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет