1-Сабақ Көптік жалғаулар 6



бет56/74
Дата01.08.2022
өлшемі1,08 Mb.
#147906
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   74
Байланысты:
5 Metodichka dla izychenia kazahckogo iazika

1-тапсырма. Түбір үстеулерді оқып, орысша баламасын сөздіктен тауып, орыс тіліне аударыңыз.

Ең аса ерте қазір ақырын


Нақ кеш енді әбден әшейін
Тым тез әрең зорға былтыр
Дәл әлі әдейі нағыз бағана
Жиі өте әуелі талай ілгері
Әрі бері ылғи үнемі жылдам
Сәл бірге кейін бұрын жоғары


2-тапсырма. Мына үстеулерді екі топқа (түбір, туынды) бөліңіз.

Төмен, кейін, дұрыс. әдейі, қазақша, орысша, меніңше, сеніңше, жылдам, алға. артқа, осында, жақында, күндей, адамша, жазда, қыста, бүгін, ертең, былтыр, тым, аса, қырынан, соншама.




3-тапсырма. Көп нүктенің орнына үстеулердің бірін қойыңыз.

____мен театрға барамын. ______керемет концерт көремін. Концертке досыммен_____барамын. Эстрада әншісі_____ән айтады. Джаз_______ жақсы ойнайды. Театрда кісі ______болады. Біздің орындарымыз______болады. ______көру үшін біз ______жылжимыз. Концерт бізге ұнайды____ тағы да театрға барғым келеді.


Керекті сөздер: бірге, артта, өте, жақсы, енді, көп, онда, кешке, ілгері, ағылшынша.


4-тапсырма. Мына сөздерді көшіріп жазып, үстеулердің астын сызыңыз, қандай үстеу екенін ажыратып, орыс тіліне аударыңыз.
Бүгін таңертең ұшаққа мініп, жоғары көтерілеміз. Ұшақ дереу жоғары, биікке көтеріледі. Жер төменде қалады. Баратын жеріміз ілгері де алыс. Ұшақ екі сағаттан кейін Омбының әуежайына қонады. Біраз уақыттан кейін төмен түсеміз. Төменде қала шамдары көрінеді. Бізді көп адамдар күтіп тұрады. Біз Алматыдан Омбыға шапшаң жетеміз.


5-тапсырма. Мына үстеулерді пайдаланып, сөйлем құраңыз.

Осы жылы, кейін, кеш, әдетте, көктемде, бүрсігүні, кешке, күнде, көп, аз, көп уақыт, бүгін, биыл, әрқашан, кейде, жиі, ылғи, жазда.




6-тапсырма. Мына сөйлемдерді оқып, орыс тіліне аударыңыз.

1.Өңкей жас адамдар отыр екен. 2.Дауысы өте зор. 3.Тым ақырын сөйлейсің. 4.Мен үшін ең жақын адам – шешем. 5.Пісірген тамағың керемет дәмді екен! 6. Аса құрметті ата, сыйлы конағымыз болыңыз. 7.Мына жаттығу тіпті қиын екен. 8.Сәл күте тұрыңыз, мұғалім қазір келеді. 9.Сабаққа ылғи кешігесің! 10.Дәл айтып отыр!






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   74




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет