8-тапсырма. Шығыс, жатыс септіктеріндегі сөздерді тауып, орыс тіліне аударыңыз
9-тапсырма. Сөздік бойынша өткен шақтың үш түріне сөйлем құраңыз
Қорыпта – сплав
Табиғат – природа
Қосылыс – соединение
Жұмсақ – мягкий
Шаруашылық – хозяйство
Құрам – состав
Әдіс – метод
Жұмсалу – израсходоваться
10-тапсырма. Мәтінді орыс тіліне аударыңыз
Металл
Қайда қарасақ та біздің айналамыз толған металл бұйымдар. Олар: төмір шеге, жез самаурын, алюминий қасық және стаканның күміс сауыты, зауыттағы станоктар, электр сымдары, теміржол релістері және әлектр жүйесін тарату мұнаралары, тағы басқалар. Қазіргі заман ұшақтарының сан алуан бөлшектері отыздан астам әр түрлі металдан жасалған. Металдардың бәріне ортақ қасиеттері бар: олар көбінесе қатты заттар, айрықша "металдық" жылтырлығы болады және электр тоғын өткізеді. Әрине, бұл айтылғандарға сай келмейтіндері де кездеседі•
Мысалы, сұйық металдар да бар. Олардың біреуін өздерін де білесіңдөр: ол - сынап (оны көру үшін термометрді сындырудын қажеті жоқ). Екінші бір сұйық металл - галий. Бұл Жер бетіндө өте сирек кездеседі. Қорғасын оңай балқиды, оны өздерін асыққа да құйып жүрсіңдер, ал вольфрам немесе тантал тәрізді металдарды балқытып - сұйыққа айналдыру үшін өте жоғары - бірнеше мың градус температура қажет.
Металдардың женілі де, ауыры да болады. Литийден жасалған кішкентай кубик өте жеңіл, ол тіпті су бетінде қалқып жүреді, ал енді қорғасын кәдімгідей ауыр металдарға жатады.
Металдардың кейбіреулері химиялық реакцияға бейім болады. Мәселен, натрий мен калий сумен ерекше "шабытты" түрде әрекеттеседі. Абайламаса, қопарылыс шығуы ықтимал. Алтын және платина - химиялық әрекеттесуге аса берік металдар болып табылады. Сондықтан олардан күрделі химиялық тежірибелерге қажетті ыдыстар әзірлейді.
Жер қыртысында 70-ке жуық металл кездеееді. Олардын ішіндегі ең көбі - алюминий мен темір (миллиардтаған тонна) Барлық "қоры" бірнеше грамнан аспайтын металдар да бар9 мысалы: астат және франций.
Қазіргі кезде барлық металдар таза күйінде немесе қорытпалар түрінде практикада қолданылады деуге болады. Ең "еңбеккер" металл - темір. Ол болаттың құрамына кіреді (болат дегеніміз - көміртегі мен кейбір мөталдар үстеп қосылған темір болып табылады). Мыс пен алюминий сымдарының бойымен электр тоғы жүреді. Реактивті лайнерлер жеңіл алюминий қанаттар арқылы ұшады. Ғарышқа ұшуға алюминий жарамайды, өйткені ол оңай балқиды. Оның орнына мұнда титан қолданылады. Электр лампыларының жарық беретін жіңішке қылы вольфрамнан және оның қорытпаларынан жасалған. Германий мысалы транзистор қабылдағыштардың бөлшектерін жасау үшін өте қажет.
Жыл сайын дүние жүзінде кептеген атом электр станциялары салынуда. Оларға атом энергиясын беретін уран да металл болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |