1-сабақ Сабақтың тақырыбы


оқыту: Білімді қалыптастыру (тың мәліметтер беру, білімді қалыптастыру). тәрбиелік



бет8/10
Дата24.05.2017
өлшемі4,86 Mb.
#16941
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

оқыту: Білімді қалыптастыру (тың мәліметтер беру, білімді қалыптастыру).

тәрбиелік: Адамгершілік тәрбиесін беру ( Қазақстандық патриотизм, ұлттық келісім ұғымдарын дұрыс қабылдау).

дамыту: Танымдық қызығушылықты дамыту.

5. Материалды-техникалық жабдықталуы:

а) техникалық құралдар: компьютер, интерактивті тақта, мультимедиялық құрылғы.

ә) көрнекі және дидактикалық құралдар: өзіндік жұмыстарға арналған кеспелер, тест тапсырмалары, сөзжұмбақтар.

б) оқыту орны: дәріс аудиторясы

6. Әдебиеттер:

1.Мемлекет және құқық теориясы. – Алматы: Баспа, 1998.- 256 б.

2.Сапарғалиев Ғ. Қазақстан мемлекеті мен құқығынының негіздері. – Алматы: Атамұра, 1994.- 160 б.

3.Баққұлов С.Д. Құқық негіздері: Оқулық. – 2-ші басылым. – Алматы, 2004. -248 б.

4.Дулатбеков Н.О. и др. Мемлекет және құқық негіздері / Дулатбеков Н.О., Амандықова С.Қ., Турлаев А.В. – Астана: Фолиант, 2001.- 252 б.

5.Қазақстан Республикасының мемлекеті мен құқығының негіздері: Оқулық / Е. Баянов. - Өзгертулер мен толықтырулар енгізіліп, қайта жөнделіп 2-ші рет басылуы. – Алматы, 2003.- 692 б.

6.Булгакова Д.А. Мемлекет және құқық теориясы: Оқу құралы. – Алматы, 2004.

7.Сапаргалиев Ғ.С., Ибраева А.С. Мемлекет және құқық теориясы. Алматы, 1997ж;

8.Дулатбеков Н., Амандықова С., Турлаев А. Мемлекет және құқық негіздері. Оқулық. Алматы, 2001 ж.

Ұйымдастырылу кезеңі- 5 минут (6%)

а) оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру

ә) оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру

б) сабақтың мақсаты мен міндеті



7. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білім тексеру – 15 минут (16%)

1. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік басқару.

2. ҚР Мемлекеттік басқару органдарының құрылымы.

3. Атқарушы органдар. Мемлекеттік аппараттың түсінігі, нысандары, қызмет түрлері.



8. Жаңа сабақ түсіндіру- 40 минут(44%)

Ақпаратты дидактикалық бөлім: Әкімшілік қүқық бұзушылық ұғымы мен белгілері. Қазақстан Республикасының әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 28 бабына сәйкес әкімшілік жауаптылық көзделген құқыққа қарсы, кінәлі, яғни қасақана немесе абайсыздықта жасалған іс-әрекет немесе әрекетсіздік әкімшілік құқықбұзушылық болып табылады.

Егер құқыкбұзушылық өзінің сипаты бойынша қолданылып жүрген зандарға сәйкес қылмыстық жауаптылыққа әкеліп соқтырмайтын болса, онда ол үшін әкімшілік заң нормаларымен және басқа құқық салаларының нормаларымен тағайындалған әкімшілік жауаптылық пайда болады.

Әкімшілік құқықбұзушылық әкімшілік құқық нормаларымен жауаптылық қарастырылған, белгілі әрекеттерді жасауға тиым салатын, қоғамдық қатынастарға нұқсан келтіретін әрекеттер.

Әкімшілік құқықбұзушылықтың негізгі белгілері:

1.Құқыққа қарсылық, яғни құқық нормаларын бұзатын әрекеттер мен әрекетсіздіктер жасау.

2.Кінәлілік, яғни құқыққа қарсы әрекеттер мен әрекетсіздіктерді қасақана немесе абайсыздықта жасау.

3. Жазаланушылық, яғни белгілі әрекеттер мен әрекетсіздіктер тек заң нормаларында ғана қарастырылған жағдайда әкімшілік құқықбұзушылық деп танылып әкімшілік жауаптылық пайда болады.

4.Кінәсіздік презумпциясы бұл өзіне қатысты әкімшілік құқықбұзушылық туралы іс қозғалған тұлға өз кінәсі әкімшілік

құқықбұзушылық туралы кодексте көзделегн тәртіппен дәлелденбейінше және өз өкілеттігі шегінде істі қараған судяның, мемлекеттік басқару органының немесе оның лауазымды тұлғасының заңды күшіне енген қаулысымен белгіленбейінше, кінәсіз деп есептеледі.

Ешкім өз кінәсіздігін дәлелдеуге міндетті емес және кінәлілікке келтірілген кез-келген күдіктер өзіне қатысты әкімшілік құқықбұзушылық туралы іс қозғалған түлғаның пайдасына түсіндіріледі. Сонымен қатар, әкімшілік құқықбүзушылық туралы зандарды қолдану кезінде туындайтын күдіктер де оның пайдасына шешілуі тиіс.



2. Әкімшілік құқық бұзушылықтың түрлері. Жеке адамның құқықтарына қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылықтар, оларға мыналар жатады:

а) азаматтардың тіл таңдау құқықтарын шектеу;

б) еркін жүріп тұру және тұрғылықты жер таңдауы құқықтарын шектеу;

в) азаматқа ақпарат беруден бас тарту;

г) еңбек туралы заңдарды бұзу;

д) зейнетақымен қамтамасыздандыру туралы заңдарды бұзу;

е) еңбекті қорғау ережелерін бұзу;

ж) ұжымдық шарт, келісім жөніндегі келіссөздерге қатысудан жалтару:

з) ереуілге қатысуға немесе оған қатысудан бас тартуға

мәжбүрлеу.

Мысалы, азаматтардың тіл тандау құқықтарын шектеу, тілге байланысты себептер бойынша кемсіту - лауазымды тұлғаларға айлық есептік көрсеткіштің бестен жиырмаға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

Азаматтардың сайлау құқықтарына қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылықтар:

а) үгітке тиым салынган кезеңде оны жүргізу.

б) Президентке, депутатқа немесе өзге де сайланбалы қызметке кандидат туралы көрінеу жалған мәліметгер тарату;

в) сайлау комиссиясы (референдум комиссиясы) мүшесінің, байқаушының құқықтарын бұзу;

г) азаматтарға басқа адамдар үшін дауыс беруге мүмкіндік жасау мақсатында сайлау бюллетендерін (дауыс беруге арналған бюллетендер) беру, т. б.

Кәмелетке толмағандардың құқықтарына кол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылықтар:

а) ата-аналардың немесе олардың орнындағы адамдардың балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамауы.

Мұндай әкімшілік құқық бұзушылық болған жағдайда ескерту жасалады немесе айлық есептік көрсеткіштің беске дейінгі мөлшерінде айыппұл салынады және де кәмелетке толмағандардың спирттік ішімдіктерді, есірткі құралдарын және психотроптық заттарды ұдайы қолдануына әкеп соққан іс-әрекеттер, сол сияқты олар қылмыс немесе қасақана әкімшілік құқық бұзушылық белгілері бар әрекеттер жасаса, ата-аналарына немесе олардың орнындағы адамдарға айлық есептік көрсеткіштің 10-ға дейінгі мөлшерінде айыппұл салынады. Сондай-ақ, кәмелетке толмағандарға алкоголь, темекі бұйымдарын сату әкімшілік құқық бұзушылық болып табылады. Мұндай әкімшілік құқық бұзушылық болған жағдайда айлық есептік көрсеткіштің 2-ге дейінгі мөлшерінде айыппұл салынады.

Сауда және қаржы саласындағы әкімшілік қүқық бұзушылықтар:

а) Тұтынушыларды елеусіз мөлшерде алдау. Оған: тауардың тұтыну қасиеттеріне немесе сапаларына қатысты кем өлшеу, таразыдан жеу, кем есептеу, алдау жатады және мұндай

әкімшілік құқық бұзушылық жасалса, азаматтар - айлық есептік көрсеткіштің 3-ке дейінгі мөлшерінде, жеке кәсіпкерлер мен лауазымды адамдар 5-тен 20-ға дейінгі мөлшерде айыппұл төлеуге тиіс.

б) қару-жарақ пен оқ-дәрі сату тәртібін бұзу;

в) тауарларды құжаттарсыз сату;

г) банк, валюта заңдарының талаптарын бұзу;

д) клиенттерге, несие (кредит) берушілерге және алушыларға (заемшыларға) банк қызметін көрсетуге байланысты талаптарды бұзу.

Банктердің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың клиенттердің банк шоттарын ашу және жабу тәртібін бұзуы - лауазымды адамға – айлық есептік көрсеткіштің 40-тан 70-ке дейінгі мөлшерінде, заңды тұлаға 500-ге дейінгі мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.

Банктердің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың валюталық бақылау агентінің функцияларын орындамауы немесе тиісті дәрежеде – заңды тұлғаға айлық есептік көрсеткіштің 500-ге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

Клиенттерге, несие (кредит) берушілерге және алушыларға (заемшыларға) банк қызметін көрсетуге байланысты талаптарды бұзу. Банктердің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың төлем, ақша аударымы жөніндегі нұсқауларды, ақшаны қолма-қол алу жөніндегі талаптарды дер кезінде немесе дұрыс орындамауы - талаптар сомасының 5%-не дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың шот иесінің банктегі шотына ақшаны, оның келіп түскен күнін есептемегенде, бір операциялық күннен асырып, дер кезінде немесе дұрыс есептемеуі - заңды түлғаға - әрбір төлем (құжаты үшін айлық есептік көрсеткіштің) немесе ақша аударымы жөніндегі нұсқаудың дер кезінде немесе дұрыс есептемеген сомасының 5 %-на дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

Клиенттердің төлем құжаттарын жоғалтуы - заңды тұлғаға - әрбір төлем құжаты үшін айлық есептік көрсеткіштің 50-ге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. Сондай-ақ несиені (кредитті) заңсыз алу немесе мақсатсыз пайдалану да әкімшілік құқық бұзушылыққа жатады.



3. Әкімшілік жауапкершіліктен босату жағдайлары. Әкімшілік жауапкершілікке мынадай жагдайда тартылмайды:

1. Жеңіл тәртіп бұзушылық деп танылса.

- арнайы орган немесе лауазымды тұлға жеңіл тәртіп бұзушылықтың мән-жайын тексеріп, оның ешбір ауыр залалы болмағанын растаса, оларға ауызша ескертулер айтып қана қояды. Яғни, мұндай жағдай заңды олқылықтар мен ауыртпашылықтарға әкелмейді (ақысыз жол жүру, шу көтеру);

2. Басқа жауапкершілік түрлерімен алмастыру немесе қоғамдық ықпал ету шараларын қолдану.

- сот билігіне немесе ұжымдық талдауға барлық материалдарды беруге болады; (мұндай жағдайлар тәрбиелік маңызды болып, объективтік негізде қалыптасқан жағдайда ғана қолданылады);

- әкімшілік жауапкершілікті басқа жауапкершіліктермен алмастыру әскер қызметкерлері мен әскери борышын өтеушілерге, сот, прокуратура қызметкерлеріне қолданылады;

- жауапкершіліктің мерзімін қысқартуға болады. Мұндай жағдай құрмет көрсетіп, тәртіп пен тәрбиелік танытқан жағдайда жүзеге асады.

Әкімшілік жауапкершілікті жеңілдететін жағдайлар:

1. мойындау;

2. кінәлаушының шын көңілмен өкінуі;

3. жасалған әрекеттерді қалпына келтіру жэне оның қаупін болдырмау;

4. кәмелеттік жасқа толмағандығы;

5. жүкті әйел немесе 1 жасқа дейінгі баласы бар әйелдің жасауы.

Мұның бәрі іс жүзінде дәлелденіп, ресми түрде бекітілуі шарт. Дегенмен, істі зерттеп, талдаған арнайы орган заңда көрсетілмеген басқа жағдайларда да, яғни жауапкершілікті жеңілдетуге негізделген факторларды да анықтауына болады.

Әкімшілік жаупкершілікті ауырлататын жағдайларға:

1. бір рет әкімшілік жауапкершілікке бірнеше олқылықтар үшін жауап беру; бір жылда екі рет қайталанған құқық бұзушылық үшін бір рет жауапқа тартылу;

2. кәмелетке толмаған жасөспірімдерді құқық бұзушылыққа итермелеген не тартқан жағдай болса;

3. құқық бұзушылық топ адамдармен жасалса;

4. күтпеген күрт оқиғалар үстінде жасалған болса;

5. алкаголь ішімдігін қолданып жасалған жағдай болса;

6. ескертулерден ешқандай қорытынды жасамаған тұлғаларға;

7. бұрын қылмыс жасаған адам болса.

Осы себептердің бәрі іс жүзінде дәлелденіп, ресми түрде бекітілуі тиіс, сонда ғана ол заңды болып танылады.

Әкімшілік жауапкершіліктің заңды жауапкершіліктің ішінде алатын орны ерекше. Дегенмен, жауапкершілік болғаннан кейін, заңды жауапкершілік түрлерінің міндеттері ұқсас болып келеді. Салалық ерекшеліктеріне қарай әкімшілік жауапкершілік басқа жауапкершіліктерге карағанда күрделі қадағалауды талап етеді және әрбір әрекеттің белгілі тәсілдерімен шешілуі байқалады. Құрылымдық ерекшеліктері жас мөлшерін, ұлттық қатынастарды қамтиды.



9. Жаңа тақырыпты бекіту-20 минут (22%)

Жаңа материал бойынша негізгі түсініктерге тоқталу:

1. Әкімшілік қүқық бұзушылық ұғымы мен белгілері.

2. Әкімшілік құқық бұзушылықтың құрамы.

3. Әкімшілік құқық бұзушылықтың түрлері

10. Сабақты қорытындылау-5 минут (6%)

а) Оқушыларды бағалау.

ә) Келесі сабақ тақырыбын қысқаша хабарлау

1) Әкімшілік жазаның түрлері.

2) Әкімшілік жаза ұғымы.

11. Үйге тапсырма беру- 5 минут (6%)

Сабақтың тақырыбы: Әкімшілік құқық бұзушылық ұғымы. Әкімшілік жауаптылықтан босату. Тақырып сұрақтары бойынша ақпаратты дидактикалық бөліммен жұмыс істеу. Сабақтың тақырыбы бойынша жаңа енгізілген түсініктерді теориялық сабаққа арналған дәптеріне жазғызу. Оқытушымен бірге жұмыс істеу.

13-САБАҚ

1. Сабақтың тақырыбы: Әкімшілік жазаның түрлері.

2. Сағат саны – 135 минут (100%)

3.Сабақ түрі: теория

4. Сабақтың мақсаты: : Әкімшілік құқық - қоғамдық қатынастардың белгілі бір саласын реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы, құқықтың бір саласы. Атқару билігі мен мемлекеттік басқарудың іске асырылуы барысында, тұлға мен мемлекет, азамат пен атқару билігі органдары, мемлекеттік басқару саласындағы азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, іске асыру, олардың шенеуніктер тарапынан бұзылуынан не шектелуінен, озбырлықтан қорғау барысында пайда болатын қоғамдық қатынастарды реттеу әкімшілік құқықтың мәні.

оқыту: Білімді қалыптастыру (тың мәліметтер беру, білімді қалыптастыру).

тәрбиелік: Адамгершілік тәрбиесін беру ( Қазақстандық патриотизм, ұлттық келісім ұғымдарын дұрыс қабылдау).

дамыту: Танымдық қызығушылықты дамыту.

5. Материалды-техникалық жабдықталуы:

а) техникалық құралдар: компьютер, интерактивті тақта, мультимедиялық құрылғы.

ә) көрнекі және дидактикалық құралдар: өзіндік жұмыстарға арналған кеспелер, тест тапсырмалары, сөзжұмбақтар.

б) оқыту орны: дәріс аудиторясы

6. Әдебиеттер:

1.Мемлекет және құқық теориясы. – Алматы: Баспа, 1998.- 256 б.

2.Сапарғалиев Ғ. Қазақстан мемлекеті мен құқығынының негіздері. – Алматы: Атамұра, 1994.- 160 б.

3.Баққұлов С.Д. Құқық негіздері: Оқулық. – 2-ші басылым. – Алматы, 2004. -248 б.

4.Дулатбеков Н.О. и др. Мемлекет және құқық негіздері / Дулатбеков Н.О., Амандықова С.Қ., Турлаев А.В. – Астана: Фолиант, 2001.- 252 б.

5.Қазақстан Республикасының мемлекеті мен құқығының негіздері: Оқулық / Е. Баянов. - Өзгертулер мен толықтырулар енгізіліп, қайта жөнделіп 2-ші рет басылуы. – Алматы, 2003.- 692 б.

6.Булгакова Д.А. Мемлекет және құқық теориясы: Оқу құралы. – Алматы, 2004.

7.Сапаргалиев Ғ.С., Ибраева А.С. Мемлекет және құқық теориясы. Алматы, 1997ж;

8.Дулатбеков Н., Амандықова С., Турлаев А. Мемлекет және құқық негіздері. Оқулық. Алматы, 2001 ж.

Ұйымдастырылу кезеңі- 7 минут (6%)

а) оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру

ә) оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру

б) сабақтың мақсаты мен міндеті



7. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білім тексеру – 22 минут (16%)

1. Әкімшілік қүқық бұзушылық ұғымы мен белгілері.

2. Әкімшілік құқық бұзушылықтың құрамы.

3. Әкімшілік құқық бұзушылықтың түрлері



8. Жаңа сабақ түсіндіру- 60 минут(44%)

Ақпаратты дидактикалық бөлім: Әкімшілік жаза ұғымы. Әкімшілік құқық пәнінде жаза қолдану ұғымын өкілеттілік берілген мемлекеттік орган немесе өкілеттігі бар лауазымды адамның әкімшілік теріс қылық жасаған адамға заң негізінде қолданатын мемлекеттік ықпал ету шарасы деп түсінуге болады. Әкімшілік құқық нормасы қандай да бір әәекетке әкімшілік-құқықтық тыйым белгілейді жэне сол арқылы ереженің сақталуын қамтамасыз етеді, сонымен қатар бұзылған жағдайда кінәліге жаза қолданылады. Әкімшілік ықпал ету шаралары құқық бұзушыға қатысты әкімшілік құқықтағы жазаны қолдануды көздейді. Олар әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі заңмен, заңға тәуелді актілермен және оның нормаларымен бекітіледі. Демек, әкімшілік жазалардың жеке нормативтік-құқықтық жүйесі бар. Әкімшілік жазалау нормалары жеке әкімшілік құқық, институтын қалыптастырады. Мысалы, қылмыстық жауапкершілікке қолданылатын жазалар - арнайы заңмен; тәртіптік жауапкершілікке қолданылатын жазалар - мемлекеттік қызметшілердің категориялық бөлінісіне сәйкес заңдар мен заңға тәуелді актілермен және Еңбек туралы заңмен; ал материалдық (қаржылық) жауапкершілікке қолданылатын жазалар Еңбек туралы, азаматтық жөніндегі заңдармен, кейбір жағдайда әкімшілік құқық нормаларымен бекітіледі немесе жауапкершілікке тартылады. Әкімшілік жауапкершілік қолданылатын жазаларды жеңілдететін немесе жоятын актілер кері күшке ие, яғни олардың басылымына дейінгі жасалған құқық бұзушылыққа да танылады. Әкімшілік жауапкершілікті қиындататын және бекітетін актілердің кері күші жоқ. Жауапкершілкке қатысушылардың жастық ерекшеліктері де маңызды. Мысалы, 16 жастан 18 жасқа дейінгі құқық бұзушыларға кәмелеттік жасқа дейін қолданылатын шаралар арнайы комиссия мүшелерінің қаулысымен қадағаланады.

Ал әскер қызметкерлері мен әскерде әскери борышын өтеушілерге, ішкі істер органының төменгі және басқарушы әкімшілік құқық бұзушылық үшін тәртіптік жарғы жауапкершілікке тартылады. Бұл азаматтарға қазба байлықтарды, жер және су ресурстарын, атмосфералық ауа мен әсемдік және жануарлар әлемін жол жүру ережелері мен кеден ережелерін, өсімдіктердің карантины жайлы ережелер мен контрабандалық әрекеттерге жол бермеуді қадағалайтын нормаларды орындамаған жағдайда, әкімшілік жауапкершілікке жалпы түрде тартылып әкімішілк жазалау шарасы қолданылады. Аталған азаматтарға әкімшілік қадағалау орындалмайды.

Қазақстан Республикасынын, аумағындағы шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ тұлғаларға Қазақстан Республикасының азаматтарына қолданатын жалпы әкімшілік жауапкершілік пен әкімшілік жазалау шаралары қолданылады. Ал Қазақстан Республикасының аумағында шетел азаматтары жасаған құқық бұзушылыққа әкімшілік жауапкершілік пен жазалау шараларын қолдану дипломатиялық келісімдер арқылы шешіледі.

2. Әкімшілік жазалардың түрлері. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске сәйкес әкімшілік жазалар бірнеше түрлерге бөлінеді, олар:

1) ескерту жасау;

2) айыппұл салу;

3) әкімшілік құқық бұзушылық жасаудың құралы болған заттың өтемін төлеп алу;

4) әкімшілік құқық бұзушылық жасаудың құралы немесе тікелей объектісі болған затты тәркілеу;

5) арнаулы берілген құқықтардан айыру (мысалы, аң аулау құқығынан, көлік құралын жүргізу құқығынан);

6) берілген арнаулы рұқсаттан, біліктілік аттестатынан (куәліктен) айыру, яғни, ол дегеніміз белгілі бір қызмет түріне не белгілі бір әрекет жасауға оның күшін тоқтату, лицензиядан айыру;

7) тұрғызылып қойылған немесе өз бетімен тұрғызылып жатқан құрылысты мәжбүрлеп бұзыптастау;

8) кәсіпксрлік кызметін тоқтата тұру немесе оған мұлдем 1 тыйым салу;

9) әкімшілік қамауға алу;

10) азаматтығы жоқ адамды немесе шетелдікті Қазақстан Республикасының (территориясынан) аумағынан әкімшілік жолмен шығарып жіберу (департациялау).

Кішігірім, елеусіз әкімшілік теріс әрекет жасағандық үшін қолданылатын әкімшілік жауапакершіліктің ең жеңіл түрі ескерту жасау болып табылады. Ескерту жасау бір жағынан тәрбиелік ықпалдық мәжбүрлеу шараларының бірі болып табылады, онда теріс әрекет жасаған адам басқа азаматтарға қоғамдық және мемлекеттік институттарға зиян келтіретін әрекеттерді алдағы уақытта қайталап жасамауы жөнінде ескертеді. Ескерту жасау кінәлі адамға қандай да бір құқықтық салдарлар әкеледі, ол әкімшілік жазаға тартылған болып саналады, сонымен қатар

ескерту жасауды қолдану қайтара жасалған теріс әрекет үшін жазалау мәселесін шешкенде жазаның басқа түрлерімен қоса есепке алынады.

Айыппұл салу белгілі бір әкімшілік-құқықтық нормаларды бұзған кінәлі адамға ақшалай жаза қолдану арқылы мүліктік ықпал ету шарасы болып табылады. Лауазымды адамдарға салынатын әкімшілік айыппұлдың мөлшері құқық бұзушылықтың сипатына қарай өзгеріп отырады, мысалы, әкімшілік құкық бұзушылық туралы кодекс әкімшілік айыппұлдың мөлшерін құқық бұзушылықтың сипатына және құқық бұзушының мәртебесіне қарай белгілеп отырады. Жеке тұлғаға салынатын айыппұлдың мөлшері айлық есептік көрсеткіштің оннан бірінен аз емес, лауазымды .І адамдарға салынатын айыппұл мөлшері бес айлық есептік көрсеткіштен кем емес, ал заңды тұлғаларға екі мың айлық есептік көрсеткіштен кем емес мөлшерде болады. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 48-бабында:

1. ақшалай жаза ретінде;

2. әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексте көзделген шектерде;

3. айлық есептік көрсеткіш санына сәйкес келетін сома түрінде салынады деп қаралады;

4. азаматтарға салынатын айыппұл, әдетте айлық есептік көрсеткіштің жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінен, ал лауазымды адамдарға елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінен аспауға тиіс деп көрсетілген.

Айыппұлды құқық бұзушы өзіне айыппұл салу туралы қаулы тапсырылғаннан кейін 15 күннен кешіктірмей төлейді. Бұл ретте азаматтың, лауазымды адамның шағымдану құқығы

сақталады және егер шағым беріліп қаралғаннан кейін немесе

прокурордың наразылығынан кейін шағым қанағаттандырусыз қалдырылса, онда жоғарыдағы мерзім шағымның қанағаттандырусыз қалдырылғандағы жайында хабар берілген күннен бастап саналады.

Әкімшілік құқық бұзушылық қаруы болған немесе тікелей объектісі болған затты өтемін төлеп алып қою әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 49-бабы бойынша жүзеге асырылатын әкімшілік жазаның бір түрі болып табылады. Осы бап бойынша зат алынып сатылады, ал сатуға байланысты шығын алынып тасталынады, қалған сома заттың бұрынғы иесіне тапсырылады.

Тәркілеу мүліктік сипаттағы әкімшілік жаза ол құқық бұзушылық жасау құралдары немесе оның тікелей объектілері болған заттарды мемлекет меншігіне тегін алу, бұл туралы әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 50-бабында нақтырақ айтылған. Тәркілегенде әкімшілік құқық бұзушылық жасаудың құралы болған немесе тікелей объектісі болып табылатын зат төлемсіз алынады. Құзіретті орган немесе өкілеттілік берілген лауазымды тұлға затты тәркілегенде тәркілеу туралы тиісті қаулы шығарады, ал алынған күні қаулының орындалғаны туралы тиісті қаулы шығарады.

Әкімшілік ықпал етудің қаралып отырған тәртібін анықтай келе заң шығарушы, атылатын қару мен оқ дәрінің тәркіленуі де, өтемі төленіп алынуы да аңшылық күн көрудің негізгі көзі болып табылатын адамға қатысты қолданылмайтындығын әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексте айырықша атап етеді.

Нақты адамға берілген арнаулы құқықтан айыру дегеніміз - осы құқықты пайдалану тәртібін өрескел немесе үнемі бұзғаны үшін оны сол құқықтан айыру болып табылады, бұл туралы әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 51-бабында айтылып өткен. Осы баптың негізінде белгілі бір қызметпен айналысудың немесе белгілі бір түрін орындаудың арнаулы құқығынан айыру мынадай 2 жағдайда ғана пайдаланылады:

1) көлік құралын мас күйінде басқарғанда, жол қозғалысы ережесін басқадай бұзған жағдайда.

2) аң аулау ережесін бұзғанда.

Басқару құқығынан айырумен қатар, күшіндегі заң, көлік құралын басқару құқығының күшін тоқтатудың басқа да негіздемелердін белгілейді:

- жүргізуші куәлігі күшінің белгіленген мерзімінің өтуі;

- жүргізушінің денсаулығының көлік құралын қауіпсіз басқаруға кедергі келтіретіндей дәрігерлік (медициналық) қорытындымен расталып нашарлауы.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстін 48-бабында:

Әкімшілік қамауға алу - әкімшілік жаза қолданудың негізгі түрі. Ерекше жағдайда әкімшілік құқық бұзушылықтың кейбір түрлері үшін 15 тәулікке дейінгі мерзімге, ал төтенше жағдайда жасалған құқық бұзушылық үшін 30 тәулікке дейінгі мерзімде қолданылады. Осы әкімшілік жазаға тартылған адамдар ішкі істер органдары белгілеген жерлерде ұсталады, олар қамаудағы адамдардың басқа санаттарынан бөлек болады.

Әкімшілік ұстау мерзімі әкімшілік қамауға алу мерзіміне кіреді, сол себепті қамауда ұстау мерзімі қысқарады. Қызметтің белгілі бір түріне берілген рұқсаттан лицензиядан айыру азаматтарға, шаруашылық жүргізуші субъектілерге және лауазымды адамдарға арнайы өкілеттік берілген мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың Қазақстан Республикасында белгіленген тәртіпте қолданатын әкімшілік жазасы.

Жеке кәсіпкердің немесс заңды тұлғаның қызметін тоқтата тұру немесе тиым салу әкімшілік шара болып табылады және белгілі бір жағдайларда қолданылады, бұл туралы , әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 53-бабының 1-бөлімінде айтылған. Біріншіден, бұл жаза тек сот арқылы беріледі. Екіншіден, іс сотта өкілетті органның өтініші бойынша қаралады. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі қызметі ерекше жағдайларда және үш күннен аспайтын мерзімге сот шешімінсіз тоқтата тұру немесе оған тиым салу мүмкіндігіне жол береді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет